Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы

Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 382 қаулысы. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 6 қарашадағы № 339 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 6 қарашадағы № 339 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" №148 заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңының 7-бабы, 2-тармағының 17-10-тармақшасына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі №280 бұйрығымен бекітілген, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19123 болып тіркелген) 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" №460 заңының 35-1-бабы, 3-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін;

      2. "Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте төмендегілерді;

      1) осы қаулыға қол қойылғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқасын ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

      2) осы қаулыға қол қойылғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жолдауды;

      3) осы қаулыны ол ресми жарияланғаннан кейін, Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулыға қол қойылғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде оны Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық сүйемелдеу және ТҚК жұмысын ұйымдастыру бөлімдеріне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды Алматы облысы әкімінің орынбасары А. Дәндібаевқа жүктелсін.

      Алматы облысының әкімі М. Сұлтанғазиев
      Облыс әкімдігінің "Қонаев" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамының бірқатар мәселелері туралы 2022 жылғы "___" _________ №____ қаулысына келісім парағы
      Енгізілді:
      Облыстың кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқарма басшысы К. Бақытұлы
      Келісілді:
      Облыс әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашов
      Облыс әкімінің орынбасары А. Дәндібаев
      Облыс әкімінің орынбасары Н. Құдайбергенов
      Облыс әкімінің орынбасары Р. Рақымбеков
      Облыс әкімінің аппарат басшысы Т. Сарсембаев
      Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау
      басқарма басшысы А. Ораз
      Облыстың қаржы басқарма басшысы Б. Ұзақова
      Облыс әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық сүйемелдеу және ТҚК жұмысын ұйымдастыру бөлім басшысы С. Джумашев
      Облыс әкімінің аппараты құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлім басшысы Г. Жорабаева

  "Бекітемін" "Алматы облысы әкімінің аппараты" ММ басшысы _______________ Т. Сарсембаев "____" _________ 2022 жыл

      Облыс әкімдігінің "Қонаев" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамын қоғамының бірқатар мәселелері туралы 2022 жылғы "___" _________ №____ қаулысына тарату парағы

      1. Облыс әкімінің орынбасары А.М.Дәндібаевқа – 1 дана.

      2. Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасына – 1 дана.

      3. Мемлекеттік-құқықтық сүйемелдеу және ТҚК жұмысын ұйымдастыру бөліміне – 1 дана.

      4. "Қонаев" ӘКК" АҚ-на – 1 дана.

      Облыстың кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысы Қ. Бахытұлы

      Жіберілді "____"_____________2022 ж.

      Облыс әкімінің аппараты құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлім басшысы Г. Жорабаева

  Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы "____" ________ № ____ қаулысына қосымша

Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары


1. Жалпы ережелер

      1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі осы қағидалар (әрі қарай – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңының 7-бабы, 2-тармағының 17-10-тармақшасына, Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі №280 бұйрығымен бекітілген, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларының (Қазақстан Республикасының нормативтік актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19123 болып тіркелген) 2-тармағына сәйкес әзірленген және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру тәртібін анықтайды.

      3. Осы Қағидаларда келесі түсініктер пайдаланылады:

      1) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры – Алматы облысының аумағында агро-азық-түлік нарығына реттеуші әсер ету және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылған азық-түлік тауарларының жедел қоры;

      2) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту – азық-түлік тауарларын сақтау мерзімдері өткенге дейін сату немесе азық-түлік тауарларын сақтау мерзімдері өткенге дейін, кейіннен жаңа сақтау мерзімімен немесе келесі жылғы егін түсімінен азық-түлік тауарларының осындай көлемін жеткізумен өнім берушіге қайтару;

      3) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалану – азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан тауарлық интервенциялар жүргізу және азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту мақсатында азық-түлік тауарларын өткізу;

      4) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру – сатып алу интервенциялары, азық-түлік тауарларын азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына орналастыру және сақтау;

      5) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары – тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін, адамның физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыратын азық-түлік тауарлары;

      6) мамандандырылған ұйымдар – тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1279 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаны белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын ұйымдар;

      7) сатып алу интервенциялары – мамандандырылған ұйымдардың Алматы облысының аумағында баға арзандаған, Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмалары аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу жөніндегі іс-шаралар;

      8) тауарлық интервенциялар – баға өскен кезде ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүрігізілетін, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларынан ішкі нарықта азық-түлік тауарларын өткізу жөніндегі іс-шаралар;

      9) шекті сауда үстемесі – ішкі сауда субъектілерінің азық-түлік тауарларын соңғы тұтынушыларға өткізу кезінде бағаны анықтау үшін қалыптастырылатын сауда үстемесі.

      4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктері Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін тиімді және уақытында қолдануды қамтамасыз ету мақсатында, Алматы облысының әкімі Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияны (әрі қарай – Комиссия) құрады және оның құрамын бекітеді.

      6. Комиссия Төрағасы Алматы облысы әкімінің орынбасары болады, Комиссия мүшелері кәсіпкерлік, сауда және ауыл шаруашылығы басқармаларының (бөлімдерінің) қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және қоғамдық ұйымдар бірлестіктерінің өкілдері болып табылады. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүргізеді.

      7. Комиссияның сандық құрамы тақ болуы тиіс және тоғыз адамнан кем болмауы тиіс. Бұл ретте, комиссия мүшелерінің үштен екісі жеке кәсіпкерлік субъектілері мен қоғамдық ұйымдар бірлестіктерінің өкілдері болуы тиіс. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.

      8. Комиссияның құзыретіне төмендегілер кіреді:

      1) Алматы облысының аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шешім қабылдау;

      2) азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі тетіктерді іске асыру мақсатында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізімін және олар бойынша шекті сауда үстемесін анықтау;

      3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына сәйкес, қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін анықтау;

      4) мамандандырылған ұйымның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін анықтау жөніндегі ұсынысын қарастыру. 9. Комиссияны құруды және оның жұмысын ұйымдастыруды Алматы облысының жергілікті атқарушы органы қамтамасыз етеді.

      10.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін Алматы облысының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаны белгілеу жөніндегі шаралардан басқа, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымнан азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарт жасау арқылы қызметтерді сатып алуды жүргізеді.

      10-1. Үш жылдық кезеңге жасалған Азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін, Алматы облысының әкімдігі мамандандырылған ұйыммен тұрақтандыру қорының ауысатын активтері туралы заттай және ақшалай сипаттағы міндеттемелері көрсетілген қосымша келісім жасасады.

      Тұрақтандыру қоры таратылған жағдайда, мамандандырылған ұйым азық-түлік тауарларын сатып алуға пайдаланылған бюджет қаражатының жергілікті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.

      Егер, мамандандырылған ұйымның шешімі бойынша азық-түлік тауарлары сатып алынған бағасынан төмен бағада өткізілген болса, онда сатып алу және өткізу бағасының айырмасын алып тастағандағы сома қайтарылады.

      10-2. Мамандандырылған ұйымның тұрақтандыру қорын пайдалану кезінде туындаған үстеме, коммуналдық және басқа да шығыстары, жыл сайын, азық-түлік тауарларына белгіленген және нарықтық бағалар арасындағы айырма есебінен жабылады.

      11. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті баға белгілеу жөніндегі шаралардан бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың (әрі қарай – мамандандырылған ұйым) тізімі Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіледі.

      12. Алматы облысының әкімдігі ай сайын, айдың 20-на дейін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынады.


2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөніндегі тетіктерді іске асыру тәртібі

      13. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында Алматы облысының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандырудың келесі тетіктерін іске асырады:

      1) тұрақтандыру қорларының қызметі;

      2) кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру.

      13-1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қаржыландыру көзі болып, Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары бөлетін, оның ішінде бұрын азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға бөлінген ақша қаражаттары табылады.

      14. Үлгілік қағидалармен регламенттелмеген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың ерекшеліктері (бөлшектері) Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың осы қағидаларымен анықталады.


3. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қоры қызметінің тәртібі

      15. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларының қызметі өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану тәсілімен жүргізіледі.

      16. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі тетіктерді іске асыру мақсатында, Комиссия сұраныс пен ұсыныстың өңірлік теңгерімінің (өндіріс көлемі және азық-түлік тауарларымен қамсыздандырылу, олардың тауар қозғалысы, қорлардың болуы), егістік алқаптары (жоспарлы), болжамды егін түсімі, өткен күнтізбелік жылы орын алған бағалар туралы мәліметтердің, басқа да мәліметтердің, сондай-ақ шекті сауда үстемесінің негізінде азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімін анықтайды.

      17. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алу үшін қажетті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімін бекіту туралы" №145 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімінен қалыптастырылады.

      18. Мамандандырылған ұйым өткізетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы "Мемлекеттік статистика туралы" заңының 19-бабы, 1-тармағына сәйкес, Статистика жұмыстарының жоспары бойынша Алматы облысының мемлекеттік статистика органдарымен қалыптастырылатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының ресми нарықтық мәнінен 10 немесе одан да көп пайызға төмен ұстауды ескерумен қалыптастырылады.

      19. Комиссия Алматы облысының әкіміне сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізімін және олар бойынша шекті сауда үстемесін бекіту туралы ұсыныстар енгізеді.

      20. Алматы облысының әкімдігі Комиссия ұсынысының негізінде сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізімі мен шекті сауда үстемесін бекітеді.

      21. Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тікелей өндірушілерден, оның ішінде форвардтық шарттар мен офтейк-контрактілер жасау арқылы сатып алынады. Егер өндіруші өнімді тікелей өткізбеген жағдайда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары азық-түлік тауарларын өткізуге маманданған көтерме сауда жеткізушілерінен (дистрибьютерлерден) сатып алынады.

      22. Өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарлары Қазақстан Республикасының "Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" заңының 18 және 19-баптарына сәйкес, оларды сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сай болулары тиіс.

      23. Мамандандылырған ұйым статистикалық мәліметтер мен басқа да көздер негізінде, өңірдің азық-түлік тауарларының ішкі нарығына және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің нарығына (өндіріс көлемі және азық-түлік тауарларымен қамсыздандырылу, олардың тауар қозғалысы, қорлардың болуы, бағасына) тұрақты талдау жүргізеді, өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының көлемін анықтайды және сатып алу интервенциялары туралы шешім қабылдайды.

      23-1. Мамандандырылған ұйымның сатып алу интервенциялары туралы шешімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін тиімді және уақытында қолдануды қамтамасыз ету мақсатында қабылданады.

      24. Өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалану мамандандырылған ұйыммен тауарлық интервенцияларды жүргізу және азық-түлік тауарларын жаңарту арқылы жүргізіледі.

      25. Мамандандырылған ұйым баға деңгейі артқан жағдайда, агро-азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету қажет болған кезде, 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тауарлық интервенция жүргізу туралы шешім қабылдайды.

      26. Мамандандырылған ұйым өңірлік тұрақтандыру қорын уақытында жаңартып тұру мақсатында, тұрақты негізде, өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларының сақтау мерзімдерін қамтамасыз етеді.

      27. Өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту азық-түлік тауарларының сақтау мерзімдері өткенге дейін, өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу немесе азық-түлік тауарларын сақтау мерзімі өткенге дейін, жаңа сақтау мерзімімен немесе келесі жылдың жаңа егін түсімінен осындай азық-түлік көлемін жеткізумен, жеткізушіге қайтару арқылы жүргізіледі.

      28. Өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын тауарлық интервенция, азық-түлік тауарларын жаңарту үшін өткізуді мамандандырылған ұйым өзінің өткізу орындары және (немесе) азық-түлік тауарларын өткізетін сауда объектілері арқылы, сондай-ақ өңдеу кәсіпорындары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өндірісі үшін шекті сауда үстемесі шегінде жүргізеді.

      29. Осы орайда, өңдеу кәсіпорынымен өндірілген дайын азық-түлік тауарының бағасы Алматы облысының әкімімен бекітілген, шекті жол берілетін бөлшек сауда бағасынан аспайды және мамандандырылған ұйымның өңдеу кәсіпорынымен жасалған өткізу туралы шартта көрсетіледі.

      30. Алматы облысының әкімдігі мамандандырылған ұйыммен бірге, бұқаралық ақпарат құралдары, Алматы облысы әкімдігінің және мамандандырылған ұйымның ресми сайттары арқылы халыққа тауарлық интервенцияларды жүргізетін сауда объектілерінің орналасқан жері, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі туралы ақпаратты жеткізу жөніндегі ақпараттық жұмысты жүргізеді.


4. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қоры қызметінің тәртібі

      31. Алматы облысының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында, мамандандырылған ұйымдар арқылы Комиссиямен анықталатын азық-түлік тауарларының тізіміне сәйкес, кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз береді. Қарыз беру қарыз шартын жасау арқылы қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және ақылы негізде жүргізіледі.

      32. Бағаны тұрақтандыру мамандандырылған ұйымның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген төмендетілген бөлшек/көтерме сауда бағаларын белгілеу арқылы қамтамасыз етіледі.

      33. Қарыз беру үшін Комиссия Кәсіпкерлік субъектісін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында белгіленген, кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға (критерилерге) сәйкес анықтайды.

      34. Комиссия кәсіпкерлік субъектісін анықтағаннан кейін мамандандырылған ұйым кәсіпкерлік субъектісіне қарыз береді.

      35. Кәсіпкерлік субъектісі мамандандырылған ұйымға қарызды қайтару жөніндегі міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынады. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету: кепіл, банктік кепілдеме, сақтандыру шарты, үшінші тұлғалардың кепілдемесі/кепілгерлігі түрінде беріледі. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, заңнамамен белгіленген жазбаша нысанда рәсімделеді.

      36. Қарызды беру талаптары мамандандырылған ұйым мен кәсіпкерлік субъектісінің арасында жасалатын қарыз шартымен белгіленеді.

      38. Қарыз мерзімі өткен берешекті қайта қаржыландыруға берілмейді.

      39. Қарыз тек ұлттық валютада ғана беріледі.

Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Алматинской области

Постановление акимата Алматинской области от 2 декабря 2022 года № 382. Утратило силу постановлением акимата Алматинской области от 6 ноября 2024 года № 339

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Алматинской области от 06.11.2024 № 339.

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 17-10 пункта 2 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", пунктом 2 Типовых правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары утвержденных приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 280 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан № 19123), подпунктом 4 пункта 3 статьи 35-1 Закона Республики Казахстан от 06 апреля 2016 года №460 "О правовых актах", акимат Алматинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Правила реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Алматинской области, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Алматинской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение 10 (десяти) календарных дней со дня подписания настоящего постановления направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) в течение 10 (десяти) календарных дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Алматинской области после его официального опубликования;

      4) в течение 10 (десяти) рабочих дней со дня подписания настоящего постановления представление в отдел государственно-правового сопровождения и организации работы АТК аппарата акима Алматинской области.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Алматинской области Дандыбаева А.М.

      Аким Алматинской области М. Султангазиев
      Лист согласования к постановлению акима области "Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары" от "____"________ 2022 года №__________
      Вносит:
      Руководитель управления предпринимательства и индустриально-инновационного развития Алматинской области К. Бахытулы
      Согласовано:
      Заместитель акима области А. Дандыбаев
      Заместитель акима области Н. Кудайбергенов
      Заместитель акима области Р. Ракымбеков
      Руководитель аппарата акима области Т. Сарсембаев
      Руководитель управления экономики и бюджетного планирования области А. Ораз
      Руководитель отдела государственно-правового сопровождения и организации работы АТК аппарата акима области С. Джумашев
      Руководитель отдела документационного обеспечения и контроля аппарата акима области Г. Жорабаева

  "Утверждаю" Руководитель ГУ "Аппарат акима Алматинской области" _______________ Т. Сарсембаев "____" _________ 2022 года

      Лист рассылки к постановлению акимата Алматинской области "Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары"

      от "___" _______2022 года № ____

      1. Заместителю акима области Дандыбаеву А.М. – 1 экз.

      2. Управлению предпринимательства и индустриально-инновационного развития Алматинской области – 1 экз.

      3. Отделу государственно-правового сопровождения и организации работы АТК – 1 экз.

      4. АО "СПК "Қонаев" – 1 экз.

      Руководитель управления предпринимательства и индустриально-инновационного развития области К. Бахытулы

      Разослано: "____" _____________2022 г.

      Руководитель отдела документационного обеспечения и контроля аппарата акима области Г. Жорабаева

  Приложение к постановлению акимата Алматинской области от "____" ________ 2022 года № ____

Правила реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Алматинской области

1. Общие положения

      1. Настоящие правила реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 17-10 пункта 2 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", пунктом 2 Типовых правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары, утверждҰнных приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июля 2019 года №280 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных актов Республики Казахстан за №19123) и определяет порядок реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары.

      3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) региональный стабилизационный фонд продовольственных товаров – оперативный запас продовольственных товаров, созданный для оказания регулирующего воздействия на агропродовольственный рынок и обеспечения продовольственной безопасности на территории Алматинской области;

      2) освежение регионального стабилизационного фонда продовольственных товаров – реализация продовольственных товаров до истечения сроков их хранения или возврат продовольственных товаров до истечения сроков их хранения поставщику с последующей поставкой такого же объема продовольственных товаров с новым сроком хранения или с нового урожая следующего года;

      3) использование регионального стабилизационного фонда продовольственных товаров – реализация продовольственных товаров из регионального стабилизационного фонда продовольственных товаров с целью проведения товарных интервенций и освежения регионального стабилизационного фонда продовольственных товаров;

      4) формирование регионального стабилизационного фонда продовольственных товаров – закупочные интервенции, размещение и хранение продовольственных товаров в региональном стабилизационном фонде продовольственных товаров;

      5) социально значимые продовольственные товары – продовольственные товары, за счет которых удовлетворяются физиологические потребности человека, перечень которых утверждается постановлением Правительства Республики Казахстан;

      6) специализированные организации – организации, реализующие механизмы стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары, за исключением мер по установлению предельных цен на социально значимые продовольственные товары, перечень которых утвержден постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 октября 2012 года №1279;

      7) закупочные интервенции – мероприятия по приобретению специализированными организациями социально значимых продовольственных товаров при снижении цен на территории Алматинской области, введении чрезвычайного положения на территории Республики Казахстан, а также в рамках поручений Президента Республики Казахстан, Правительства Республики Казахстан или Премьер-Министра Республики Казахстан;

      8) товарные интервенции – мероприятия по реализации продовольственных товаров на внутреннем рынке из региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров, осуществляемые в целях стабилизации внутреннего рынка при росте цен;

      9) предельная торговая надбавка – торговая надбавка, формируемая для определения цены при реализации субъектами внутренней торговли продовольственных товаров конечным потребителям.

      4. Механизмы стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары реализуются в соответствии с Правилами реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары.

      5. В целях обеспечения эффективного и своевременного применения механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары аким Алматинской области, образует Комиссию по обеспечению реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары (далее – Комиссия) и утверждает ее состав.

      6. Председателем Комиссии является заместитель акима Алматинской области, членами Комиссии являются сотрудники управлений (отделов) предпринимательства, торговли и сельского хозяйства, а также представители объединений субъектов частного предпринимательства и общественных организаций. Комиссия осуществляет свою деятельность на постоянной основе.

      7. Количественный состав комиссии должен быть нечетным и составлять не менее девяти человек. При этом две трети членов комиссии должны являться представителями объединений субъектов частного предпринимательства и общественных организаций. Секретарь комиссии не является ее членом.

      8. К компетенции Комиссии относятся:

      1) принятие решения о реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары на территории Алматинской области;

      2) определение перечня продовольственных товаров, закупаемых в региональный стабилизационный фонд продовольственных товаров и предельной торговой надбавки по ним в целях реализации механизма по формированию и использованию стабилизационных фондов продовольственных товаров;

      3) определение субъекта предпринимательства для выдачи займа в соответствии с Правилами реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары;

      4) рассмотрение предложений специализированной организации по определению предельной торговой надбавки на социально значимые продовольственные товары.

      9. Образование и организацию работы Комиссии обеспечивает местный исполнительный орган Алматинской области.

      10. Для реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары акиматом Алматинской области осуществляется закуп услуг у специализированных организаций, реализующих механизмы стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары, за исключением мер по установлению предельных цен на социально значимые продовольственные товары, путем заключения договора о реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары.

      10-1. До истечения срока действия договора о реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары на трехлетний период акимат Алматинской области, заключает со специализированной организацией дополнительное соглашение с указанием обязательств о переходящих активах стабилизационного фонда в натуральном и денежном выражении.

      В случае упразднения стабилизационного фонда, специализированная организация обеспечивает возврат бюджетных средств, использованных для закупа продовольственных товаров в местный бюджет.

      Если по решению специализированной организации реализация продовольственных товаров осуществлена по ценам ниже закупочных, то возврат суммы осуществляется за минусом разницы цены закупа и реализации.

      10-2. Накладные, коммунальные и прочие расходы специализированной организации, возникшие при использовании стабилизационного фонда, ежегодно покрываются за счет разницы между фиксированной и рыночной ценами на продовольственные товары.

      11. Перечень специализированных организаций, реализующих механизмы стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары, за исключением мер по установлению предельных цен на социально значимые продовольственные товары (далее – специализированная организация), утверждается Правительством Республики Казахстан.

      12. Акимат Алматинской области ежемесячно до 20 числа месяца представляют в министерства сельского хозяйства и торговли и интеграции Республики Казахстан информацию о ходе реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары.

2. Порядок реализации механизмов по стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары

      13. В целях стабилизации рынка социально значимых продовольственных товаров акиматом Алматинской области реализуются следующие механизмы стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары:

      1) деятельность стабилизационных фондов;

      2) предоставление займа субъектам предпринимательства.

      13-1. Источником финансирования реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары являются денежные средства, выделяемые местными исполнительными органами Алматинской области, в том числе, выделенные ранее на формирование региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров.

      14. Особенности (детали) реализации механизмов стабилизации цен на социально-значимые продовольственные товары, не регламентированные Типовыми правилами, определяются настоящими Правилами реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары.

3. Порядок деятельности стабилизационного фонда продовольственных товаров

      15. Деятельность стабилизационных фондов продовольственных товаров осуществляется путем формирования и использования регионального стабилизационного фондов.

      16. В целях реализации механизма по формированию и использованию стабилизационного фонда продовольственных товаров Комиссия определяет перечень социально значимых продовольственных товаров, закупаемых в региональный стабилизационный фонд продовольственных товаров на основе регионального баланса спроса и предложения (объемы производства и обеспеченность продовольственными товарами, их товародвижение, наличие запасов), сведений о посевных площадях (плановых), прогнозном урожае, сложившихся ценах за прошедший календарный год, иных сведений, а также предельную торговую надбавку.

      17. Перечень социально значимых продовольственных товаров, необходимых для закупа в региональный стабилизационный фонд продовольственных товаров формируется из перечня социально значимых продовольственных товаров, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 марта 2010 года № 145 "Об утверждении перечня социально значимых продовольственных товаров".

      18. Предельная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары, реализуемые специализированной организацией, формируется с учетом удержания цен на 10 или более процентов ниже официальных рыночных значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары, формируемые органами государственной статистики Алматинской области, согласно Плану статистических работ в соответствии с пунктом 1 статьи 19 Закона Республики Казахстан от 19 марта 2010 года "О государственной статистике".

      19. Комиссия вносит акиму Алматинской области рекомендации об утверждении перечня закупаемых продовольственных товаров и предельной торговой надбавки по ним.

      20. Акимат Алматинской области на основании рекомендации Комиссии утверждает перечень закупаемых продовольственных товаров и предельную торговую надбавку.

      21. При формировании регионального стабилизационного фонда приобретение социально значимых продовольственных товаров осуществляется непосредственно у производителей, в том числе путем заключения форвардных договоров и офтейк-контрактов. В случае, если производителем напрямую не осуществляется реализация продукции, приобретение социально значимых продовольственных товаров осуществляется у оптовых поставщиков (дистрибьютеров), специализирующихся на реализации продовольственных товаров.

      22. Продовольственные товары, приобретаемые в региональный стабилизационный фонд, должны соответствовать требованиям к безопасности пищевой продукции при ее хранении, транспортировке и реализации согласно статьям 18 и 19 Закона Республики Казахстан "О безопасности пищевой продукции".

      23. Специализированная организация на основе статистических данных и других источников проводит постоянный анализ внутреннего рынка продовольственных товаров региона и рынков продукции агропромышленного комплекса (объемы производства и обеспеченность продовольственными товарами, их товародвижение, наличие запасов, цен), определяет объемы продовольственных товаров, закупаемых в региональный стабилизационный фонд, и принимает решение о закупочных интервенциях.

      23-1. Решение специализированной организации о закупочных интервенциях принимается в целях обеспечения эффективного и своевременного применения механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары.

      24. Использование регионального стабилизационного фонда осуществляется специализированной организацией путем проведения товарных интервенций и освежения продовольственных товаров.

      25. Специализированная организация принимает решение о проведении товарных интервенций не позднее 2 (двух) рабочих дней в случае повышения уровня цен, при котором необходимо регулирующее воздействие на агропродовольственный рынок.

      26. Специализированная организация в целях своевременного освежения регионального стабилизационного фонда на постоянной основе обеспечивает сроки хранения продовольственных товаров регионального стабилизационного фонда.

      27. Освежение регионального стабилизационного фонда осуществляется до истечения сроков хранения продовольственных товаров, путем реализации продовольственного товара из регионального стабилизационного фонда или возврата продовольственных товаров до истечения сроков их хранения поставщику с последующей поставкой такого же объема продовольственных товаров с новым сроком хранения или с нового урожая следующего года.

      28. Реализация продовольственных товаров регионального стабилизационного фонда для товарных интервенций, освежения продовольственных товаров осуществляется специализированной организацией через собственные точки сбыта и (или) торговые объекты, реализующие продовольственные товары, а также перерабатывающим предприятиям для производства социально значимых продовольственных товаров в пределах предельной торговой надбавки.

      29. При этом цена готового продовольственного товара, произведенного перерабатывающим предприятием, не превышает его предельно допустимой розничной цены, утвержденный акимом Алматинской области, и оговаривается в договоре о реализации, заключенном специализированной организацией с перерабатывающим предприятием.

      30. Акимат Алматинской области, совместно со специализированной организацией проводят информационную работу по доведению информации до населения через средства массовой информации, официальные сайты акимата Алматинской области и специализированной организации о местонахождении торговых объектов, осуществляющих товарные интервенции, а также о порядке предоставления займа субъектам предпринимательства.

4. Порядок деятельности стабилизационного фонда продовольственных товаров

      31. Акимат Алматинской области, в целях стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары через специализированные организации предоставляют займ субъектам предпринимательства в соответствии с перечнем продовольственных товаров, определяемым Комиссией. Предоставление займа осуществляется на условиях возвратности, обеспеченности и платности путем заключения договора займа.

      32. Стабилизация цен обеспечивается путем установления специализированной организацией фиксированных сниженных розничных/оптовых цен на социально значимые продовольственные товары.

      33. Субъект предпринимательства для выдачи займа определяется Комиссией в соответствии с требованиями (критериями) к субъектам предпринимательства, установленными в правилах реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары.

      34. После определения Комиссией субъекта предпринимательства специализированная организация предоставляет займ субъекту предпринимательства.

      35. Субъект предпринимательства предоставляет обеспечение исполнения обязательств по возврату займа специализированной организации. Обеспечение исполнения обязательств предоставляется в виде: залога, банковской гарантии, договора страхования, гарантии/поручительства третьих лиц. Обеспечение исполнения обязательств оформляется в письменной форме, предусмотренной законодательством.

      36. Условия предоставления займа устанавливаются договором займа, заключаемого между специализированной организацией и субъектом предпринимательства.

      38. Займ не предоставляется на рефинансирование просроченной задолженности.

      39. Займ предоставляется только в национальной валюте.