Мемлекеттік статистика туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV Заңы.

      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      ҚР Заңының қолданысқа енгізілу тәртібін 28-баптан қараңыз.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "алғашқы статистикалық" деген сөздер "бастапқы статистикалық" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Осы Заң мемлекеттік статистикалық қызмет процесінде, сондай-ақ әкімшілік деректердің сапасын айқындау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған.

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) алып тасталды – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      1-1) арнайы құрылған комиссия – ұлттық санаққа дайындыққа және оны жүргізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаулық мәселелерді шешу үшін құрылған комиссия;

      1-2) ауыл шаруашылығы санағы – ауыл шаруашылығының құрылымы мен жай-күйі туралы деректерді жинау, өңдеу, ресми статистикалық ақпаратты талдау және тарату процесін қамтитын статистикалық байқау;

      2) әкімшілік дереккөздер - статистикалық қызметті қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық, реттеуіш, іске асыру немесе бақылау функцияларын іске асыру процесінде есепке алу деректерін немесе өзге де деректерді жинауды жүзеге асыратын орталық және жергілікті атқарушы органдар, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және өзге де мемлекеттік органдар;

      3) әкімшілік деректер – бастапқы статистикалық және балама деректерді қоспағанда, әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын жеке немесе заңды тұлға жөніндегі жеке-дара сандық (сандар көмегімен өлшенетін) және (немесе) сапалық (белгілі бір қағидат және (немесе) белгі бойынша құрылған) деректер және шаруашылық бойынша есепке алу деректері;

      3-1) әкімшілік деректерді ұсыну графигі – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға әкімшілік деректерді беретін әкімшілік дереккөздер туралы, әкімшілік деректерді ұсыну кезеңділігі мен мерзімдері туралы мәліметтерді қамтитын құжат;

      3-2) бағаларды тіркеу – тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың, әкімшілік және балама деректердің негізіндегі бағалар мониторингі;

      3-3) балама деректер – бастапқы статистикалық немесе әкімшілік деректер болып табылмайтын деректер;

      3-4) бастапқы статистикалық деректер – статистикалық нысандарда алынған немесе тіркелген деректер;

      4) ведомстволық статистикалық байқау - мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органды қоспағанда, статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес статистикалық жұмыс жүргізуге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін статистикалық байқау;

      4-1) деректер өнімі – балама деректерді өңдеу негізінде қалыптастырылатын өнім;

      4-2) деректерді бақылаушы – әкімшілік деректердің сапасын бағалау үшін әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде тартылатын, мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы маманы;

      4-3) деректердің сапасы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес деректердің пайдалануға жарамдылық дәрежесін көрсететін сипаттама;

      5) жалпымемлекеттік статистикалық байқау - мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жүргізетін статистикалық байқау;

      5-1) интервьюер – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде респонденттер мен үй шаруашылықтарына сауал салуды жүзеге асыратын адам;

      6) мемлекеттік статистика - ресми статистикалық ақпаратты түзу;

      7) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын, әкімшілік деректердің сапасын айқындайтын мемлекеттік орган;

      7-1) алып тасталды - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      8) пайдаланушы - ресми статистикалық ақпаратты алуға өтініш жасайтын және (немесе) оны пайдаланатын тұлға;

      9) ресми статистикалық ақпарат - статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес және ұлттық санақ жүргізу кезінде мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын статистикалық ақпарат;

      10) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигі - пайдаланушыларды статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын статистикалық көрсеткіштер туралы мәліметтермен қамтамасыз ететін құжат;

      11) респондент - статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық байқау объектісі бойынша деректерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға және оның құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері;

      12) респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигі - респонденттердің тобы, статистикалық байқаулардың атаулары, респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кезеңділігі мен мерзімдері және бастапқы статистикалық деректердің жиналуына жауапты мемлекеттік орган туралы мәліметтерді қамтитын құжат;

      13) статистикалық ақпарат - бастапқы статистикалық деректерді және (немесе) әкімшілік және (немесе) балама деректерді өңдеу процесінде алынып, біріктірілген деректер;

      14) статистикалық әдіснама - статистикалық қызметте пайдаланылатын, белгіленген тәртіппен бекітілген ғылыми негізделген амалдардың, тәсілдер мен әдістердің жиынтығы;

      15) статистикалық байқау - статистикалық байқау объектісі бойынша бастапқы статистикалық деректерді ғылыми-ұйымдастырып жинау;

      16) статистикалық байқау объектісі - өздері туралы сандық және (немесе) сапалық сипаттамалар жиналуға тиіс әлеуметтік-экономикалық объект және (немесе) құбылыс не олардың жиынтығы;

      17) статистикалық жұмыстар жоспары – ұлттық санақтарды қоспағанда, бастапқы статистикалық деректерді жинау, әкімшілік және балама деректерді ұсыну мерзімдерін, сондай-ақ ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру мерзімдерін айқындайтын жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу жоспары;

      18) статистикалық қызмет - осы қызметті жоспарлауды, статистикалық әдіснаманы әзірлеуді, статистикалық байқау жүргізуді, бастапқы статистикалық, әкімшілік және балама деректерді өңдеуді, талдауды, қорғау мен сақтауды, статистикалық ақпаратты қалыптастыру мен таратуды қамтитын процесс;

      19) статистикалық нысан - статистикалық құжаттың бастапқы статистикалық деректерді белгіленген тәртіппен алуға немесе тіркеуге арналған қағаз немесе электрондық жеткізгіштегі формуляры {бланк, есептілік нысаны, сұрақтама, сауалнама, санақ парағы және басқа да формулярлар);

      20) алып тасталды – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      21) статистикалық тіркелім - статистикалық байқау объектісі бірліктерінің сандық және (немесе) сапалық сипаттамаларымен қоса жүйеге түсірілген тізбесі;

      21-1) талдамалық ақпарат – бастапқы статистикалық және (немесе) әкімшілік және (немесе) балама деректерді талдау барысында, оның ішінде бастапқы статистикалық және (немесе) әкімшілік және (немесе) балама деректерді өңдеу мен талдаудың инновациялық әдістері негізінде алынған ақпарат;

      21-2) телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі – телефонмен респонденттерге сауал салу арқылы жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе;

      21-3) ұлттық анықтамалық ақпарат – сыныптауыштардың, каталогтардың, анықтамалықтардың, номенклатуралардың және басқа да техникалық-экономикалық ақпараттың жиынтығы;

      22) ұлттық санақ – халық санағын және ауыл шаруашылығы санағын қамтитын, статистикалық жұмыстар жоспарынан тыс Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті орган жүргізетін арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқау;

      23) үй шаруашылығы - бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бірлесіп тұтынатын бір немесе одан да көп жеке тұлғалардан құралған экономикалық субъект;

      23-1) халық санағы – белгілі бір уақыт кезіндегі жағдай бойынша респонденттерді сипаттайтын демографиялық, экономикалық және әлеуметтік деректерді жинау, өңдеу, ресми статистикалық ақпаратты талдау және тарату процесін қамтитын статистикалық байқау;

      24) шаруашылық бойынша есепке алу - үй шаруашылықтары мен шаруа және (немесе) фермер қожалықтары бойынша әкімшілік деректерді қалыптастыру процесі.

      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.11.2018 № 192-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және статистикалық ақпаратты түзу мен тарату процесіне байланысты қатынастарға қолданылады.

      2. Құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргізу саласындағы қатынастар "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңмен реттеледі.

      3. Алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

4-бап. Мемлекеттік статистика органдары

      Мемлекеттік статистика органдарына:

      1) уәкілетті орган;

      2) статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізетін және (немесе) ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыратын мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жатады.

5-бап. Мемлекеттік статистиканың принциптері

      Мемлекеттік статистиканың негізгі принциптері:

      1) мемлекеттік статистиканың жалпы жұрт қабылдаған халықаралық стандарттармен, сыныптамалармен және әдістермен үйлесімді және салыстырмалы болуы;

      2) статистикалық қызметті жүзеге асыру кезіндегі кәсіптік тәуелсіздік және дербестік;

      3) пайдаланушылардың ресми статистикалық ақпаратқа теңдей қол жеткізуін қамтамасыз ету;

      4) бастапқы статистикалық деректердің құпиялылығы және олардың тек қана статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылуы;

      5) сапасын, уақтылығын, шығындарды және респонденттерге жүктемені ескере отырып, ақпарат дереккөздерінің барлық түрлерін пайдалану;

      6) ресми статистикалық ақпараттың дәйектілігі, ғылыми негізділігі, уақтылы берілуі мен жалпыға бірдей қолжетімділігі;

      7) статистикалық ақпараттың, бастапқы статистикалық, әкімшілік және балама деректердің сақталуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясат

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясаты мемлекеттік статистиканы жасауға, жұмыс істетуге, дамытуға және жетілдіруге бағытталған.

      2. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясат мемлекеттік статистиканың принциптеріне негізделеді.

      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға өздерінің осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған құзыреті шегінде қатысады.

      4. Орталық және жергілікті атқарушы органдар өздерінің қызметінде ресми статистикалық ақпаратты дереккөзге сілтеме жасай отырып пайдаланады, қандай да бір әлеуметтік-экономикалық объект немесе құбылыс бойынша ресми статистикалық ақпаратты алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана ол бойынша өзге ақпаратты жинайды және пайдаланады.

7-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мақсат және міндеттер

      1. Мемлекеттік статистиканың мақсаты пайдаланушыларды ресми статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

      2. Мемлекеттік статистика саласындағы мақсатқа қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу арқылы іске асырылады:

      1) статистикалық әдіснаманы қалыптастыру;

      2) мемлекеттік статистика қағидаттарын сақтай отырып, статистикалық қызметті жүзеге асыру;

      3) қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыру;

      4) әкімшілік деректердің сапасын айқындау.

      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-бап. Ұсынылатын деректердің құпиялылық және қорғалу кепілдіктерін қамтамасыз ету

      1. Бастапқы статистикалық деректер құпия болып табылады және осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік статистика органдары тек қана статистикалық ақпаратты түзу мақсатында пайдаланады. Мемлекеттік статистика органдары бастапқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және сақтау кезінде осы деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.

      2. Мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің респондентке қатысты бастапқы статистикалық деректерді пайдалануына, оның ішінде өздері бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырған кезде пайдалануына жол берілмейді.

      3. Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді қалыптастыру жөніндегі қызметіне орталық және жергілікті атқарушы органдардың және өзге де тұлғалардың араласуына жол берілмейді.

      4. Уәкілетті орган қалыптастыратын дерекқордағы мынадай мәліметтер:

      1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы;

      2) экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша экономикалық қызмет түрі;

      3) алып тасталды - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      3-1) экономика секторларының сыныптауышы бойынша коды;

      3-2) меншік нысандары мен түрлерінің сыныптауышы бойынша коды;

      4) бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      5) әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышы бойынша коды;

      6) заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ дара кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлер саны жөніндегі мөлшерлік сыныптауышы бойынша коды;

      7) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жалпыға қолжетімді ақпаратқа жататын респонденттер туралы ақпарат құпия болып табылмайды.

      5. Осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде және осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, респондентті тікелей немесе жанама анықтауға немесе ол туралы бастапқы статистикалық деректерді айқындауға мүмкіндік беретін статистикалық ақпарат және дерекқор құпия болып табылады және ол респонденттің келісімі болғанда ғана таратылуы мүмкін.

      Сыртқы сауда қызметі және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның сұратуы бойынша мәліметтер Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары және сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін тергеп-тексеру мақсаттары үшін ұсынылады.

      Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның сұратуы бойынша мәліметтер Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеуді қолдану мақсаттары үшін ұсынылады.

      Осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген, ұсынылған мәліметтерді сыртқы сауда қызметі және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары және сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің, шет мемлекеттердің, шет мемлекеттер одағының құзыретті органдарына беруі мүмкін.

      6. Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, сәйкестендірілмеген түрінде ұсынуға және пайдалануға жол беріледі.

      6-1. Осы баптың 4-тармағына сәйкес құпия болып табылмайтын мәліметтерді ұсынуға жол беріледі.

      7. Мемлекеттік құпияларды қамтитын статистикалық ақпаратты беру тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 08.06.2015 № 317-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы халықаралық ынтымақтастық

      Ескерту. 9-бап алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК СТАТИСТИКА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

10-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік статистика саласындағы құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік статистика саласында:

      1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

      2) ұлттық санақ жүргізу туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

12-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган:

      1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін үйлестіреді;

      2) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;

      2-1) ұлттық санақ жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;

      2-2) ұлттық санақтар жүргізудің тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;

      3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      4) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      5) ғылыми әдістер мен көзқарастар, оның ішінде статистикалық әдістер негізінде жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснаманы бекітеді;

      6) статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды, оның ішінде бағаларды тіркеуді ұйымдастырады және жүргізеді;

      6-1) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      6-2) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      7) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      8) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      8-1) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлер санын және олар көрсететін қызметтердің құнын есептеуді бекітеді;

      8-2) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      9) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      9-1) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      10) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      11) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      12) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      13) алып тасталды - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      14) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      15) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      15-1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен байланыс операторларынан респонденттер жөнінде байланыс деректерін алады;

      15-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардан уәкілетті орган қалыптастыратын ресми статистикалық ақпаратты жүргізу үшін қажетті бастапқы статистикалық және әкімшілік деректерді өтеусіз негізде алады;

      15-3) сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен сыртқы сектор статистикасын қалыптастыру мақсатында иесіздендірілген түрде жиналатын бастапқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алады;

      15-4) әкімшілік дереккөздерге жатпайтын балама деректердің меншік иелерімен немесе иеленушілерімен балама деректерді ұсыну туралы келісімдер жасасады;

      16) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен үй шаруашылықтарынан өздерінің кірістері мен шығыстары туралы қажетті бастапқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алады;

      17) статистикалық ақпаратты түзу кезінде бастапқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін респонденттерден қосымша ақпарат талап етеді;

      18) респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді бұрмалаулары анықталған кезде респонденттерден бастапқы статистикалық деректерді қамтитын статистикалық нысандарға түзетулер енгізуді талап етеді;

      18-1) статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарайды;

      19) әкімшілік деректерді, балама деректерді ресми статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді жаңарту үшін пайдаланады;

      19-1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес салықтық әкімшілендіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыру үшін әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректерді мемлекеттік кіріс органдарына ұсынады;

      19-2) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан, ұйымдардан мемлекеттік тапсырыстар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру кезінде қалыптастырылған деректерді, оның ішінде статистикалық қызметті жүзеге асыру кезінде Жерді қашықтан зондтау деректерін өтеусіз негізде алады және пайдаланады;

      20) алып тасталды – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      21) республиканың және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқор жинақтауды, жүргізуді және оны жаңартуды қамтамасыз етеді;

      22) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      23) мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің статистикалық қызметінің мемлекеттік органдардың статистикалық ақпарат жүргізу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесінде бекітілген талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізеді, сондай-ақ талдау жүргізу үшін қажетті құжаттарды (ақпаратты) сұратады;

      23-1) ұлттық анықтамалық ақпараттың құрылымын, мазмұнын және олардың өзгерістерін келіседі;

      23-2) ұлттық тіркелімдерді қалыптастыруды және өзгертуді келіседі;

      24) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      24-1) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      25) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      26) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2018 № 192-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 167-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-1-бап. Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау

      1. Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау осы бапқа сәйкес қашықтан бақылау, мерзімдік және жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады.

      2. Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау:

      1) әкімшілік деректердің анық еместігін;

      2) әкімшілік деректердің ұсынылмағанын;

      3) әкімшілік деректерді жинауға арналған, келісілмеген нысандарды;

      4) көрсеткіштерді есептеудің келісілмеген әдістемелерін;

      5) деректер сапасының деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуін;

      6) ұлттық анықтамалық ақпараттың келісілмеген элементтерін анықтау мақсатында жүргізіледі.

      3. Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды:

      1) орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бойынша – уәкілетті органның ведомствосы;

      2) жергілікті мемлекеттік органдар, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелері, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері бойынша – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

      4. Қашықтан бақылау уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері ресми дереккөздерден алған әкімшілік деректерді мониторингтеу, талдау, сапасын бағалау және салыстыру арқылы әкімшілік дереккөзге бармай тұрақты негізде жүргізіледі.

      5. Әкімшілік дереккөздің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған кезде қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды ресімделеді және бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі, онда мыналар көрсетіледі:

      1) қорытындының жасалған күні, нөмірі мен орны;

      2) мемлекеттік органның атауы;

      3) қашықтан бақылау жүргізуге уәкілеттік берілген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы;

      4) деректерді бақылаушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қашықтан бақылау жүргізуге тартылған мамандары, консультанттары, сарапшылары туралы мәліметтер;

      5) әкімшілік дереккөздің атауы, оның тұрған жері;

      6) тексерілетін кезең;

      7) анықталған бұзушылықтар және орындау мерзімі көрсетіле отырып, оларды жою туралы талаптар;

      8) қашықтан бақылау жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы.

      Қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды ол электрондық құжат айналымы бойынша немесе ресми дереккөздерден (әкімшілік дереккөздің интернет-ресурсы) алынған электрондық мекенжай бойынша не алынғанын тіркеп-белгілеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберілген жағдайларда тиісінше жеткізілді деп есептеледі.

      6. Әкімшілік дереккөз қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыны оны алған күннен кейінгі күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды міндетті түрде ұсына отырып орындайды.

      7. Осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды белгіленген мерзімде орындалмаған кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік іс жүргізу қозғалады.

      Осы баптың 2-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыны белгіленген мерзімде орындамау, сондай-ақ осы бапқа сәйкес жүргізілген алдыңғы тексерулердің теріс нәтижелері әкімшілік дереккөзді мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарына енгізуге негіз болып табылады.

      8. Мерзімдік тексеру уәкілетті орган ведомствосының бірінші басшысы тексеру жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 маусымына дейін бекітетін және тексеру жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей және ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 маусымына дейін оның интернет-ресурсында орналастырылатын мерзімдік тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарлары негізінде әкімшілік дереккөзге бару арқылы жүргізіледі.

      Мерзімдік тексеруді жүргізудің жартыжылдық жоспарларында мыналар қамтылады:

      1) жоспардың бекітілген күні мен нөмірі;

      2) мемлекеттік органның атауы;

      3) әкімшілік дереккөздің атауы;

      4) әкімшілік дереккөздің тұрған жері;

      5) тексерудің нысанасы;

      6) тексеру жүргізу мерзімдері;

      7) жартыжылдық жоспарға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.

      Мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу әкімшілік дереккөз таратылған, қайта ұйымдастырылған, атауы өзгерген, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер және аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, сондай-ақ радиациялық авариялар және олармен байланысты шектеулер туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда жүзеге асырылады.

      Мерзімдік тексерулер жүргізудің өзгертілген жартыжылдық жоспарлары өзгерістер туралы белгі қойыла отырып, уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында орналастырылады.

      9. Жоспардан тыс тексеру:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын бұзудың нақты фактілері бойынша прокурордың талаптары, құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан келіп түскен материалдар;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын бұзудың нақты фактілері бойынша жеке немесе заңды тұлғалардың хабарлары немесе өтініштері;

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын бұзудың нақты фактілері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар;

      4) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмалары негізінде әкімшілік дереккөзге бару арқылы жүргізіледі.

      Анонимдік жолданымдар болған жағдайда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді.

      10. Уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері әкімшілік дереккөзді мерзімдік тексеру жүргізудің басталатыны туралы ол басталғанға дейін кемінде үш тәулік бұрын, жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталатыны туралы ол басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, электрондық құжат айналымы немесе ресми дереккөздерден (әкімшілік дереккөздің интернет-ресурсы) алынған электрондық мекенжай бойынша не алынғанын тіркеп-белгілеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып хабардар етуге міндетті.

      11. Уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің әкімшілік дереккөзге тексеруге келген лауазымды адамдары тексеруді тағайындау туралы актіні, қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын көрсетуге міндетті.

      12. Әкімшілік дереккөзге тексерудің тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеру мерзімінің басталуы деп есептеледі, онда мыналар көрсетіледі:

      1) актінің күні мен нөмірі;

      2) мемлекеттік органның атауы;

      3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

      4) деректерді бақылаушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары, сарапшылары туралы мәліметтер;

      5) әкімшілік дереккөздің атауы, оның тұрған жері;

      6) тағайындалған тексерудің нысанасы;

      7) тексерудің түрі;

      8) тексеру жүргізу мерзімі;

      9) тексеру жүргізу негіздері;

      10) тексерілетін кезең;

      11) осы бапта көзделген әкімшілік дереккөздің құқықтары мен міндеттері;

      12) актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы;

      13) әкімшілік дереккөз басшысының немесе басшының міндетін атқарушы адамның актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы.

      Тексерулерді тағайындау, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және ұзарту туралы актілерге уәкілетті орган ведомствосының басшылығы немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің бірінші басшысы қол қояды және танысу үшін әкімшілік дереккөздің басшысына немесе басшының міндетін атқарушы адамға табыс етіледі.

      13. Тексеру мерзімінің өту барысы табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың қолданылуы, төтенше жағдай режимінің енгізілуі, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуының, уланулардың, сондай-ақ радиациялық авариялардың және оларға байланысты шектеулердің туындауының немесе олардың туындау қатерінің мерзіміне, сондай-ақ тексерулер жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік іс жүргізулер мен рәсімдер жүзеге асырылған жағдайларда тоқтатыла тұрады.

      Тексеру мерзімінің өту барысы табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың қолданылуы, төтенше жағдай режимінің енгізілуі, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуының, уланулардың, сондай-ақ радиациялық авариялардың және оларға байланысты шектеулердің туындауы немесе олардың туындау қатері тоқтатылған, сондай-ақ тексерулер жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік іс жүргізулер мен рәсімдер тоқтатылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қайта басталады.

      Тексеру мерзімінің өту барысы әкімшілік дереккөз таратылған жағдайларда тоқтатылады.

      Тексеру жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартыла отырып, отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс. Тексерулер жүргізу мерзімі тек бір рет ұзартылуы мүмкін.

      Тексерулерді жүргізу мерзімдерін ұзарту әкімшілік дереккөзді хабардар ете отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің күні мен нөмірі және ұзарту себептері көрсетіледі. Уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы тексеру мерзімін ұзарту туралы хабарламаны әкімшілік дереккөзге табыс етілгені туралы хабарламамен ұзартуға дейін бір жұмыс күні бұрын табыс етеді.

      14. Тексерулердің нәтижелері бойынша уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы тексеру нәтижелері туралы қорытынды жасайды, онда мыналар көрсетіледі:

      1) қорытындының жасалған күні, нөмірі мен орны;

      2) мемлекеттік органның атауы;

      3) тексеруді тағайындау туралы актінің (болған жағдайда мерзімді ұзарту туралы қосымша актінің) күні мен нөмірі;

      4) тексеру жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер олар жеке басты куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) және лауазымдары;

      5) деректерді бақылаушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының тексеру жүргізуге тартылған мамандары, консультанттары, сарапшылары туралы мәліметтер;

      6) әкімшілік дереккөздің атауы, оның тұрған жері;

      7) тексерудің түрі;

      8) тексеру жүргізу мерзімі мен кезеңі;

      9) тексерудің нысанасы;

      10) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;

      11) талаптарды орындау мерзімі көрсетіле отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар;

      12) тексеру жүргізген лауазымды адамдардың қолтаңбалары;

      13) әкімшілік дереккөз басшысының немесе басшының міндетін атқарушы адамның, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың қорытындымен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тарту туралы жазба.

      Тексеру нәтижелері туралы қорытындының бірінші данасы электрондық нысанда өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға тапсырылады, екінші данасы танысу үшін қағаз жеткізгіште қол қойғызып, әкімшілік дереккөз басшысына немесе басшының міндетін атқарушы адамға табыс етіледі, үшінші данасы уәкілетті органның ведомствосында немесе оның аумақтық бөлімшесінде қалады.

      15. Әкімшілік дереккөзге тексеру нәтижелері туралы қорытынды табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.

      16. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды әкімшілік дереккөз қорытынды жасаған уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды міндетті түрде ұсына отырып, тексеру аяқталған күннен кейінгі күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жояды.

      Тексеру жүргізу кезінде бұзушылықтар болмаған жағдайда тексеру нәтижелері туралы қорытындыда тиісті жазба жүргізіледі.

      17. Тексеру немесе қашықтан бақылау нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда әкімшілік дереккөз оларды жазбаша түрде жазады және тексеру аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қорытынды жасаған уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне электрондық құжат айналымы арқылы жібереді.

      Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі әкімшілік дереккөздің қорытындыға ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын олар келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды және уәжді жауап береді.

      18. Қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда, сондай-ақ тексеру нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар әкімшілік дереккөздің орындауы үшін міндетті болып табылады.

      19. Тексеру нәтижелері туралы қорытынды орындалмаған кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік іс жүргізу қозғалады.

      20. Уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде:

      1) рұқсаттамалық және объектішілік режимнің белгіленген талаптарын сақтай отырып, әкімшілік дереккөздің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;

      2) тексеру нәтижелеріне қоса тіркеу үшін әкімшілік деректерді, сондай-ақ қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін алуға және қажет болған кезде оларды қашықтан бақылау жүргізуде пайдалануға;

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тексерудің нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті алуға;

      4) деректерді бақылаушыларды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының өзге де мамандарын, консультанттарын, сарапшыларын тартуға;

      5) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;

      6) осы бапта көзделген әкімшілік дереккөздің міндеттемелерін орындаудан бас тарту фактілерін бейнетүсірілімге тіркеп-белгілеуге құқығы бар.

      21. Уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, әкімшілік дереккөздердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;

      2) осы бапта белгіленген тәртіп негізінде және оған қатаң сәйкестікте қашықтан бақылау мен тексерулер жүргізуге;

      3) тексерулер жүргізу кезеңінде әкімшілік дереккөздің белгіленген жұмыс режиміне кедергі жасамауға;

      4) тексерулер жүргізу кезінде әкімшілік дереккөз басшысының немесе басшысы міндетін атқарушы адамның қатысуына кедергі жасамауға, тексерулер нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

      5) әкімшілік дереккөзге тексерудің нысанасына жататын қажетті ақпаратты беруге;

      6) әкімшілік дереккөзге тексеру нәтижелері туралы қорытындыны немесе қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыны табыс етуге;

      7) қашықтан бақылау және тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етуге;

      8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға міндетті.

      22. Әкімшілік дереккөздер өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау жүргізілген кезде:

      1) егер әкімшілік деректер, сондай-ақ құжаттар мен мәліметтер жүргізілетін қашықтан бақылау және тексерулер нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;

      2) қашықтан бақылау және тексерулер нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақытша және (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы негізделген өтінішпен бес жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне жүгінуге;

      3) қашықтан бақылау және тексеру нәтижелеріне, сондай-ақ уәкілетті орган ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;

      4) тексерулердің жүзеге асырылу процесін, сондай-ақ лауазымды адамның тексерулер шеңберінде жүргізіп жатқан жекелеген әрекеттерін аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен оның қызметіне кедергі жасамай тіркеп-белгілеуге құқылы.

      23. Әкімшілік дереккөздер өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау жүргізілген кезде:

      1) уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының әкімшілік дереккөздің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

      2) мемлекеттік бақылау нәтижелеріне қоса тіркеу үшін әкімшілік деректерді, сондай-ақ қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарына ұсынуға;

      3) қорғау не Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, тексерудің нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті беруге;

      4) тексеруді тағайындау туралы актіге, тексеру нәтижелері туралы қорытындыға белгі жасауға;

      5) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, тексерулер жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;

      6) тексеру жүргізудің басталуы туралы хабарламада көрсетілген тағайындалған тексеру мерзімдерінде әкімшілік дереккөз тұрған жерде болуға міндетті.

      Ескерту. 2-тарау 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-2-бап. Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау

      1. Тиісті мемлекеттік статистика органдары осы Заңға сәйкес респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге бармай жүзеге асырады.

      2. Респонденттерге бармай мемлекеттік бақылау респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген мерзімдерде ұсынбауын, сондай-ақ олардың анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсынуын анықтау түрінде жүзеге асырылады.

      3. Респондентке бармай мемлекеттік бақылау:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес респонденттер ұсынатын статистикалық нысандарды;

      2) бастапқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін ресми статистикалық ақпаратты түзу кезінде өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің сұрау салуы бойынша алынған ақпаратты талдау арқылы статистикалық нысанда белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.

      4. Респонденттердің анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсынғаны анықталған кезде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік статистика органдары статистикалық нысанды қайта ұсыну не ұсынылған бастапқы статистикалық деректердің анықтығын растайтын қосымша ақпаратты бір жұмыс күні ішінде беру арқылы бастапқы статистикалық деректерді қамтитын статистикалық нысандарға түзетулер енгізу қажеттілігі туралы бұрын ұсынылған статистикалық нысандарда көрсетілген байланыс деректері (ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжай) бойынша респондентке хабарлайды.

      Респонденттердің анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсынғанын көрсететін жеткілікті негіз болған кезде мемлекеттік статистика органдары Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғайды.

      5. Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген мерзімдерде ұсынбағаны анықталған кезде мемлекеттік статистика органдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғайды және респондент бұрын ұсынылған статистикалық нысандарда көрсеткен байланыс деректері бойынша немесе ресми дереккөздерден алынған байланыс деректеріне (ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжай) хабар жіберу жолымен респонденттен бастапқы статистикалық деректер бар тиісті статистикалық нысандарды ұсынуды талап етеді.

      Ескерту. 2-тарау 12-2-баппен толықтырылды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-бап. Мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті

      Осы Заңның 4-бабының 2) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік статистика органдары:

      1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен статистикалық әдіснаманы әзірлейді, қалыптастырады және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

      2-1) ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

      3) статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес ведомстволық

      статистикалық байқауларды жүргізеді және ресми статистикалық

      ақпаратты қалыптастырады;

      4) статистикалық ақпаратты түзу кезінде бұрмалаушылықтар, қателер, ағаттықтар анықталған жағдайда бастапқы статистикалық деректердің дәйектілігін растау үшін респонденттерден қосымша ақпарат талап етеді;

      5) ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу кезінде респонденттерден бастапқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алады;

      5-1) статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда статистикалық мақсаттар үшін және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратты уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қайта қарайды;

      5-2) үшінші тұлғаларға бермей статистикалық мақсаттарда ғана пайдалану үшін уәкілетті органнан иесіздендірілген бастапқы статистикалық деректерді сұрау салу негізінде алады;

      6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.11.2018 № 192-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-бап. Уәкілетті орган

      Ескерту. 14-бап алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

15-бап. Уәкілетті органның тәуелсіздігін қамтамасыз ету

      Ескерту. 15-бап алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

16-бап. Әкімшілік дереккөздердің құқықтары мен міндеттері

      1. Әкімшілік дереккөздердің осы Заңның 26-бабына сәйкес ресми статистикалық ақпаратты алуға құқығы бар.

      2. Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге, уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыруға және шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігін қамтамасыз етуге міндетті.

      3. Әкімшілік дереккөздер:

      1) ұлттық анықтамалық ақпаратты қолдануға;

      2) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды уәкілетті органмен келісу бойынша бекітуге;

      2-1) уәкілетті органмен келісу бойынша ғылыми әдістер мен тәсілдер негізінде көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін бекітуге және оларды өздерінің интернет-ресурстарында жариялауға;

      2-2) әдістеме өзгерген жағдайда әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын, жарияланған статистикалық ақпаратты қайта қарауға және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде өзгерістер тарихын жариялауға;

      3) әкімшілік деректерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде өтеусіз негізде уәкілетті органға ұсынуға;

      4) деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес әкімшілік деректердің сапасын қамтамасыз етуге міндетті.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органға банктік құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, әкімшілік деректерді ұсынады.

      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2018 № 192-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

17-бап. Респонденттердің құқықтары мен міндеттері

      1. Респонденттердің:

      1) ресми статистикалық ақпаратты алуға;

      2) мемлекеттік статистика органдарынан бастапқы статистикалық деректердің құпиялылығын сақтауды талап етуге;

      3) уәкілетті органнан статистикалық нысандарды толтыру тәртібі жөнінде түсініктер алуға;

      3-1) бастапқы статистикалық деректерді мынадай тәсілдердің бірімен:

      Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен электрондық түрде;

      қағаз жеткізгіште;

      телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі арқылы;

      интервьюер жеке сауал салуды жүргізген кезде ұсынуға;

      4) бастапқы статистикалық деректерді электрондық түрде ұсыну үшін қажетті статистикалық нысанды және (немесе) бағдарламалық қамтылымды өтеусіз негізде алуға;

      5) уәкілетті орган көрсететін мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға;

      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға құқығы бар.

      2. Респонденттер:

      1) статистикалық байқаулар жүргізу кезінде респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кестесіне және статистикалық әдіснамаға сәйкес уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бекітілген статистикалық нысандар бойынша анық бастапқы статистикалық деректерді ұсынуға;

      1-1) статистикалық нысандарды ұсыну мерзімінің соңғы күні ақпараттық жүйеде респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсынбауына алып келген техникалық ақаулардың туындағанын растау болған кезде респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімін ұзарту және мерзімді ауыстыру туралы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған хабарлама негізінде техникалық ақаулар жойылғаннан кейін келесі жұмыс күні статистикалық нысандарды ұсынуға;

      2) мемлекеттік статистика органдарының осы Заңда көзделген талаптарын орындауға міндетті.

      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.11.2018 № 192-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-бап. Пайдаланушылардың құқықтары

      Пайдаланушылардың:

      1) ресми статистикалық ақпаратқа бір мезгілде және теңдей қол жеткізуге;

      2) ресми статистикалық ақпаратты дереккөзге сілтеме жасай отырып жеке мақсатта пайдалануға құқығы бар.

      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-тарау. СТАТИСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

19-бап. Статистикалық қызметті жоспарлау

      1. Статистикалық қызмет уәкілетті орган бекіткен статистикалық жұмыстар жоспары негізінде жүзеге асырылады.

      2. Уәкілетті орган статистикалық жұмыс жоспарын орындау үшін респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигін, әкімшілік деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін бекітеді.

      3. Уәкілетті орган статистикалық жұмыс жоспарын, респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигін, әкімшілік деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсыныстарын ескере отырып, сондай-ақ статистикалық қызметті талдау қорытындысы негізінде күнтізбелік үш жылға арнап қалыптастырады. Мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз ұсыныстарын статистикалық жұмыстар жоспарына жылына бір реттен аспайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып, ол бекітілетін жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде уәкілетті органға ұсынады.

      4. Уәкілетті орган статистикалық жұмыс жоспары бекітілетін жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде статистикалық жұмыстар жоспарын, респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигін, әкімшілік деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.11.2018 № 192-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

20-бап. Статистикалық байқау

      1. Мемлекеттік статистика органдары статистикалық байқауларды статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық нысандар бойынша жүргізеді.

      2. Статистикалық байқауларды жүргізу кезінде оған орталық және жергілікті атқарушы органдар мен олардың лауазымды адамдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, олардың бірлестіктерінің араласуына жол берілмейді.

21-бап. Ұлттық санақтар

      1. Ұлттық санақтарды жүргізу қажеттігін уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      2. Уәкілетті орган ұлттық санақтарды статистикалық жұмыс жоспарынан тыс жүргізеді.

      3. Ұлттық санақтар жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді уәкілетті органға да, арнайы құрылған комиссияға да жүктеуі мүмкін

      4. Ұлттық санақтар барысында алынған мәліметтер бастапқы статистикалық деректерге жатады және олар жеке немесе заңды тұлғаға мүліктік және моральдық зиян келтіру, олардың құқықтары мен бостандықтарының іске асырылуын қиындату мақсатында пайдаланылмауға тиіс.

      5. Ұлттық санақтар жүргізу кезінде респонденттер бастапқы статистикалық деректерді міндетті түрде өтеусіз негізде ұсынады.

22-бап. Статистикалық әдіснама

      Ескерту. 22-бап алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

23-бап. Ұлттық анықтамалық ақпарат және статистикалық тіркелімдер

      Ескерту. 23-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін пайдалану кезінде ұлттық анықтамалық ақпарат қолданылады.

      Ұлттық анықтамалық ақпарат элементтерін уәкілетті мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен әзірлейді және бекітеді.

      2. Статистикалық ақпаратты қалыптастыру үшін уәкілетті орган мынадай статистикалық тіркелімдерді:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, олардың оқшауланған бөлімшелері туралы ақпаратты қамтитын статистикалық бизнес-тіркелімді;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ одан тыс жерлерде уақытша жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы ақпаратты қамтитын халықтың статистикалық тіркелімін;

      3) Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін субъектілер жөнінде ақпаратты қамтитын ауыл шаруашылығы статистикалық тіркелімін;

      4) Қазақстан Республикасының барлық меншік нысанындағы тұрғын үйлері туралы ақпаратты қамтитын тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жүргізуді жүзеге асырады.

      3. Статистикалық тіркелімдер тек қана статистикалық мақсаттарда жүргізіледі және оларды статистикалық байқау объектілерінің тіркелімдерде қамтылған қасиеттерін және (немесе) сандық сипаттамаларын ресми растау үшін пайдалануға болмайды.

      4. Алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      5. Алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      6. Алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      7. Алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8. Статистикалық тіркелімдердің деректеріне жаңартып отыру бастапқы статистикалық және (немесе) әкімшілік деректер және (немесе) балама деректер негізінде жүргізіледі.

      Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

23-1-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия

      1. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополияға мынадай қызмет түрлері:

      1) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері мен респонденттер ұсынған, жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтар кезінде алынған бастапқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу, сондай-ақ алынған әкімшілік деректерді және (немесе) балама деректерді өңдеу және ресми статистикалық және талдамалық ақпаратты қалыптастыру кезінде электрондық түрде өңдеу кезеңінде оларды сақтау;

      2) ақпараттық-статистикалық жүйелерді, дерекқорларды және олардың тұғырнамаларын, статистикалық тіркелімдерді, уәкілетті органның интернет-ресурстарын қалыптастыру, қолдап отыру және жаңартып отыру;

      3) статистикалық жарияланымдарды қалыптастыру және статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес уәкілетті органның таратуына жататын ресми статистикалық ақпаратты, сондай-ақ ұлттық санақ қорытындылары туралы ақпаратты тарату;

      4) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық және талдамалық ақпаратты қалыптастыру жатады.

      2. Осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.

      3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.

      Ескерту. 3-тарау 23-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.11.2018 № 192-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

24-бап. Статистикалық ақпаратты қалыптастыру дереккөздері

      Статистикалық ақпаратты қалыптастыру кезінде:

      1) бастапқы статистикалық деректер;

      2) әкімшілік деректер;

      3) мемлекеттік органдардың статистикалық ақпараты;

      4) басқа мемлекеттердің статистика органдары мен халықаралық ұйымдардың статистикалық ақпараты;

      5) балама деректер дереккөз ретінде қызмет етеді.

      Статистикалық ақпаратты қалыптастыру статистикалық әдіснамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      Балама деректерді олардың меншік иелері немесе иеленушілері уәкілетті органға балама деректерді беру туралы жасалған келісімдерге сәйкес өтеусіз негізде ұсынады.

      Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

25-бап. Өңдеу және сақтау

      1. Статистикалық байқаулар жүргізу кезінде алынған бастапқы статистикалық деректер және (немесе) әкімшілік деректер және (немесе) балама деректер статистикалық әдіснамаға сәйкес және мемлекеттік статистиканың принциптері сақтала отырып өңделеді.

      2. Бастапқы статистикалық немесе әкімшілік немесе балама деректерді қамтитын қағаз жеткізгіштер электрондық жеткізгіштерге міндетті түрде көшірілуге жатады және көрсетілген деректер негізінде қалыптастырылған ресми статистикалық ақпарат таратылған кезден бастап кемінде бір жыл сақталады. Бастапқы статистикалық немесе әкімшілік немесе балама деректерді қамтитын электрондық жеткізгіштер кемінде елу жыл сақталады.

      Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

26-бап. Статистикалық ақпаратты тарату

      1. Ресми статистикалық ақпарат ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес статистикалық жұмыс жоспарында көзделген көлемде таратылуға жатады.

      1-1. Ұлттық санақ жүргізу кезіндегі ресми статистикалық ақпарат оның аяқталу қорытындылары бойынша таратылады.

      2. Мемлекеттік статистика органдары пайдаланушыларға сапалы ресми статистикалық ақпаратқа, оның ішінде машинада оқылатын деректер және статистикалық әдіснама форматындағы ақпаратқа бір мезгілде қол жеткізуге тең құқықтарды оларды мемлекеттік статистика органдарының интернет-ресурстарында және "электрондық үкімет" веб-порталының ашық деректер интернет-порталында орналастыру арқылы қамтамасыз етеді.

      3. Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және оны әзірлеуге қосымша шығындарды талап ететін статистикалық және талдамалық ақпарат уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өтеулі негізде беріледі.

      Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілеттіктерін жүзеге асыруы мақсатында олардың біржолғы сауалдары негізінде ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын бастапқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпарат, осы Заңның 8-бабының талаптары сақтала отырып, уәкілетті орган белгіленген тәртіппен өтеусіз негізде берілуі мүмкін.

      4. Статистикалық ақпаратты тарату Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары сақтала отырып қамтамасыз етіледі.

      4-1. Деректер өнімін таратуды оның меншік иесі немесе иеленушісі қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті органға ұсынылатын деректер өнімінің меншік иесі немесе иеленушісі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен деректер өнімдерін берушілер тізіліміне енгізіледі.

      5. Мемлекеттік органдар әкімшілік деректер бойынша қалыптастырылатын статистикалық ақпаратты өздері дербес таратады.

      Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

27-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы

      заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген

      жауаптылыққа әкеп соғады.

      2. Мемлекеттік статистика органдарының жұмыскерлері респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін бастапқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) дерекқорды жоғалтқаны, сатқаны, бергені және өзге де заңсыз жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.

      3. Мемлекеттік статистика органдары қызметкерлерінің немесе олардың лауазымды адамдарының респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін бастапқы статистикалық деректерді не статистикалық ақпаратты және (немесе) деректер базаларын жоғалтуы, жария етуі салдарынан жеке немесе заңды тұлғаға келтірілген зиян Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелуге жатады.

      Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. "Мемлекеттік статистика туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 91-құжат; 2001 ж., № 4, 23-құжат; 2002 ж., № 1, 3-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 143-құжат; 2007 ж., № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 жылғы 9 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады