Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Алматы облысы Кеген аудандық әкімдігінің 2022 жылғы 15 ақпандағы № 28 қаулысы. Күші жойылды - Алматы облысы Кеген ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 178 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кеген ауданы әкімдігінің 24.11.2022 № 178 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 7) тармақшасына "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес, Кеген ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұйымдық–құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде 1-қосымшаға сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Кеген ауданының әкімдігінің "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2019 жылғы 7 маусымдағы № 87 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5166 болып тіркелген, "Әділет" нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2019 жылғы 10 маусымда жарияланған) күші жойылған болып танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қабылбеков Кеңес Күнесбаевичке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т.Байедилов

  Кеген ауданының әкімдігінің 2022 жылғы "___" ______________ "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" №__қаулысына 1-қосымша

Рет саны

Мекеме, кәсіпорын атауы

Белгіленген квота саны (адам)

Квота мөлшері (қызметкерлердің орташа тізімдік санынан пайызы)

Бөлінген квота саны (адам)

1

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Кеген аудандық ауруханасы"коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

125

2 %

2

2

"Алматы облысының ветеринария басқармасы" ММ-нің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ветеринариялық пунктері бар Кеген ауданының ветеринариялық станциясы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

106

2 %

2

3

"Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" ММ-нің "Кеген орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

83

2 %

2

4

"Кеген аудан әкімдігінің аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

92

2 %

2


Барлығы:

406


8

      Аппарат басшысы М. Исаев

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц,состоящих на учете службы пробации

Постановление акимата Кегенского района Алматинской области от 15 февраля 2022 года № 28. Утратило силу постановлением акимата Кегенского района Алматинской области от 24 ноября 2022 года № 178

      Утратило силу постановлением акимата Кегенского района Алматинской области от 24.11.2022 № 178 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 7) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попочения родителей, являющихся выпусниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13898), акимат Кегенского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Для организаций независимо от организационно-правовой формы и формы собственности установить квоту рабочих мест длятрудоустройствалиц, состоящих на учете службы пробации, согласно приложению 1, в размере двухпроцентов от списочной численности работников организации.

      2. Признать утратившими силу постановления акимата Кегенского района"Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации" от 7 июня 2019 года № 87 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных прововых актов № 5166, опубликован 10 июня 2019 года в информационно-прововой системе "Әділет").

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить назаместителя акима района Кабылбекова Кенеса Кунесбаевича.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстициии вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Т. Байедилов

  Акимат Кегенского района 2022 года "___" ______________ "Об установлении квоты рабочих мест для трудоустроийства лиц, состоящих на учете службы пробации" №___приложение 1 к постановлению

Наименование учреждения, предприятия

Количество установленной квоты (человек)

Размер квоты (процент от среднесписочной численности работников)

Количество выделенных квот (человек)

1

Управление здравоохранения Алматинской области КГП на ПХВ "Кегенская районная больница"

125

2 %

2

2

Государственного коммунального предприятия ПХВ "Ветеринарная станция Кегенского района с ветеринарными пунктами" государственного учреждения "Управление ветеринарии Алматинской области"

106

2 %

2

3

Коммунальное государственное учреждение "Кегенское лесное хозяйство" государственного учреждения "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Алматинской области"

83

2 %

2

4

Государственное коммунальное казенное предприятие "Районный дом культуры акимата Кегенского района"

92

2 %

2


Всего:

406


8

      Руководитель аппарата М. Исаев