Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 № 149 бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
2 "Салықтық емес түсімдер" санатында:
06 "Басқа да салықтық емес түсiмдер" сыныбында:
мынадай мазмұндағы 2 кіші сыныбымен және 04 және 05 ерекшеліктерімен толықтырылсын:
"2 кіші сыныбы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына түсетін басқа да салықтық емес түсiмдер
04 Жеке және (немесе) заңды тұлғалардан мемлекеттік меншікке өтеусіз берілген ақша қаражаты
05 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша, егер олардың кем дегенде біреуі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық болып табылса, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган тергеп-тексеретін қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша мемлекетке келтірілген залалды өтеу нәтижесінде мемлекет кірісіне, оның ішінде мүлікті өткізуден түсетін ақша қаражаты";
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
04 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:
9 "Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:
224 "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 014 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
"014 Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын жұмсау";
Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасында:
2 "Күрделі шығындар" санатта:
04 "Негізгі капиталды сатып алу" сыныбында:
440 "Дамуға арналған нысаналы трансферттер" кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 442 ерекшелігімен толықтырылсын:
"442 Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын жұмсау";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
440 "Дамуға арналған нысаналы трансферттер" кіші сыныбы мынадай мазмұндағы 442 ерекшелігімен толықтырылсын:
"
442 | Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын жұмсау | Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын жұмсау |
".
2. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 № 150 бұйрығымен.3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық, қолданысы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылатын осы бұйрықтың 1-тармағының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, 2022 жылғы 21 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы "21" желтоқсандағы № "1306" бұйрығына қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 № 150 бұйрығымен.