"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері және "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 қарашадағы № 908 қаулысына сәйкес және Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің 2022 жылғы 4 қарашадағы № 04-18/1259, Абай облысы бойынша мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментiнің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 427 хаттарының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 934 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" мемлекеттік мекемесі туралы ереже" деген 3-қосымшада:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Департаменттің заңды мекенжайы: 040700, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, І. Жансүгіров көшесі, 86.".
көрсетілген бұйрыққа "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Абай облысы бойынша мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже" деген 19-қосымшада:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Департаменттің заңды мекенжайы: 071400, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Әсет Найманбаев көшесі, 110.".
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының 09.01.2023 № 10 бұйрығымен.2. Нұр-Сұлтан қаласы, Абай облысы бойынша, Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттерінің басшылары:
1) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды қабылдауды;
2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Заң басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның міндетін атқарушы | Е. Ахметов |