"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 934 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы міндетін атқарушының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 833 бұйрығының кейбір ережелерінің күшін жою және "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 934 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 10 бұйрығы.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері және "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 қарашадағы № 908 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 934 бұйрығының 1-тармағының 15) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" мемлекеттік мекемесі туралы ереже" деген 15-қосымшасына өзерістер енгізу бөлігінде "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 934 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы міндетін атқарушының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 833 бұйрығының күші жойылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 934 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 15-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;".

      көрсетілген бұйрыққа "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" мемлекеттік мекемесі туралы ереже" деген 15-қосымшада:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже"

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің (бұдан әрі - Комитет) Астана қаласының аумағында өз құзыреті шегінде республикалық мүлікті басқару саласында басшылықты, республикалық мүлікке мемлекеттің құқықтарын іске асыруды, жекешелендіру мен экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыратын аумақтық органы болып табылады.

      Департамент Астана қаласының аумағында туындаған мүліктік құқықтар мен міндеттер бойынша бөлу жолымен қайта ұйымдастырылған "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің "Сарыарқа" өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" мемлекеттік мекемесінің құқықтық мирасқоры болып табылады.".

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, А. Жұбанов көшесі, 16.".

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.".

      2. Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы:

      1) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды қабылдауды;

      2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Заң басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Б. Тәшенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады