Абай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы

Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 5 қазандағы № 8/43-VII шешімі.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 29 сәуірдегі № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20540 болып тіркелген) сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Абай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы мәслихатының хатшысы К. Сулейменов

  Абай облысы мәслихатының
2022 жылғы 5 қарашадағы
№ 8/43-VII шешіміне
қосымша

Абай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Абай облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20540 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыл шаруашылығы жануарлары – адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар жануарлардың барлық түрлері;

      2) ауыл шаруашылығы жануарларының иелері – меншік, шаруашылық жүргізу құқығындағы, жедел басқарудағы немесе басқа да заңды негізінде ауыл шаруашылығы жануарлары бар заңды немесе жеке тұлғалар;

      3) ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өту (айдау) – ауыл шаруашылығы жануарларының тұрақты тұрған жерінен жаю орнына дейін және кері қарай жылжуы;

      4) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамындағы жер учаскелерінде, сондай-ақ жердің басқа санаттарының құрамындағы жер учаскелерінде адамның бақылауында болатын ауыл шаруашылығы жануарларының шөп және өзге де өсімдіктерді тұтыну процесі;

      5) ветеринариялық паспорт – уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы (тyған күні), жеке нөмірі көрсетіледі;

      6) жайылымдар – ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамындағы жер учаскелері, сондай-ақ жердің басқа санаттарының құрамындағы жер учаскелері;

      7) маусымдық жайылымдар – жыл мезгілдеріне және (немесе) пайдалану кезеңділігіне сәйкес қолайлы табиғи-климаттық жағдайларда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін пайдаланылатын жайылымдар;

      8) шалғайдағы жайылымдар – елді мекендерден алыстағы аумақтарда шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін пайдаланылатын жайылымдар;

      9) жалпыға ортақ пайданалатын жерлер – алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, кондоминиум құрамына кірмеген үй жанындағы жер учаскесі, жолдар, жағалаулар, парктер, саябақтар, opмaн парктерi, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және басқа да халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылыс жайлары және ортақ пайдаланылатын басқа да инженерлiк жүйелер, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын жылу желілері мен инженерлік жүйелердің күзет аймақтары) алып жатқан және оларды орналастыруға арналған жерлер.

2-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібі

      3. Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары меншік нысанына қарамастан есепке алуға және тіркеуге жатады.

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес әрбір тіркелген ауыл шаруашылығы жануарларына сәйкестендіру нөмірі беріледі. Ветеринариялық паспорт ауыл шаруашылығы жануарларына ұсақ малдарды, шошқаны қоспағанда жеке беріледі.

      Ұсақ малға (қойлар, ешкілер), шошқаларға ветеринариялық паспорт тобына (отарына) беріледі.

      Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды қоршалған немесе қоршалмаған жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларының иелері не олар уәкілеттік берген адамдар жүзеге асырады.

      Табиғи-климаттық аймақтарға байланысты тәуліктің қараңғы және түнгі уақытында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға бөлінген жайылымдар мен басқа да жер учаскелерінде ғана жол беріледі.

      Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері қарай, ал тәуліктің қараңғы және түнгі уақытында ұстау орнына дейін айдап өту (айдау) ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олардың уәкілетті адамдарының қадағалауымен жүзеге асырылады.

      4. Рұқсат етілмейді:

      1) ауру ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға (оның ішінде жұқпалы ауруларды жұқтырған).

      2) міндетті ветеринариялық рәсімдерден өтпеген, оның ішінде егу және

      3) жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде, темір және автомобиль жолдарына бөлінген белдеулерде, су қорғау белдеулері мен санитариялық қорғау аймақтарының шекарасында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;

      4) су қорғау аймақтарының шегінде жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      5) бірдейлендірілмеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;

      6) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері қарай айдап өту (айдау), сондай-ақ жаю ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға жол берілмейді.

      Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 99-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік орман қорына кіретін жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз жаюға ерекше жағдайларда шалғайдағы, қол жеткізу қиын және халық аз қоныстанған аудандарда жүзеге асырылады;

      7) ауыл шаруашылығы жануарларын теміржолдар арқылы және арнайы бөлінген жерлерден тыс, сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайларында (әртүрлі деңгейлердегі мал айдаудан басқа);

      8) өзге жолдар болған кезде ауыл шаруашылығы жануарларын асфальт төселген және цементпен бетондалған жолдармен айдап өтуге;

      9) қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, субұрқақтарда, су айдындарында және жалпыға ортақ пайдаланылатын су айдындарында ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға жол берілмейді.

      Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес ортақ су пайдалану тәртібімен су объектілерінің ластануы мен қоқыстануын болдырмайтын суару алаңдары мен басқа да құрылғылары бар санитариялық қорғау аймақтарынан тыс су объектілерін пайдалануға жол беріледі.

      Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 18-02/909 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12259 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларына сәйкес айқындалады.

      5. Абай облысының табиғи-климаттық аймақтарына байланысты жаюдың басталу күні ауа температурасының Цельсий бойынша +10 градустан жоғары тұрақты кезеңіне орайластырылады.

      Әрбір маусымның (күндердің) жаю ұзақтығы нақты жылдың шарттарымен анықталады.

      6. Адамдардың сүйемелдеуінсіз жүрген ауыл шаруашылығы жануарлары қараусыз жануарлар болып есептеледі және иесі анықталғанға дейін уақытша ұстау үшін қоражайларға айдауға жатады.

      Ұсталған қараусыз жануарларды ұстау, иелеріне қайтару тәртібі және иелерінің жауапкершілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес айқындалады.

      7. Табиғи-климаттық аймақтарға байланысты облыстағы жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын маусымдық және жыл бойы бағу жүйесі қолданылады.

      Маусымдық жаю жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарлары көктемде-жазда-күзде жайылымдарда, қыста-толыққанды азықтандыру арқылы қорада ұсталады.

      Жыл бойы жаю жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарлары жыл бойы жайылымда болады.

      Қолайсыз ауа райы жағдайында мал шаруашылығы қора-жайлары пайдаланылады және тиісті азық қоры құрылады.

      8. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю кезінде жайылымдардың түрлік құрамын ескеру қажет, өйткені Абай облысындағы барлық жайылымдар маусымдық сипатта болады, сондықтан эфемерлік жайылымдар көктемде, бетегелі-астық тұқымды және таулы – жазда, ал эфемерлік-жусан жайылымдар көктемде де, күзде де пайдаланылуы мүмкін.

      9. Ауыл шаруашылығы жануарлары түрі мен өсімдік түріне байланысты жаюдың алдында оңтайлы биіктік табиғи жайылымдарда шөптің тиімді биіктігі 2-ден 6 сантиметрге (бұдан әрі – см.) дейін және екпе жайылымдарда 10 см-ден жоғары болуы тиіс.

      10. Шөлейт жайылымдарын пайдалану коэффициенті 60 пайызбен (бұдан әрі – %); шөлейт және құрғақ далада – 65% аспауы тиіс. Таулы жайылымдарды 70% коэффициентпен, көктемгі эфемер өсімдіктері бар учаскелер сияқты пайдалануға болады.

      11. Елді мекендер шегінде жергілікті халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін жайылымдарды беру аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің шешімдерімен, ал аудан, облыстық маңызы бар қала шегінде – жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарға (бұдан әрі – Жоспар) сәйкес ауданның (қалалардағы аудандардан басқа) облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.

      12. Жоспар ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы уәкілетті органымен қысқа мерзімді (бір жылға дейін) және (немесе) ұзақ мерзімді (екі жылға дейін) кезеңге бекітілген нормативтік құқықтық акті болып табылады.

      13. Жоспарды ауданның (қаладағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері және жергілікті өзін-өзі басқару органдары әкімшілік аумақтық бірліктің аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю дәстүріне сәйкес әзірлейді.

      14. Ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдарда жаю Жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

      15. Ауыл шаруашылығы малдарын жаю мен жылжытудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдаланудың күнтізбелік графигі Жоспарға сәйкес айқындалады.

      16. Мемлекеттік меншіктегі кенттер мен ауылдық елді мекендер аумағының шегінде орналасқан жайылымдар жергілікті халықтың ауыл шаруашылығы жануарларының аналық (сауын) мал басын күтіп-ұстау жөніндегі мұқтажын қанағаттандыру үшін беріледі.

      17. Осы Үлгілік қағидалардың 16-тармағында көрсетілген жайылымдарда басқа ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 "Жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің рұқсат етілген шекті нормасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген жүктеменің рұқсат етілген шекті нормалары сақталған жағдайда ғана жол беріледі.

      Жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің рұқсат етілген шекті нормалары асып кеткен жағдайда Жоспарға сәйкес аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ шегінде беріледі.

      18. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ шегінде жайылымдармен қаматамасыз етілмеген иелерінің ауыл шаруашылығы жануарларының саны түрлері мен жыныстық-жас топтары бойынша қалыптастырылады және Жоспарға сәйкес шалғайдағы жайылымдарға жіберіледі.

      19. Ауыл шаруашылығы жануарларын бағу, адамдардың сүйемелдеуімен жүрген жылқыларды қоспағанда, 15-20 см. биіктікте қар жауғанда аяқталады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысы мәслихатының 20.02.2024 № 13/96-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю кезінде айдауды ұйымдастыру

      20. Айдау үшін жасы, жынысы, қоңдылығы бірдей сау ауыл шаруашылығы жануарлардан үйірлер, отарлар, табындар жинақталады. Ауыл шаруашылығы жануарларының саны, оның ішінде қойлар мен ешкілер 600-800 басты, ірі қара мал 250 бастан аспайтын мөлшерді, жылқылар 200 бастан аспайтын мөлшерді, түйе 120 бастан аспайтын мөлшерді құрайды.

      Айдауға жататын жануарларды іріктеу нормалары осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген.

      21. Айдауға жататын жануарлардың түріне, жыныстық-жастық тобына және қоңдылығына қарай жинақтау нормалары осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген.

      Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды жүзеге асыратын бір адамға арналған жүктеме нормалары осы Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген.

      22. Ауыл шаруашылығы жануарларын айдаудың барлық жолында ауыл шаруашылығы жануарларының топтарын араластыруға жол берілмейді.

      23. Аналық (сауын) мал басын (оның ішінде төлдеу, босану алдындағы төлдеуден, туудан кейін буыны бекімеген) және ауру ауыл шаруашылығы жануарларын (оның ішінде жұқпалы аурулар жұқтырған), буыны бекімеген жаңа туған төлді, міндетті ветеринариялық рәсімдерден (оның ішінде егу және вакцинациялаудан) өтпеген ауыл шаруашылығы жануарларын қоспағанда, елді мекендер шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері мен топтары шалғайдағы жайылымдарға айдауға жатады.

      24. Ауыл шаруашылығы жануарларын айдау үшін Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 70 және 104-баптарына сәйкес уақытша (маусымдық) пайдаланылатын және ұзақ мерзімді пайдаланылатын мал айдайтын жолдар (бұдан әрі – мал айдайтын жолдар) жобаланады.

      25. Мал айдайтын жолдарды аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 21-бабының 3-тармағына сәйкес, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен келісу бойынша айқындайды.

      26. Мал айдайтын жолдар олардың ең үлкен ауданына қызмет көрсету және жайылымдардың мал тұратын және суару орындарымен қолайлы және қысқа байланысын құру есебімен орналастырылады.

      27. Ауыл шаруашылығы жануарларын 5 километрге (бұдан әрі – км.) дейінгі қашықтыққа айдағанда, айдалатын ірі қара малдың саны 200-250 бас немесе ұсақ малдың саны 600-800 бас болған кезде мал айдалатын жердің ені 50-70 метр болуы керек.

      Мал айдайтын жолдың жалпы алаңы қызмет көрсетілетін барлық аумақтың 4-5%-нан аспауға тиіс.

      28. Жолдың ұзындығы үлкен болған кезде (егер қозғалыс бірнеше күн ішінде жасалса) әрбір 40-50 км. сайын мал айдайтын жолдар жеткілікті азықтық сыйымдылықтағы жайылымдық қоректендіру алаңдарымен жабдықталады және әрбір 10-15 км. сайын суатпен қамтамасыз етіледі.

      Бұл жағдайларда мал айдайтын жолдың ені 200-300-ден 1000 метрге дейін және одан да көп алаңды болуы керек.

      29. Жайылымның жазық жерінде ауыл шаруашылығы жануарларын суару радиусы:

      ірі қара мал үшін далалық және орманды дала аймақтарында 2-4 км., қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 4-6 км.;

      жылқылар үшін далалық және орманды дала аймақтарында 4-5 км., қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 5-7 км.;

      түйелер үшін далалық және орманды дала аймақтарында 6-7 км., қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 7-8 км.;

      қой мен ешкілер үшін далалық және орманды дала аймақтарында 2,5-4 км., қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 3-6 км..

      Облыс бойынша құдықтар арасындағы қашықтық орташа 3,8 км..

4-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды ұйымдастыру

      30. Аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары:

      1) Жоспардың іске асырылуын;

      2) ауыл шаруашылығы жануарларының иелері арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмысын жүзеге асыру және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына оны іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсынуды қамтамасыз етеді.

      31. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері жайылымдық кезең басталудың алдында:

      1) Жоспардың іске асырылуын қамтамасыз етуді және жергілікті өзін-өзі басқару органына (жергілікті қоғамдастық жиынына) оны іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсынуды;

      2) ауыл шаруашылығы жануарларының иелері арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмысын жүзеге асыруды;

      3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп, жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормаларының сақталуын;

      4) қараусыз қалған ауыл шаруашылығы жануарларын уақытша ұстау орындарын ұйымдастыруды;

      5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етеді;

      6) ауыл шаруашылығы жануарларын жинайтын орындарды;

      7) елді мекен ішіндегі ауыл шаруашылығы жануарларын табынды жиналатын орнына дейін, жайылатын учаскелерге дейін және кері айдау бағдарларды;

      8) елді мекендер айналасындағы жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған учаскелерді;

      9) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген ауыл шаруашылығы жануарларын шалғайдағы жайылымдарға айдау бағдарларын;

      10) шалғайдағы жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жас топтары мен түрлері бойынша учаскелерін айқындайды.

      32. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелері не олар уәкілеттілік берген адамдар:

      1) ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық-жастық топтары бойынша топтарын қалыптастыруды;

      2) ауыл шаруашылығы жануарларының қалған топтарынан аналық (сауын) мал басын айыруды;

      3) кенттердің және ауылдық елді мекендердің аумағы шегінде және шалғайдағы орналасқан жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды;

      4) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю, жаю орнына дейін және кері қарай айдау (айдау) кезінде сүйемелдеу;

      5) елді мекендер шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген ауыл шаруашылығы жануарлары топтарын шалғайдағы жайылымдарға айдауды

      33. Тиісті жергілікті өкілді органдар бекіткен ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жауапкершілікке әкеп соғады.

  Ауыл шаруашылығы
жануарларын
жаю Қағидаларының
1 қосымшасы

Айдауға жататын жануарларды іріктеу нормалары

Жыныстық-жастық топтары

Жануарлардың саны, бас

Тәуліктік айдау қашықтығы, километр

Ірі қара мал

Бұзаулы сиырлар (емізулі)

150-200

15-20

Қашарлар (2 жасқа дейін)

200-250

20-25

Бұқашықтар (2 жасқа дейін)

200-250

20-25

Ұсақ мал

Қозылы қойлар, Лақты ешкілер

500-600

20-30

Бір жылғы төл

600-800

30-40

Жылқылар

Құлынды биелер

100-150

25-30

1,5-2 жастағы төл

150-200

35-40

Түйелер

Түйелер

100-120

40-50

  Ауыл шаруашылығы
жануарларын
жаю Қағидаларының
2 қосымшасы

Айдауға жататын жануарлардың түріне, жыныстық-жастық тобына және қоңдылығына байланысты жинақтау нормалары

Жыныстық-жастық топтары

Қоңдылығы

Ортадан төмен, бас

Орташа, бас

Ортадан жоғары, бас

1

2

3

4

Ірі қара

Бұзаулы сиырлар (емізулі)

50-70

150-200

150-200

Қашарлар
(2 жасқа дейін)

100-150

200-250

200-250

Бұқашықтар
(2 жасқа дейін)

100-150

200-250

200-250

Ұсақ мал

Қозылы қойлар Лақты ешкілер

400-500

500-600

500-600

Бір жылғы төл

400-500

600-700

600-800

Жылқылар

Құлынды биелер

50-70
80-100

100-150
120-150

150-200
150-200

1,5-2 жастағы төл

30-60

60-90

90-120

Түйелер

Түйелер

30-60

60-90

90-120

  Ауыл шаруашылығы
жануарларын
жаю Қағидаларынының
3 қосымшасы

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды жүзеге асыратын бір адамға арналған жүктеме нормалары

Ірі қара мал, бас

Ұсақ мал, бас

Жылқылар, бас

Түйелер, бас

150-ге дейін

500-ге дейін

100-ге дейін

100-ге дейін


Об утверждении Правил выпаса сельскохозяйственных животных по области Абай

Решение маслихата области Абай от 5 октября 2022 года № 8/43-VII.

      В соответствии с пунктом 2-2 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан "Об утверждении Типовых правил выпаса сельскохозяйственных животных" от 29 апреля 2020 года № 145 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20540), маслихат области Абай РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила выпаса сельскохозяйственных животных по области Абай согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь маслихата области Абай К. Сулейменов

  Приложение к решению
маслихата области Абай
от 5 октября 2022 года
№ 8/43-VII

Правила выпаса сельскохозяйственных животных по области Абай

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выпаса сельскохозяйственных животных по области Абай (далее – Правила) разработаны в соответствии с приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан "Об утверждении Типовых правил выпаса сельскохозяйственных животных" от 29 апреля 2020 года № 145 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20540) и определяют порядок выпаса сельскохозяйственных животных.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) сельскохозяйственные животные – культивируемые человеком все виды животных, имеющих непосредственное отношение к сельскохозяйственному производству;

      2) владельцы сельскохозяйственных животных – физические или юридические лица, имеющее на праве собственности, хозяйственного ведения, оперативного управления или ином законном основании сельскохозяйственных животных;

      3) прогон (перегон) сельскохозяйственных животных – передвижение сельскохозяйственных животных от места их постоянного нахождения до места выпаса и обратно;

      4) выпас сельскохозяйственных животных – контролируемый человеком процесс потребления сельскохозяйственными животными травостоя и иной растительности на земельных участках в составе земель сельскохозяйственного назначения, а также на земельных участках в составе других категорий земель;

      5) ветеринарный паспорт – документ установленной уполномоченным органом формы, в котором в целях учета животных указываются: владелец, вид, пол, масть, возраст животного;

      6) пастбища – земельные участки в составе земель сельскохозяйственного назначения, а также земельные участки в составе других категорий земель, предоставляемые и используемые для круглогодичного или сезонного выпаса сельскохозяйственных животных;

      7) сезонные пастбища – пастбища, которые используются для выпаса сельскохозяйственных животных в благоприятных природно-климатических условиях в соответствии со временами года и (или) периодичностью их использования;

      8) отгонные пастбища – пастбища, которые используются для ведения отгонного животноводства на отдаленных от населенных пунктов территорий;

      9) земли общего пользования – земли занятые и предназначенные для занятия площадями, улицами, тротуарами, проездами, придомовым земельным участком, не вошедшим в состав кондоминиума, дорогами, набережными, парками, скверами, лесопарками, бульварами, водоемами, пляжами, кладбищами и иными объектами, предназначенными для удовлетворения нужд населения (водопроводы, отопительные трубы, очистные сооружения и другие инженерные системы общего пользования, а также охранные зоны тепловых сетей и инженерных систем общего пользования).

Глава 2. Порядок выпаса сельскохозяйственных животных

      3. Сельскохозяйственные животные, принадлежащие физическим и юридическим лицам, независимо от формы собственности, подлежат учету и регистрации.

      Каждому зарегистрированному сельскохозяйственному животному присваивается идентификационный номер в соответствии с Правилами идентификации сельскохозяйственных животных, утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 7-1/68 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11127). Ветеринарный паспорт на сельскохозяйственных животных выдается индивидуально, за исключением мелкого рогатого скота, свиней.

      Ветеринарный паспорт на мелкий рогатый скот (овцы, козы), свиней выдается на группу (отару).

      Выпас сельскохозяйственных животных осуществляется на огороженных или неогороженных пастбищах владельцами сельскохозяйственных животных, либо лицами, ими уполномоченными.

      В зависимости от природно-климатических зон выпас сельскохозяйственных животных в темное и ночное время суток допускается только на отведенных для пастьбы пастбищах и других земельных участках.

      Прогон (перегон) сельскохозяйственных животных до места выпаса и обратно, а в темное и ночное время суток до мест содержания, осуществляется под сопровождением владельцев сельскохозяйственных животных либо лиц, ими уполномоченных.

      4. Не допускается:

      1) выпас больных сельскохозяйственных животных (в том числе зараженных заразными болезнями).

      2) выпас сельскохозяйственных животных, не прошедших обязательных ветеринарных процедур (в том числе вакцинации);

      3) выпас сельскохозяйственных животных на землях общего пользования, в полосах отвода железных и автомобильных дорог, границах водоохранных полос и зон санитарной охраны;

      4) в пределах водоохранных зон выпас сельскохозяйственных животных с превышением нормы нагрузки, купание и санитарная обработка скота, и другие виды хозяйственной деятельности, ухудшающие режим водоемов;

      5) выпас сельскохозяйственных животных без идентификации;

      6) прогон (перегон) до места выпаса и обратно, выпас, а также перемещение сельскохозяйственных животных без сопровождения владельцев сельскохозяйственных животных либо лиц, ими уполномоченных.

      При этом, в соответствии с пунктом 2 статьи 99 Лесного кодекса Республики Казахстан выпас сельскохозяйственных животных без сопровождения владельцев сельскохозяйственных животных либо лиц, ими уполномоченных, на пастбищах, входящих в государственный лесной фонд, осуществляется в исключительных случаях в отдаленных, труднодоступных и малонаселенных районах;

      7) прогон (перегон) сельскохозяйственных животных через железнодорожные пути и дороги вне специально отведенных мест, а также в темное время суток и условиях недостаточной видимости (кроме скотопрогонов на разных уровнях);

      8) прогон (перегон) сельскохозяйственных животных по дороге с асфальтовым и цементобетонным покрытием при наличии иных путей;

      9) водопой сельскохозяйственных животных в общественных местах купания, прудах, фонтанах, водоемах и водозаборах общего пользования.

      Для водопоя сельскохозяйственных животных допускается использование водных объектов вне зоны санитарной охраны при наличии водопойных площадок и других устройств, предотвращающих загрязнение и засорение водных объектов в порядке общего водопользования согласно Водному кодексу Республики Казахстан.

      Порядок выпаса сельскохозяйственных животных на участках государственного лесного фонда определяется в соответствии с Правилами сенокошения и пастьбы скота на участках государственного лесного фонда, утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 12 октября 2015 года № 18-02/909 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12259).

      5. Дата начала выпаса в зависимости от природно-климатических зон области Абай приурочивается к периоду устойчивого перехода температуры воздуха выше +10 градусов по Цельсию.

      Продолжительность выпаса каждого сезона (дней) определяется условиями конкретного года.

      6. Сельскохозяйственные животные, передвигающиеся без сопровождающих лиц, считаются безнадзорными и подлежат загону в места для временного содержания до выявления владельца.

      Порядок содержания, возврата задержанных безнадзорных сельскохозяйственных животных владельцам, а также ответственность владельцев определяется в соответствии со статьей 246 Гражданского кодекса Республики Казахстан.

      7. В зависимости от природно-климатических зон в области применяются системы сезонного и круглогодичного выпаса сельскохозяйственных животных на пастбищах.

      При сезонной системе выпаса сельскохозяйственные животные весной, летом и осенью находятся на пастбищах, зимой – на стойловом содержании с полноценным кормлением.

      При круглогодичной системе выпаса сельскохозяйственные животные находятся на пастбищах круглый год.

      При неблагоприятных погодных условиях используются животноводческие помещения и создается соответствующий запас кормов.

      8. При выпасе сельскохозяйственных животных учитывается видовой состав пастбищ, поскольку все пастбища на территории области Абай имеют сезонный характер, так эфемеровые пастбища могут использоваться весной, дерновинно-злаковые и горные – летом, а эфемерово-полынные как весной, так и осенью.

      9. Перед началом выпаса в зависимости от вида сельскохозяйственного животного и типа растительности оптимальная высота травостоя должна варьировать от 2 до 6 сантиметров (далее – см.) на естественных пастбищах от 10 см. и выше на культурных пастбищах.

      10. Коэффициент использования пустынных пастбищ не должен превышать 60 процентов (далее – %), полупустыни и сухой степи – 65 %. Горные пастбища можно использовать с коэффициентом 70%, как и участки с весенней эфемеровой растительностью.

      11. Предоставление пастбищ для выпаса сельскохозяйственных животных местного населения в пределах населенных пунктов осуществляется решениями акимов города районного значения, поселка, села, сельского округа, а в пределах района, города областного значения – местным исполнительным органом района (кроме районов в городах), города областного значения в соответствии с Планом по управлению пастбищами и их использованию (далее – План).

      12. План является нормативным правовым актом, утверждаемым местным представительным органом района, города областного значения на краткосрочный (до года) и (или) долгосрочный (до двух лет) периоды.

      13. План разрабатывается местным исполнительным органом района (кроме районов в городах), города областного значения совместно с акимами города районного значения, поселка, села, сельского округа и органами местного самоуправления с учетом традиции выпаса сельскохозяйственных животных на соответствующих территориях административно-территориальных единиц.

      14. Выпас сельскохозяйственных животных на пастбищах осуществляется в соответствии с Планами.

      15. Календарный график по использованию пастбищ, устанавливающий сезонные маршруты выпаса и передвижения сельскохозяйственных животных, определяется согласно Плану.

      16. Пастбища, расположенные в пределах территории поселков и сельских населенных пунктов, находящиеся в государственной собственности, предоставляются для удовлетворения нужд местного населения по содержанию маточного (дойного) поголовья сельскохозяйственных животных.

      17. Выпас на пастбищах, указанных в пункте 16 настоящих Правил, других сельскохозяйственных животных допускается только при соблюдении предельно допустимых норм нагрузки на общую площадь пастбищ, утвержденных приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан "Об утверждении предельно допустимой нормы нагрузки на общую площадь пастбищ" от 14 апреля 2015 года № 3-3/332 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11064).

      При превышении предельно допустимых норм нагрузки на общую площадь пастбищ пастбища предоставляются в пределах города районного значения, поселка, села, сельского округа согласно Плану.

      18. Поголовье сельскохозяйственных животных владельцев, не обеспеченных пастбищами в пределах города районного значения, поселка, села, сельского округа формируется по видам и половозрастным группам и направляется на отгонные пастбища согласно Плану.

      19. Выпас сельскохозяйственных животных на пастбищах, за исключением лошадей с сопровождающими лицами, заканчивается с залеганием снежного покрова высотой 15-20 см.

      Сноска. Пункт 19 в редакции решения маслихата области Абай от 20.02.2024 № 13/96-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 3. Организация перегона при выпасе сельскохозяйственных животных

      20. Для перегона комплектуют стада, отары, табуны из здоровых сельскохозяйственных животных, одинаковых по возрасту, полу, упитанности.

      Численность поголовья сельскохозяйственных животных составляет: овец и коз 600-800 голов, крупного рогатого скота не более 250 голов, лошадей не более 200 голов, верблюдов не более 120 голов.

      Нормы отбора сельскохозяйственных животных, подлежащих перегону, указаны в приложении 1 к настоящим Правилам.

      21. Нормы комплектования сельскохозяйственных животных в зависимости от вида, половозрастной группы и упитанности, подлежащих перегону указаны в приложении 2 к настоящим Правилам.

      Нормы нагрузки на одно лицо, осуществляющего выпас сельскохозяйственных животных указаны в приложении 3 к настоящим Правилам.

      22. На всем пути перегона сельскохозяйственных животных не допускается смешивание групп.

      23. Перегону на отгонные пастбища подлежат все виды и группы сельскохозяйственных животных, необеспеченные пастбищами в пределах населенных пунктов, за исключением маточного (дойного) поголовья (в том числе перед отелом, родами и неокрепших после отела, родов) и больных сельскохозяйственных животных (в том числе зараженных заразными болезнями), неокрепшего новорожденного молодняка, сельскохозяйственных животных, не прошедших обязательных ветеринарных процедур (в том числе вакцинации).

      24. Для перегона сельскохозяйственных животных проектируются скотопрогонные трассы (далее – скотопрогоны) временного (сезонного) пользования и долгосрочного пользования в соответствии со статьями 70 и 104 Земельного Кодекса Республики Казахстан.

      25. Скотопрогоны определяются местными исполнительными органами районов (городов) по согласованию с главными государственными ветеринарно-санитарными инспекторами соответствующих административно-территориальных единиц в соответствии с пунктом 3 статьи 21 Закона Республики Казахстан "О ветеринарии".

      26. Скотопрогоны размещаются с расчетом обслуживания ими наибольшей площади и создания удобной и кратчайшей связи пастбищ с местами, стоянки и водопоя сельскохозяйственных животных.

      27. При перегоне сельскохозяйственных животных на расстояния до 5 километров (далее – км.), ширина скотопрогона должна составлять 50-70 метров, при количестве перегоняемого крупного рогатого скота 200-250 голов или 600-800 голов мелкого рогатого скота.

      Общая площадь скотопрогона не должна превышать 4-5 % всей обслуживаемой территории.

      28. При большой протяженности пути (если движение совершается в течение нескольких дней) через каждые 40-50 км. скотопрогоны оборудуются пастбищными подкормочными площадками достаточной кормовой емкостью и через каждые 10-15 км. обеспечиваются водопоем.

      В этих случаях ширина скотопрогона должна составлять от 200-300 до 1000 метров и более.

      29. Радиус водопоя сельскохозяйственных животных на равнинной местности пастбищ составляет:

      для крупного рогатого скота в степных и лесостепных зонах 2-4 км, в засушливых степях, полупустынях и пустынях 4-6 км.;

      для лошадей в степных и лесостепных зонах 4-5 км., в засушливых степях, полупустынях и пустынях 5-7 км.;

      для верблюдов в степных и лесостепных зонах 6-7 км., в засушливых степях, полупустынях и пустынях 7-8 км.;

      для овец и коз в степных и лесостепных зонах 2,5-4 км, в засушливых степях, полупустынях и пустынях 3-6 км..

      Фактическое расстояние между колодцами по области в среднем – 3,8 км..

Глава 4. Организация выпаса сельскохозяйственных животных

      30. Местные исполнительные органы районов, города областного значения обеспечивают:

      1) реализацию Плана;

      2) осуществление разъяснительной работы среди владельцев сельскохозяйственных животных о проведении мероприятий по рациональному использованию пастбищ и представление ежегодного отчета об итогах его реализации местному представительному органу района, города областного значения.

      31. Акимы города районного значения, поселка, села, сельского округа перед началом пастбищного периода:

      обеспечивают:

      1) реализацию Плана и представляют ежегодный отчет об итогах его реализации органу местного самоуправления (сходу местного сообщества);

      2) осуществление разъяснительной работы среди владельцев сельскохозяйственных животных о проведении мероприятий по рациональному использованию пастбищ;

      3) совместно с органами местного самоуправления соблюдение предельно допустимых норм нагрузки на общую площадь пастбищ;

      4) организацию мест для временного содержания безнадзорных сельскохозяйственных животных;

      5) идентификацию сельскохозяйственных животных;

       определяют:

      6) места сбора сельскохозяйственных животных;

      7) маршруты прогона сельскохозяйственных животных внутри населенного пункта до места сбора стада, участков выпаса и обратно;

      8) участки для выпаса сельскохозяйственных животных на пастбищах вокруг населенных пунктов;

      9) маршруты перегона сельскохозяйственных животных необеспеченных пастбищами в пределах города районного значения, поселка, села, сельского округа на отгонные пастбища;

      10) участки для выпаса сельскохозяйственных животных на отгонных пастбищах по видам и половозрастным группам.

      32. Владельцы сельскохозяйственных животных, либо уполномоченные ими лица организуют:

      1) формирование групп сельскохозяйственных животных по видам и половозрастным группам;

      2) отбивку маточного (дойного) поголовья от остальных групп сельскохозяйственных животных;

      3) выпас сельскохозяйственных животных на пастбищах, расположенных в пределах территории поселков, сельских населенных пунктов и на отгонных пастбищах;

      4) сопровождение сельскохозяйственных животных при прогоне (перегоне) до места выпаса, выпасе и обратно;

      5) перегон групп сельскохозяйственных животных необеспеченных пастбищами в пределах населенных пунктов на отгонные пастбища.

      33. Нарушение настоящих Правил выпаса сельскохозяйственных животных влечет ответственность, предусмотренную законодательством Республики Казахстан.

  Приложение 1
к Правилам выпаса
сельскохозяйственных
животных

Норма отбора сельскохозяйственных животных, подлежащих перегону

Половозрастные группы

Количество животных, голов

Суточный перегон, километров

Крупный рогатый скот

Коровы с телятами (на подсосе)

150-200

15-20

Телки (до 2 лет)

200-250

20-25

Бычки (до 2 лет)

200-250

20-25

Мелкий рогатый скот

Овцы с ягнятами, Козы с козлятами

500-600

20-30

Молодняк одного года

600-800

30-40

Лошади

Кобылы с жеребятами

100-150

25-30

Молодняк 1,5-2 лет

150-200

35-40

Верблюды

Верблюды

100-120

40-50

  Приложение 2
к Правилам выпаса
сельскохозяйственных
животных

Нормы комплектования сельскохозяйственных животных в зависимости от вида, половозрастной группы и упитанности, подлежащих перегону

Половозрастные группы

Упитанность

Нижесредняя, голов

Средняя, голов

Вышесредняя, голов

1

2

3

4

Крупный рогатый скот

Коровы с телятами (на подсосе)

50-70

150-200

150-200

Телки (до 2 лет)

100-150

200-250

200-250

Бычки (до 2 лет)

100-150

200-250

200-250

Мелкий рогатый скот

Матки с ягнятами, Козы с козлятами

400-500

500-600

500-600

Молодняк 1 года

400-500

600-700

600-800

Лошади

Кобылы с жеребятами

50-70
80-100

100-150
120-150

150-200
150-200

Молодняк 1,5-2 лет

30-60

60-90

90-120

Верблюды

Верблюды

30-60

60-90

90-120

  Приложение 3
к Правилам выпаса
сельскохозяйственных
животных

Нормы нагрузки на одно лицо, осуществляющего выпас сельскохозяйственных животных

Крупный рогатый скот, голов

Мелкий рогатый скот, голов

Лошади, голов

Верблюды, голов

до 150

до 500

до 100

до 100