Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округі әкімінің 04.11.2022 № 06 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Аягөз аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың 2022 жылғы 06 қазандағы № 255 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Абай облысы, Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылдық округі, "Райбай" шаруа қожалығындағы ауыл шаруашылық жануарларына 1315 (пастереллез) ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тарбағатай ауылдық округінің әкімі | Е. Ережепов |