Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Абай облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округінің "Райбай" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Тарбағатай ауылдық округі әкімінің 2022жылғы 07 қазанындағы № 05 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 4 қарашадағы № 06 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Аягөз аудандық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушының 2022 жылғы 03қарашадағы № 272 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан 1315 (пастереллез) ауруынан сауықтыру және жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралары толығымен аяқталуына байланысты Абай облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округінің "Райбай" шаруа қожалығының аумағына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Тарбағатай ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 07 қазандағы № 05 "Абай облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округінің "Райбай" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Тарбағатай ауылдық округі әкімі Е. Ережепов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады