Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 – бабы 2 - тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2022 жылғы 6 қазандағы №241 ұсынысы негізінде ШЕШТІ:
1. Мүйізді ірі қара мал табынынан құтырма ауруының ошағын жою бойынша ветеринарлық – санитарлық іс - шаралар кешенінің орындалуына байланысты, Абай облысы Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округінің Қарағайлы ауылына қарасты "Котлаван" мал шаруашылық жайылым мекеніне орнатылған шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Баскөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 23 тамыздағы № 5 "Абай облысы Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округінің Қарағайлы ауылына қарасты "Котлаван" мал шаруашылық жайылым мекеніне шектеу іс-шараларын орнату туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Баскөл ауылдық округінің әкімі | К. Бытебаев |