Абай облысы Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округінің Қарағайлы ауылына қарасты "Котлаван" мал шаруашылық жайылым мекеніне шектеу іс-шараларын орнату туралы

Күшін жойған

Абай облысы Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 23 тамыздағы № 5 шешімі. Күші жойылды - Абай облысы Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округі әкімінің 11.10.2022 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2022 жылғы 22 тамыздағы №198 ұсынысы негізінде ШЕШТІ:

      1. Мүйізді ірі қара мал табынынан құтырма ауруының шығуына байланысты, Абай облысы Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округінің Қарағайлы ауылына қарасты "Котлаван" мал шаруашылық жайылым мекеніне шектеу іс-шаралары орнатылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Баскөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Л. Шарипканова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады