Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31- бабы 1 - тармағының 14-1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының 1және 2- қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
2. "Абай облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауын;
2) оның ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. "Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 442 қаулысының (2022 жылғы 2 ақпанда № 164204 Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.М.Жақсылықоваға жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Нұрғожин |
Бородулиха ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 23 қарашадағы № 287 қаулысына 1 қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаның мөлшері
Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы | Жылдың басына тізім бойынша жұмысшылардың саны (адам) | Жұмысшылардың тізімдік санынан бекітілген квота мөлшері (%) | Жұмыс орындарының саны (бірлік) |
"Полюс Арсенал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 168 | 0,8 | 1 |
"Абай облысы Бородулиха ауданының коммуналдық шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 35 | 3 | 1 |
"Лина Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 39 | 3 | 1 |
"Семей Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" республикалық мемелекеттік мекемесінің Бородулиха филиалы | 104 | 1 | 1 |
"Транс Эко Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 47 | 3 | 1 |
"Шығыстүстімет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Орлов өндірістік кешені | 1793 | 0,1 | 2 |
Бородулиха ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 23 қарашадағы № 287 қаулысына 2 қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаның мөлшері
Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы | Жылдың басына тізім бойынша жұмысшылардың саны (адам) | Жұмысшылардың тізімдік санынан бекітілген квота мөлшері (%) | Жұмыс орындарының саны (бірлік) |
"Семей Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" республикалық мемелекеттік мекемесінің Бородулиха филиалы | 104 | 2 | 2 |
"Абай облысы Бородулиха ауданының коммуналдық шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 35 | 3 | 1 |
ТрансЭко Сервис жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 47 | 3 | 1 |
"Красный Яр" шаруа қожалығы | 81 | 1 | 1 |
"Полюс Арсенал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 168 | 0,8 | 1 |
"Шығыстүстімет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Орлов өндірістік кешені | 1793 | 0,1 | 2 |