"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Агрокәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Т.Рысқұлов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, 2022 жылы әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:
1) 100-айлық есептік көрсеткіш көлемінде көтерме жәрдемақы;
2) аудан аумағында тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 1500- айлық есептік көрсеткіш көлемінде бюджеттік несие.
2. Осы шешімді іске асыруға жауапты "Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі айқындалсын (келісім бойынша).
3. Шешімнің орындалуына бақылау және Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының ресми интернет-ресурсында жариялауды аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тұрар Рысқұлов аудандық | |
мәслихат хатшысы | Е. Абуталипов |