Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ветеринария туралы", заңдарына сәйкес Ұлытау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі осы қаулы қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлытау облысының әкімі | Б. Әбдіғалиұлы |
Ұлытау облысы әкімдігінің 2022 жылғы "14"желтоқсандағы № 38/01 қаулысына қосымша |
Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі
Жануарлар түрі | Аурулардың атауы |
Ірі қара мал | тейлериоз |
Жылқылар | сақау |