Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Ұлытау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 97/04 қаулысы. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 26 желтоқсанда № 164-20 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 1-тармағының 17-3) тармақшасына сәйкес Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Ұлытау облысы әкімдігінің "Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы" 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 38/01 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау облысының әкімі Д. Рыспеков

  Ұлытау облысы әкімдігінің
2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 97/04
қаулысына қосымша

Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі

Жануарлар түрі

Аурулардың атауы

Ірі қара мал

тейлериоз

Жылқылар

сақау


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады