Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 19.10.2023 № 8/52 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
Жаңаарқа ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2022 жылғы 5 сәуірдегі №21/139 "Жаңаарқа ауданының Жаңаарқа кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Жаңаарқа ауданның Жаңаарқа кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасында:
2 тараудағы 3, 7, 8, 10 тармақтары келесі редакцияда мазмұндалсын:
"3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін кенттің аумағы учаскелерге бөлінеді.
7. Кент шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Жаңаарқа кентінің әкімі ұйымдастырады. Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті кенттің оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы кентте тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жаңаарқа ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңаарқа аудандық маслихат хатшысы | Ө. Уалиев |