Теміртау қаласы бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарын бекіту туралы

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 21/4 шешімі. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңдарына сәйкес, Теміртау қаласының аумағында жайылымдарды тиімді пайдалану және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін арттыру мақсатында Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Теміртау қаласы бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қалданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат хатшысы А. Ломакин

  Теміртау қалалық мәслихатының
2022 жылғы "17" наурыздың № 21/4
шешімімен бекітілген

Теміртау қаласы бойынша 2022 - 2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспары

1 тарау. Кіріспе

      1. Осы Теміртау қаласы бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңына сәйкес жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем-шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында қабылданды.

      2. Жоспарды әзірлеу үшін келесі ақпарат пайдаланылды:

      "Азаматтарға арналған Үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалы - жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінен алынған Қарағанды облысының Теміртау қаласының жерлерін геоботаникалық зерттеп-қарау жөніндегі есеп;

      Қарағанды облысы ветеринария басқармасының "Қарағанды қалалық ветеринария станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының Теміртау қаласындағы филиалы берген ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер;

      Қарағанды облысы ветеринария басқармасының "Қарағанды қалалық ветеринария станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының Теміртау қаласындағы филиалы берген, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер;

      Қарағанды облысы ветеринария басқармасының "Қарағанды қалалық ветеринария станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының Теміртау қаласындағы филиалы берген үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер;

      мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер.

      3. Теміртау қаласының индустриалдық бағытын ескере отырып, ауыл шаруашылығы әлеуеті үлкен емес және қаланың қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының өнімдері негізінен жеке қосалқы шаруашылықтарда шығарылады.

      4. Қаланың әкімшілік аумағында ауыл шаруашылығы алқаптары ретінде пайдалануға жарамды жер көлемі жеткіліксіз, сонымен қатар, өнеркәсіптің қарқынды дамуы халықты жұмыспен қамтамасыз ете отырып, еңбек ресурстарын алаңдатады.

      5. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану – жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың ауыл шаруашылығы өнімін өндіру процесінде топырақтың құнарлылығы мен жердің мелиоративтік жай-күйінің айтарлықтай төмендеуіне жол бермеуді қамтитын жер ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, қажетті тиімділік көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында жерді оңтайлы пайдалану.

      6. Жайылым пайдаланушылар үшін жайылымдарды тиімді, оларды тоздырмай пайдалану басты міндет болып табылады.

      7. Осыған байланысты, 2022-2023 жылдарға жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша Жоспары, азықтық қажеттілігін және жайылымдардың тозу процесін алдын алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығы құрылымдары мен тұрғындар үшін жайылым айналымдарының схемалары дайындалды.

2 тарау. Жалпы мәліметтер

      8. Теміртау қаласы Қарағанды облысының солтүстік-батыс бөлігінде Қарағанды қаласынан 35 километр қашықтықта Нұра өзенінің сол жақ жағалауында, солтүстік ендіктің 50º және шығыс бойлықтың 73º құрғақ дала аймағында орналасқан.

      Қаланың орналасқан аумағы- жалпы еңісі солтүстікке, су қоймасына қарай құйқалы қыраттар болып келеді. Оңтүстік жағынан қала биік төбелермен қоршалған, солтүстікте -су қоймасымен, шығыстан Қарағанды металлургиялық зауытымен шектеледі.

      9. 2021 жылдың 1қарашадағы жағдай бойынша Теміртау қаласы жерлерінің жалпы ауданы 31147 гектарды құрайды; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 2395 гектар. Бағбандық қоғамдар және серіктестіктердің жалпы аумағы 2169 га құрайды. Шаруа (фермерлік) қожалықтармен пайдаланылатын аумақтар 167 га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптарының жерлері 144 га.

      10. Қаланың әкімшілік аумағында үй шаруашылығы саны 185, жылқы, ірі және ұсақ мал саны 2199 бас есептеледі. 1 шаруа қожалығы тіркелген.

      11. Малды жартылай қорада ұстайды. Жайылым кезеңі сәуір айының соңы - мамыр айының басында басталып, қазан айының соңы қараша айының басында аяқталады. Қыста малды қорада ұстайды. Қорада ұстау кезеңіне түбегейлі жақсартылған жерлерде табиғи шабындық жем шөптері біртіндеп дайындалады.

3 тарау. Климат

      12. Теміртау қаласының аумағы шұғыл континенттік климаты бар құрғақ дала аймағында орналасқан. Қысы суық, жазы ыстық және құрғақ. Төрт климаттық ауданы ерекшеленеді: қоңыржай-салқын, қоңыржай-жылы, ұсақ шоқылы–құрғақ, қалыпты-жылы-құрғақ. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 332 миллиметрді құрайды. Орташа жылдық ауа ылғалдығы -65%. Желдің орташа жылдық жылдамдығы-3,8 м/с.

      13. Ауаның орташа жылдық температурасы (көпжылдық) +2,6ºС. Вегетациялық мерзімде орта температурасы +14,9ºС құрайды. Ең жылы ай- шілде айы, орташа температурасы 17,8º. Ыстық жазы күн сәулесі мен жылудың молдығымен, атмосфералық жауын-шашынның аздығымен сипатталады.

4 тарау. Жер бедері

      14. Теміртау қаласының жайылым аумағы аймақтық топырағы шалғынды-қызыл қоңыр топырақты болып келетін құрғақ дала аймағында орналасқан.

      Жалпы алғанда, учаске бедері толқынды жазыққа жапсарлас, кейбір жерлерде шамалы төмендеу болады. Топырақтар қоңыр, орта қуатты, шалғынды–қоңыр болып келеді, қоңыр-сортаң топырақтар сирек кездеседі.

      15. Қала аумағын жер бедерінің келесі түрлеріне бөлуге болады:

      1) шамалы белесті жазықтар;

      2) төмендеу.

5 тарау. Өсімдік

      16. Теміртау қаласының жерлер аумағы өсімдік жамылғысының сипаттамасы бойынша құрғақ дала аймағына жатады. Ландшафттық өсімдіктері-бетегелі, Лессинг селеуі, Лерховск бұталы жусан.

      Аумақтың табиғи өсімдіктері біршама біркелкі және негізінен даланың дәнді шөптерімен, аласа таулы аймақтар мен жазықтықтың кей жерлерінде түрлі шөптермен ұсынылған.

      17. Мал жаюға жарамды жайылым өсімдіктерін дамыту үшін жағдай жеткілікті. №1 және №3 учаскелерінің қасында Самарканд су қоймасының сулары орналасқан. Бұл учаскелер атмосфералық ылғалданумен қатар, сондай-ақ жер асты суымен ылғалданады.

      Осы учаскелердегі өсімдік әр түрлі флоралық құраммен ерекшеленеді. №2 және №4 учаскелер кей жерлерде төмендеу, шамалы белесті жазықта орналасқан. Учаскелердегі топырақтар негізінде қара – қоңыр болып келеді, сиректеу кездесетін төменде орналасқан шалғындық-қоңыр топырақтар.

      18. Шабындықтарда келесі түрлер басым болып келеді: Лерх жусаны, сұлыбас, қылтан селеу, Лессинг селеуі, қалқан селеу, сүйелденген алабота, бетеге, қоңырбас және басқа түрлері.

6 тарау. Гидрография, гидрология және сулану

      19. Қаланың халқы мен өнеркәсіптік объектілерін сумен қамтамасыз ету мақсатында ірі Ертіс-Қарағанды су каналы, Самарканд жасанды су қоймасы салынған.

      20. Қаланың әкімшілік аумағындағы жерасты сулары жергілікті жердің бәрінде бар да, жарылған болып келеді. Олардың нәр алатын көзі атмосфералық жауындар, сондай-ақ еріген мұздықтар және қар сулары.

      21. Жерасты суларының химиялық құрамдары тұзсыз, жұмсақ және күрделі болып келеді. Қаланың барлық аумағына қатысты екі түрлі түрі сипатты: гидрогеологиялық – өзен алқаптарында және еңісі – басқа бөлігінде. Жерасты суларының бағыты биіктіктің еңістігіне байланысты байқалады. Тегіс жерлердегі жерасты сулары жылдамдығын азайтып және жер биіктігіне жақын келеді.

      22. Негізгі ауыл шаруашылықты сумен жабдықтау жер беті суларымен жабдықтайды, ал ауыз сумен жабдықтау Ертіс-Қарағанды каналының есебінен ұйымдастырылған.

      23. Су көздері санының жеткіліктілігіне байланысты жайылым жерлерді толық қамтамасыз етеді.

7 тарау. Геоботаника

      24. Ауылшаруашылық алқаптарын геоботаникалық зерттеуге сәйкес қала бойынша жайылымдар күлгін-қызғылт және шалғынды-қоңыр саздақ топырақтарымен сипатталады.

      25. Теміртау қаласының әкімшілік аумағы құрғақ дала зонасында орналасқан және Орталық Қазақстан аймағына жатады.

      26. Алуан түрлі жер бедері және осының салдарынан түсетін жауын-шашынның әркелкі бөлінуі, сондай-ақ топырақ құрайтын жыныстардың зор алуан түрлілігі топырақтың барынша әртүрлі болуын негіздейді.

      27. Теміртау қаласының аумағында кездесетін топырақтың жүйелі тізімі 1 қосымшаға сәйкес көрсетіледі.

8 тарау. Топырақ

      28. Ауыл шаруашылық жерлердегі топырақтардың ең көп тараған түрі күңгірт-күрең топырақтар, олардың түрлері гумус қабатының қаттылығына қарай, гумустың құрамына қарай, қоректік элементтерінің құрамына қарай (азот, фосфор, калий), сортаңдық процестерінің даму деңгейіне қарай, химизм бойынша әртүрлі тұздардың жату тереңдігіне қарай, карбонаттар мен гипстердің саны мен жату тереңдігіне қарай, механикалық құрамына қарай, қаңқалық және тастылық дәрежесіне қарай ажыратылады.

      29. Маңайдағы ылди жерлерден су ағуға немесе топырақ суларының жақын жерлерде жатуына себеп болатындай жоғары ылғалдылық жағдайларында терең емес депрессиялар мен өзендердің маңындағы ояңдарда астарында әртүрлі сортаңды және тұзды деңгейдегі гидроморфты немесе жартылай гидроморфты топырақтар қалыптасатын шалғынды дәнді бозды-бедегелі өсімдіктер өседі. Бұлар шалғынды қара-қоңыр, шалғынды және шалғынды - сазды топырақтар. Аталмыш топырақтардың ашық - қара түсті гумус қабаттары болады. Гумустың құрамы автоморфты күңгірт - күрең топырақтарда басымдырақ болады. Бұл топырақтар шалғынды немесе шалғынды күңгірт - күрең сортаң жерлерде, ал кейде шалғынды сораң немесе сораң жерлерде кездеседі.

9 тарау. Жер қорының жағдайы және пайдалану

1. Параграф. Жер қорын жер санаттары бойынша бөлу

      30. 2021 жылғы 1 қарашаға жерді есепке алу мәліметтері бойынша қалаға бекітілген алаңы 31147 га құрайды. Нысаналы мақсатына қарай бүкіл жер қоры 2 қосымшаға сәйкес санаттар бойынша бөлінеді.

      31. Кестеге қарағанда қаланың басым бөлігі 7,7% ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді құрайды, ал елді мекен жерлері қала аумағының 33,9% алып жатыр, орман қоры жерлерінің үлесіне 17,4% келеді, қала аумағының су қоры жерлері 29%.

      32. Ауыл шаруашылығында пайдалану жерлері 2395 гектарды құрайды. Барлық ауыл шаруашылығында пайдалану жерлері дерлік жеке меншікте және жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың уақытша өтеулі ұзақ мерзімдік жер пайдалануында тұр.

      33. Ауыл шаруашылығында пайдалану жерлерінен шаруа қожалығын жүргізу үшін – 7,7% (144 гектар) және бақ шаруашылығын жүргізу үшін және саяжай құрылысының жерлері 90% (2169 гектар) құрайды.

      34. Орман қорының жерлері 5111 гектар орман шаруашылықтарына қызмет көрсетуге арналған.

      35. Су қорының жерлері 8976 гектар ауданды құрайды. Су қорын Самарканд су қоймасы техникалық қажеттіліктер, жерлерді суару үшін пайдаланылады.

      36. Ауыл шаруашылығына жарамды дерлік барлық жерлер жер пайдаланушыларға бекітілген.

2. Параграф. Елді мекендердің аумақтарын пайдалану

      37. Елді мекендер жерлерінің жалпы ауданы 34591 гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлер - 2395 гектар, барлық ауыл шаруашылығы алқаптары - 1688 га, орман қорына кірмейтін ағаш-бұталы екпелер- 5 га, су асты барлығы-21 га (оның ішінде өзендер мен жылғалар астындағы- 15 га, жасанды су айдындары- 6 га), арналар және коллекторлардың астындағы- 14 га, алаңдар, жолдар, көшелер астындағы жерлер- 167 га, құрылыстар астындағы- 58 га және басқа да алқаптар 436 гектарды құрайды.

      38. Жайылымдарға қажеттілікті есептеу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №3-3/332 "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 мамырдағы №11064 тіркелді) сәйкес, геоботаникалық зерттеулер материалдары негізінде жүргізіледі.

10 тарау. Жайылымдарды басқару және оларды қолдану бойынша жоспар

      39. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға:

      Теміртау қаласының аумағында кездесетін топырақтың жүйелі тізімі 1 қосымшаға сәйкес ұсынылды;

      жер қорының жер санаттары кестесі 2 қосымшаға сәйкес ұсынылды;

      құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы, жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы, жайылым пайдаланушылардың су көздерiне қол жеткізу схемасы, жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы 3 қосымшаға сәйкес ұсынылды;

      ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі 4 қосымшаға сәйкес ұсынылды;

      ветеринариялық-санитарлық объектілер туралы ақпарат 5 қосымшаға сәйкес ұсынылды;

      ауыл шаруашылығы мал басының саны туралы ақпарат 6 қосымшаға сәйкес ұсынылды;

      ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер 7 қосымшаға сәйкес ұсынылды;

      Теміртау қаласы бойынша жайылым айналымдарының схемасы 8 қосымшаға сәйкес ұсынылды;

      Теміртау қаласының жергілікті жағдайлары мен ерекшеліктеріне қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары белгіленген картасы 9 қосымшаға сәйкес ұсынылды.

      40. Жоғарыда келтірілген материалдардың негізінде, жайылым жерлерінің жетіспеушілігіне байланысты халықтың аулаларында шаруа қожалықтарында мыңнан астам мал бар, сондықтан малдың тығыздығы осы аймақтың қолданыстағы мөлшерден (норматив) бірнеше есе артық.

      41. Сонымен қатар, қала территориясында жайылымдардың аумағы шектелген себепті ауылшаруашылық тауарөндірушілермен бордақылау шаруашылығын дамыту мүмкіндігі үшін бар бизнесті мемлекеттік қолдау құралдары бойынша ақпараттық-түсіндерме жұмыстары жүргізілетін болады.

      42. Елді мекендерде ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануда жайылым айналымын сақтау қажет, ол азық түлік базасын жақсартуға жағдай жасайды. Жазғы кезде малды жайылым азығымен қамтамасыз ету үшін сиыр басын және 6 айға дейінгі жас бұзауларды елді мекендерге жақын орналасқан жайылымдарда қалтыру ұсынылады. Алты жастан жоғары және жылқыларды алыс жайылымдарда жаюды ұйымдастыру ұсынылады.

      Сол себепті, қолданыстағы ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану үшін жайылым пайдаланушыларымен жайылымдарды тиімді, тоздырмай пайдалану керектігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

  Теміртау қаласы бойынша
2022-2023 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарына
1 қосымша

Республикалық жүйелі тізім бойынша шифр

Топырақтың атауы


Қара -қоңыр топырақ


Қара - қоңыр аз дамыған топырақ


Шалғындық-қоңыр топырақ


Қоңыр сортаң

      Жайылымның басым түрлері:

      бетегелі - селеулі - лерхианды жусанды;

      бетегелі - лерхианды жусанды;

      бұталы жусанды - бетегелі;

      бұталы жусанды - әртүрлі шөптер;

      лерхианды жусанды - алабота - бетегелі;

      алабота - бетегелі;

      алабота - шырыңды сораңды;

      айрауықты - елекшөптер;

      елекшөптер.

  Теміртау қаласы бойынша
2022-2023 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарға
2 қосымша

Жерлер санатының атауы

Алаңы (гектар)

1

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

2395

2

Елді мекендер (қалалар, поселкелер және ауылдық елді мекендер)

34591

2.1

Тұрғын үй аймағының жерлері

829

2.2

Әлеуметтік аймақтың жерлері

318

2.3

Коммерциялық аймақтың жерлері

5981

2.4

Өзге аймақтың жерлері

27463

3

Босалқы жерлер

0

  Теміртау қаласы бойынша
2022-2023 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарына
3 қосымша

Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы, жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы, жайылым пайдаланушылардың су көздерiне қол жеткізу схемасы, жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

     


      Шектесу сипаттамасы

      А-дан Б-ға дейін Гагарин ауылдық округ жерлері

      Б-дан В-ға дейін Баймырза ауылдық округ жерлері

      В-дан Г-ге дейін Ғ.Мұстафин атындағы ауылдық округ жерлері

      Г-ден Д-ға дейін Тұзды ауылдық округ жерлері

      Д-дан Е-ге дейін Жаңаөзен ауылдық округ жерлері

      Е-ден Ж-ға дейін Қызылқайың ауылдық округ жерлері

      Ж-дан 3-ға дейін Жаңаөзен ауылдық округ жерлері

      3-дан И-ге дейін Қызылқайың ауылдық округ жерлері

      И-ден А-ға дейін Самарқант ауылдық округ жерлері

     


  2022-2023 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарына
4 қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі

Жылдар

15-ші сәуірден 31-ші мамырға дейін

1-ші маусымнан 31-ші шілдеге дейін

1-ші тамыздан 10-шы қазанға дейін

2022

1 жайылым

2 жайылым

1 жайылым

3 жайылым

4 жайылым

3 жайылым

5 жайылым

6 жайылым

5 жайылым

7 жайылым

8 жайылым

7 жайылым

2023

2 жайылым

1 жайылым

2 жайылым

4 жайылым

3 жайылым

4 жайылым

6 жайылым

5 жайылым

6 жайылым

8 жайылым

7 жайылым

8 жайылым

  Теміртау қаласы бойынша
2022-2023 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарына
5 қосымша

Аймақ

Ветеринарлық станция

Мал бордақылау алаңдары

Ұрықтандыру пункттері

Мал қорымдары

1

Теміртау қаласы

1

0

0

1

  Теміртау қаласы бойынша
2022-2023 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарына
6 қосымша

Елді мекен

Ірі қара мал

Жылқылар

Ұсақ мал

1

Теміртау қаласы

1180

122

897

2

Барлығы

1180

122

897

  Теміртау қаласы бойынша
2022-2023 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарына
7 қосымша

Елді мекен

Үйірлер, отарлар, табындардың саны

Ірі қара мал

Жылқылар

Ұсақ мал


1

Cу қоймасының маңында





Аққұдық станциясы

1

1

1

2

Қарағанды көшесі маңында





Победа көшесімен Ушинский көшесінен АБВ кварталы арқылы, Кулибина, 9 ықшам ауданы Екатеринбург-Алматы тасжолына қарай

1

1

1

3

Теміржол вокзалы маңындағы





Чернышевский, Тулебаева, Ынтымақ, Зоводская көшесінен теміржол Вокзалының қазандығына дейін

1

1

1

4

Әскери бөлім маңындағы





125 кварталмен Амангелді көшесімен және әлеуметтік қалашықтан Екатеринбург-Алматы жоларнасына қарай

3

3

3

  Теміртау қаласы бойынша
2022-2023 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарына
8 қосымша

Теміртау қаласы бойынша жайылым айналымдарының схемасы

     


     


  Теміртау қаласы бойынша
2022–2023 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарына
9 қосымша

     


Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по городу Темиртау на 2022-2023 годы

Решение Темиртауского городского маслихата Карагандинской области от 17 марта 2022 года № 21/4. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 20 февраля 2017 года "О пастбищах", в целях рационального использования пастбищ и повышения продуктивности животноводства на территории города Темиртау, Темиртауский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемый План по управлению пастбищами и их использованию по городу Темиртау на 2022-2023 годы.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь городского маслихата А. Ломакин

  Утвержден решением
Темиртауского городского маслихата
от "17" марта 2022 года
№ 21/4

План по управлению пастбищами и их использованию по городу Темиртау на 2022-2023 годы

Глава 1. Введение

      1. Настоящий План по управлению пастбищами и их использованию по городу Темиртау на 2022 - 2023 годы разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан от 20 февраля 2017 года "О пастбищах", в целях рационального использования пастбищ, устойчивого обеспечения потребности в кормах и предотвращения процессов деградации пастбищ.

      2. Для разработки Плана использована следующая информация:

      отчет по геоботаническому обследованию земель города Темиртау Карагандинской области, полученный от Департамента земельного кадастра и технического обследования недвижимости – филиал некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан" по Карагандинской области;

      сведения о ветеринарно - санитарных объектах, предоставленные филиалом КГП на ПХВ "Карагандинская городская ветеринарная станция" Управления ветеринарии Карагандинской области в городе Темиртау;

      данные о численности поголовья сельскохозяйственных животных, представленные филиалом КГП на ПХВ "Карагандинская городская ветеринарная станция" Управления ветеринарии Карагандинской области в городе Темиртау;

      данные о количестве гуртов, отар, табунов, представленные филиалом КГП на ПХВ "Карагандинская городская ветеринарная станция" Управления ветеринарии Карагандинской области в городе Темиртау;

      иные данные, предоставленные государственными органами, физическими и (или) юридическими лицами.

      3. Учитывая индустриальную направленность города Темиртау, потенциал сельского хозяйства не велик и не позволяет обеспечить потребности города. Продукция, как животноводства, так и растениеводства в основном производится личными подсобными хозяйствами.

      4. На административной территории города не имеется достаточного количества земель, пригодных для использования в качестве сельскохозяйственных угодий, кроме того, интенсивное развитие промышленности отвлекает трудовые ресурсы, обеспечивая занятость населения.

      5. Рациональное использование земель сельскохозяйственного назначения – обеспечение собственниками земельных участков и землепользователями в процессе производства сельскохозяйственной продукции эффективного использования земельных ресурсов, включающее недопущение существенного снижения плодородия почв и мелиоративного состояния земель, оптимальное использование земли в целях получения необходимых показателей продуктивности.

      6. Для пастбищепользователей эффективное использование пастбищ без их деградации является главной задачей.

      7. В связи с этим, разработан План по управлению пастбищами и их использованию на 2022-2023 годы, схемы пастбищеоборотов для сельскохозяйственных формирований и населения, что позволит обеспечить потребность в кормах и предотвратить процесс деградации пастбищ.

Глава 2. Общие сведения

      8. Город Темиртау расположен на левом берегу реки Нуры, в 35 км к северо-западу от Караганды, в северо-западной части Карагандинской области, в зоне сухих степей, под 50º северной широты и 73º восточной долготы.

      Территория, на которой расположен город, представляет холмистую местность с общим уклоном на север – в сторону водохранилища. С южной стороны город окружҰн грядой высоких сопок, с севера – водохранилищем, с востока город замыкает Карагандинский металлургический комбинат.

      9. Общая площадь земель города Темиртау по состоянию на 1 ноября 2021 года составляет 31147 га, общая площадь земель сельскохозяйственного использования составляет 2395 га. Общая площадь садоводческих обществ и товариществ составляет 2169 га. Площадь, занимаемая крестьянскими (фермерскими) хозяйствами составляет 167 га, в том числе сельскохозяйственные угодья 144 га.

      10. На административной территории города насчитывается 185 – домашних хозяйств, с численностью лошадей, крупного и мелкого скота 2199 голов. Зарегистрировано 1 крестьянское хозяйство.

      11. Содержание скота в основном полустойловое. Пастбищный период начинается в конце апреля - начале мая и заканчивается в конце октября - начале ноября. Зимнее содержание скота стойловое. Корма на стойловый период частично заготавливаются с природных сенокосов, с участков коренного улучшения.

Глава 3. Климат

      12. Территория города Темиртау находится в зоне сухих степей, климат резко континентальный. Зима холодная, лето жаркое и сухое. Здесь выделяются четыре климатических района: умеренно-прохладный, умеренно-теплый, мелкосопочно-засушливый, умеренно-тепло-засушлевый. Среднегодовые осадки — 332 мм. Среднегодовая влажность воздуха — 65%. Среднегодовая скорость ветра — 3,8 м/c.

      13. Среднегодовая температура воздуха (многолетняя) составляет +2,6ºС. Средняя температура за вегетационный период составляет +14,9ºС. Самый теплый месяц июль, средняя температура 17,8º. Жаркое лето характеризуется обилием солнечного света и тепла с малым количеством атмосферных осадков.

Глава 4. Рельеф

      14. Территория пастбищных участков города Темиртау расположена в зоне сухих степей, где зональными почвами являются темно-каштановые почвы.

      В целом, рельеф пастбищных участков прилегает к слабоволнистой равнине, местами с незначительными понижениями. Почвы в основном представлены каштановыми среднемощными и лугово-каштановыми, а также реже встречаются солонцы-каштановые.

      15. Рельеф земель города Темиртау представлен в основном двумя видами:

      1) слабоволнистые равнины;

      2) понижения.

Глава 5. Растительность

      16. Территория земель города Темиртау по характеру растительного покрова относится к зоне сухих степей. Ландшафтными растениями являются – типчак, ковыль Лессинга и полынь кустарниковая с Лерховской.

      Естественная растительность территории довольно однообразна и представлена главным образом степными дерновинными злаками (ксерофиты) с примесью степного разнотравья и полыней.

      17. Условия достаточные для развития пастбищных растений пригодных к выпасу скота. Рядом с участками №1 и №3 расположены воды Самаркандского водохранилища. Эти участки увлажняются за счет подземных вод и атмосферных осадков.

      Растительность на данных участках отличается более разнообразным флористическим составом. Участки №2 и №4 расположены на слабоволнистой равнине, местами с понижениями. Почвы на участках в основном преобладают темно-каштановые и реже лугово-каштановые по понижениям.

      18. В травостое преобладают следующие виды растений: полынь Лерха, овсяница бороздчатая, ковыль Лессинга, вейник наземный, лебеда бородавчатая, полынь кустарниковая, солерос европейский и другие виды.

Глава 6. Гидрография, гидрология и обводненность

      19. В целях обеспечения населения города и объектов промышленности водой построен крупный водоканал Иртыш-Караганда, создано искусственное озеро - водохранилище Самаркандское.

      20. Подземные воды на административной территории города преимущественно трещинные, формируются повсеместно. Источником их питания являются атмосферные осадки, а также талые воды ледников и снежников.

      21. По химическому составу грунтовые воды пресные, от мягких до жестких. Для всей территории города характерны два типа режима: гидрогеологический - в долинах рек, и склоновый - на остальной части. Направление движения подземных вод совпадает с уклоном поверхности. В равных частях подземные воды теряют скорость и довольно близко подходят к земной поверхности.

      22. Основное сельскохозяйственное водоснабжение базируется на поверхностных водах, а питьевое водоснабжение организовано за счет канала Иртыш-Караганда.

      23. Наличие достаточного количества водных источников обеспечивают полную обводненность пастбищных угодий.

Глава 7. Геоботаника

      24. Согласно геоботаническому обследованию сельскохозяйственных угодий, пастбища по городу характеризуются в основном темно-каштановыми, темно-каштановыми среднемощными, лугово-каштановыми и солонцы каштановыми почвами.

      25. Административная территория города Темиртау расположена в зоне сухих степей и относится к Центрально - Казахстанской провинции.

      26. Разнообразный рельеф и вследствие этого весьма неравномерное распределение выпадающих осадков, а также большая пестрота почвообразующих пород обуславливают довольно большое разнообразие почв.

      27. Систематический список почв, встречающихся на территории города Темиртау, представляется согласно приложению 1.

Глава 8. Почвы

      28. Самыми распространенными почвами сельхоз угодий являются темно-каштановые почвы, их многочисленные разновидности, различающиеся по мощности гумусового горизонта, содержанию гумуса, по содержанию элементов питания (азота, фосфора, калия), по степени развития солонцового процесса, по глубине залегания различных по химизму солей, по количеству и глубине залегания карбонатов, гипса, по механическому составу, степени скелетности и каменистости.

      29. В условиях повышенного увлажнения, являющегося следствием стекания воды с окружающих склонов или близкого залегания грунтовых вод, в неглубоких депрессиях и приозерных понижениях развивается луговая злаково - разнотравная растительность, под которой формируются почвы гидроморфного и полугидроморфного ряда, разной степени солонцеватости и засоления. Это лугово - каштановые, луговые и лугово - болотные почвы. Данные почвы имеют более темно - окрашенный, более выраженный верхний гумусовый горизонт, содержание гумуса, как правило, значительно превышает содержание его в автоморфных темно - каштановых почвах. Часто эти почвы залегают в комплексе с луговыми или лугово - каштановыми солонцами, иногда в комплексе с солончаками луговыми или типичными.

Глава 9. Состояние земельного фонда города и его использование

Параграф 1. Распределение земельного фонда по категориям земель

      30. По данным земельного учета на 1 ноября 2021 года площадь, закрепленная за городом, составляет 31147 гектара. В зависимости от целевого назначения весь земельный фонд города распределяется по категориям согласно приложению 2.

      31. Из таблицы следует, что земли сельскохозяйственного использования составляют 7,7%, земли населенных пунктов занимают 33,9% территории города, на долю земель лесного фонда приходится 17,4%, земли водного фонда составляют 29% территории города.

      32. Земли сельскохозяйственного использования составляют 2395 гектара. Практически все земли сельскохозяйственного использования находятся в частной собственности, а также временном возмездном долгосрочном землепользовании физических лиц и негосударственных юридических лиц.

      33. Из земель сельскохозяйственного использования 7,7% (144 гектар) земли для ведения крестьянских хозяйств, 90% (2169 гектар) для садоводства и дачного строительства.

      34. Земли лесного фонда занимают 5111 гектаров используются для обслуживания лесных массивов.

      35. Земли водного фонда занимают площадь 8976 гектара. Водный фонд представлен Самаркандским водохранилищем, водные запасы которых частично используются для технических нужд, орошения земель.

      36. Почти все земли, пригодные для сельскохозяйственного использования, закреплены за землепользователями.

Параграф 2. Использование территории населенных пунктов

      37. Общая площадь земель населенных пунктов составляет 34591 гектара, в том числе земли сельскохозяйственного назначения - 2395 гектар, всего сельскохозяйственных угодий - 1688 га, древесно-кустарниковые насаждения, не входящие в лесной фонд- 5 га, всего под водой-21 га (в том числе под реками и ручьями - 15 га, искусственные водоемы - 6 га), под каналами и коллекторами - 14 га, земли под площадями, дорогами, улицами - 167 га, под строениями - 58 га и другие площади составляют 436 га.

      38. Расчет потребности в пастбищах проводится согласно норм нагрузки в соответствии с Приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 апреля 2015 года №3-3/332 "Об утверждении предельно допустимой нормы нагрузки на общую площадь пастбищ" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 мая 2015 года № 11064), на основании материалов геоботанических обследований.

Глава 10. План по управлению пастбищами и их использованию

      39. План по управлению пастбищами и их использованию включает:

      систематический список почв, встречающихся на территории города Темиртау представлен согласно приложению 1;

      таблица земельного фонда по категориям земель представлен согласно приложению 2;

      схема расположения пастбищ на территории административно-территориальной единицы в разрезе категорий земель, собственников земельных участков и землепользователей на основании правоустанавливающих документов, карта с обозначением внешних и внутренних границ и площадей пастбищ, в том числе сезонных, объектов пастбищной инфраструктуры, схема доступа пастбищепользователей к водным источникам, схема перераспределения пастбищ для размещения поголовья сельскохозяйственных животных физических и (или) юридических лиц, у которых отсутствуют пастбища, и перемещения его на предоставляемые пастбища представлены согласно приложению 3;

      календарный график по использованию пастбищ, устанавливающий сезонные маршруты выпаса и передвижения сельскохозяйственных животных представлен согласно приложению 4;

      информация о ветеринарно-санитарных объектах представлена согласно приложению 5;

      информация по численности поголовья сельскохозяйственных животных представлена согласно приложению 6;

      данные о количестве гуртов, отар, табунов, сформированных по видам сельскохозяйственных животных представлены согласно приложению 7;

      схема пастбищеоборотов города Темиртау представлена согласно приложению 8;

      карта города Темиртау с установлением внешних и внутренних границ и площадей пастбищ, необходимых для удовлетворения нужд населения в выпасе сельскохозяйственных животных личного подворья в зависимости от местных условий и особенностей представлена согласно приложению 9.

      40. С учетом вышеприведенных материалов, необходимо отметить, что недостаточностью пастбищных земель во дворах населения содержатся более тысячи животных и скот крестьянских хозяйств, соответственно плотность скота в несколько раз превышает размер (норматив), действующий в этом регионе.

      41. Кроме этого, в связи с ограниченными площадями пастбищ на территории города проводится информационно-разъяснительная работа с сельхозтоваропроизводителями об имеющихся мерах государственной поддержки бизнеса для возможного развития откормочных хозяйств.

      42. При использовании сельскохозяйственных угодий в населенных пунктах необходимо соблюдать пастбищеоборот, что улучшит состояние кормовой базы. Для обеспечения скота пастбищными кормами в летний период поголовье коров и молодняка до 6 месяцев предлагается оставить на выпасе на пастбищах, находящихся вблизи населенных пунктов. Для молодняка старшего возраста и лошадей рекомендуется организовать выпас на более отдаленных пастбищах.

      В этой связи, в целях рационального использования земель сельскохозяйственного использования будет проводится разъяснительная работа с пастбищепользователями об эффективном использовании пастбищ без их деградации.

  Приложение 1
к Плану по управлению пастбищами
и их использованию по городу Темиртау
на 2022-2023 годы

Шифр по республиканскому систематическому списку

Название почвы


Темно каштановые почвы


Темно - каштановые среднемощные почвы


Лугово - каштановые почвы


Солонцы каштановые

      Преобладающие типы пастбищ:

      типчаково - ковылково - лерхиановополынные;

      типчаково - лерхиановополынные;

      кустарниковополынно - типчаковые;

      кустарниковополынно - разнотравные;

      лерхиановополынно - лебедово - типчаковые;

      лебедово - типчаковые;

      лебедово - сочносолянковые;

      вейниково - ситниковые;

      стиниковые.

  Приложение 2
к Плану по управлению пастбищами
и их использованию по городу Темиртау
на 2022-2023 годы

№ п/п

Наименование категории земель

Площадь (гектар)

1

Земли сельскохозяйственного назначения

2395

2

Земли населенных пунктов (городов, поселков и сельских населенных пунктов)

34591

2.1

Земли жилищной зоны

829

2.2

Земли социальной зоны

318

2.3

Земли коммерческой зоны

5981

2.4

Земли иной зоны

27463

3

Земли запаса

0

  Приложение 3
к Плану по управлению пастбищами
и их использованию по городу Темиртау
на 2022-2023 годы

Схема расположения пастбищ на территории административно-территориальной единицы в разрезе категорий земель, собственников земельных участков и землепользователей, карта с обозначением внешних и внутренних границ и площадей пастбищ, в том числе сезонных, объектов пастбищной инфраструктурой, схема доступа пастбищепользователей к водным источникам, схема перераспределения пастбищ для размещения поголовья сельскохозяйственных животных физических и (или) юридических лиц, у которых отсутствуют пастбища, и перемещения его на предоставляемые пастбища.

     


      Описание смежств

      От А до Б земли Гагаринского сельского округа

      От Б до В земли сельского округа Баймырза

      От В до Г земли сельского округа им. Г. Мустафина

      От Г до Д земли сельского округа Тузды

      От Д до Е земли Новоузенского сельского округа

      От Е до Ж земли Кызылкаинского сельского округа

      От Ж до З земли Новоузенского сельского округа

      От З до И земли Кызылкаинского сельского округа

      От И до А земли Самаркандского сельского округа

     


  Приложение 4
к Плану по управлению пастбищами
и их использованию по городу Темиртау
на 2022-2023 годы

Календарный график по использованию пастбищ, устанавливающий сезонные маршруты выпаса и передвижения сельскохозяйственных животных

Годы

с 15 апреля по 31мая

с 1июня по 31 июля

с 1 августа по 10 октября

2022

1 пастбище

2 пастбище

1 пастбище

3 пастбище

4 пастбище

3 пастбище

5 пастбище

6 пастбище

5 пастбище

7 пастбище

8 пастбище

7 пастбище

2023

2 пастбище

1 пастбище

2 пастбище

4 пастбище

3 пастбище

4 пастбище

6 пастбище

5 пастбище

6 пастбище

8 пастбище

7 пастбище

8 пастбище

  Приложение 5
к Плану по управлению пастбищами
и их использованию по городу Темиртау
на 2022-2023 годы

Регион

Ветеринарная станция

Откормочные площадки

Пункты осеменения

Скотомогильники

1.

город Темиртау

1

0

0

1

  Приложение 6
к Плану по управлению пастбищами
и их использованию по городу Темиртау
на 2022-2023 годы

Населенный пункт

Крупный рогатый скот

Лошади

Мелкий рогатый скот

1.

город Темиртау

1180

122

897


Итого

1180

122

897

  Приложение 7
к Плану по управлению пастбищами
и их использованию по городу Темиртау
на 2022-2023 годы

Населенный пункт

Количество гуртов, отар, табунов

Крупный рогатый скот

Лошади

Мелкий рогатый скот


1

В районе водохранилища





станция Аккудук

1

1

1


2

В районе улицы Қарағанды





от улиц Победы и Ушинского через АБВ квартал, Кулибина, 9 микрорайон в сторону трассы "Екатеринбург-Алматы"

1

1

1


3

В районе железнодорожного Вокзала





улица Чернышевский, Тулебаева, Ынтымақ, Заводская до котельной железнодорожного Вокзала

1

1

1


4

В районе Воинской части





от улицы Амангелды, 125 квартал и соцгородок до трассы "Екатеринбург-Алматы"

3

3

3

  Приложение 8
к Плану по управлению пастбищами
и их использованию по городу Темиртау
на 2022-2023 годы

Схема пастбищеооборотов города Темиртау

     


     


  Приложение 9
к Плану по управлению пастбищами
и их использованию по городу Темиртау
на 2022–2023 годы