"Қазақстан Республикссындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 05 қазандағы қаулысына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кентінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кентінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | О. Баймаганбетов |
Саран қалалық мәслихатының 2022 ж. 23 маусымдағы №141 шешіміне 1-қосымша |
Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кентінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кентінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген "Жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына" сәйкес әзірленді және Ақтас кентінің жергілікті бөлек қоғамдастығының жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
2. Кент аумағындағы шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті бөлек қоғамдастығының жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) Ақтас кентінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Ақтас кентінің аумағы учаскелерге (шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Бөлек жиынды Ақтас кентінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелері туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабарлайды.
7. Шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Ақтас кентінің әкімі ұйымдастырады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ақтас кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ақтас кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Саран қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Ақтас кенті әкімінің аппаратына беріледі.
Саран қалалық мәслихатының 2022 ж. 23 маусымдағы №141 шешіміне 2-қосымша |