Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1- бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2022 жылғы 07 желтоқсандағы №06-05-02-16/519 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Қарқаралы ауданы Мартбек Мамыраев ауылдық округінің "Қоспақ" қыстағындағы "Свиридов" шаруа қожалығы аумағында ірі қара мал арасында қарасан ауруын жою бойынша кешендік ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар жүргізілуіне орай белгіленген карантин алып тасталсын.
2. Қарқаралы ауданы Мартбек Мамыраев ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 9 "Карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімі | Ж. Аскербекулы |