Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Нұра ауданы Жанбөбек ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Нұра ауданы Жанбөбек ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін жергілікті қоғамдастық жиында ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұра аудандық мәслихатының хатшысы | Т. Оспанов |
Нұра аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 7 қазандағы № 166 шешіміне 1 қосымша |
Қарағанды облысы Нұра ауданы Жанбөбек ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Қарағанды облысы Нұра ауданы Жанбөбек ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік ережелеріне сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген және Қарағанды облысы Нұра ауданы Жанбөбек ауылының (одан әрі – Жанбөбек ауылы) аумағында ауылтұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді белгілейді.
2. Осы тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық-шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Жанбөбек ауылының аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу үшін Жанбөбек ауылының аумағы: Жанбөбек ауыл учаскесіне бөлінеді.
4. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Жанбөбек ауылының өкілдері сайланады, бірақ ауылдан үш адамнан аспауы керек.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Жанбөбек ауылының әкімі шақырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер Жанбөбек ауылының әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен ғаламтор - ресурстар, мобильді немесе үй байланыс желілері, мобильді қосымшалар мессенджерлері арқылы хабардар етеді.
7. Ауыл шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді Жанбөбек ауылының әкімі ұйымдастырады.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында Жанбөбек ауылының аумағында қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жанбөбек ауылында тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) он пайызы қатысқан кезде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны өтті деп есептеледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Жанбөбек ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Жанбөбек ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Жанбөбек ауылының тұрғындары өкілдерінің үміткерлерымен Қарағанды облысы Нұра ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір үміткер бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған үміткерлер сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және жиын өткізілген күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Жанбөбек ауылы әкімінің аппаратына береді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасында:
1) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының өткізілетін күні мен орны;
2) ауыл шегінде тұратын және жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3) қатысушылардың саны;
4) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны төрағасының және хатшысының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса);
5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Нұра аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 7 қазандағы № 166 шешіміне 2 қосымша |
Қарағанды облысы Нұра ауданының Жанбөбек ауылының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Ауыл атауы | Ауыл өкілдерінің саны |
1 | Жанбөбек ауылы | 3 |
Барлығы | 3 |