Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 23.10.2024 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қызылорда облыстық мәслихатының "Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 21 қазандағы № 473 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7763 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларында:
6-тармақ келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Жануарларды жаю және айдап өту учаскелерін айқындау кезінде жануарлар дүниесінің жай-күйіне, мекендеу ортасын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделеді және жүзеге асырылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Заңының 17-бабына сәйкес жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды болып табылатын учаскелерге қол сұғылмаушылық қамтамасыз етілуге тиіс.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Байқадамов |