"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда облыстық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 473 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7763 болып тіркелген);
2) "Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 473 "Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 11 шілдедегі № 119 шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы | М. Тлеумбетов |