Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 14.11.2023 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылға Жаңаөзен қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңаөзен қаласының әкімі | А. Қосуақов |
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің | |
2022 жылғы "26"желтоқсандағы | |
№665 қаулысына қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі
№ | Ұйымның атауы | Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) барлығы | Ауыр жұмыстардағы еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Ауыр жұмыстардағы еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде белгіленген квота саны (адам) | Мүгедектерге белгіленген квота мөлшері (%) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | "Өзенпромгеофизика" Акционерлік қоғамы | 192 | 83 | 2 | 2 % |
2 | "Өзенэнергосервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 176 | 176 | 5 | 3 % |
3 | "Бұрғылау" жауапкершілігі шектеулі серіктестік | 2025 | 261 | 10 | 4 % |
4 | "TENGE Oil & Gas" жауапкершілігі шектеулі серіктестік | 150 | 72 | 1 | 2 % |
5 | "Кезби" жауапкершілігі шектеулі серіктестік | 1050 | 81 | 2 | 2 % |
6 | "Өзенинвест" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 374 | 374 | 15 | 4 % |
Барлығы: 6 | 3967 | 1047 | 35 |