Жаңаөзен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 539 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2.Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ж.Аймаганбетовке жүктелсін.

      3.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А.Қосуақов

  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
  "14" қарашадағы №539
  қаулысына қосымша

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1)Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 52 "2023 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы;

      2)Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 665 "2023 жылға Жаңаөзен қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы;

      3)Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 08 тамыздағы №368 "Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №665 "2023 жылға Жаңаөзен қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады