Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 – баптарына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына Бейнеу ауданының босалқы жерінен ШТИ-013, КУ-969 электрмен жабдықтау желісін салу үшін алаңы 0,3728 гектар жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;
Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу ауданының әкімі | Б. Әбілов |