Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 19-бабына, 69 бабының 4 тармағы 2-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 35-бабы 1-тармағының 6 тармақшасына және жер учаскесіне құқық беру үшін жобалау жоспарына сәйкес ШЕШТІМ:
1. "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына, талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін Бейнеу ауылынан жалпы ауданы 0,6864 гектар жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгілсін.
2. "Бейнеу ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы шешімді ресми жариялауға жіберуді;
Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Бейнеу ауылының әкімі | Р. Тайшыбаев |