Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 21/264 "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 7 қыркүйекте № 21/129 шешімі

      Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы №21/264 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3564 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде көрсетілген шешіммен бекітілген:

      5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. "Бағалауды өткізу үшін" "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады. Комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.";

      40 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "40. Персоналды басқару қызметі "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстырады.";

      41 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.

      Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";

      42 тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұнайлы аудандық мәслихатының хатшысы Б. Билялов

О внесении изменений в решение Мунайлинского районного маслихата от 30 марта 2018 года № 21/264 "Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Мунайлинского районного маслихата""

Решение Мунайлинского районного маслихата Мангистауской области от 7 сентября 2022 года № 21/129

      Мунайлинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Мунайлинского районного маслихата от 30 марта 2018 года №21/264 "Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Мунайлинского районного маслихата" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №3564) следующие изменение:

      в методике оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Мунайлинского районного маслихата", утвержденной указанным решением:

      пункт 5 изложить в новой редакции:

      "5. Для проведения оценки должностным лицом, имеющим право назначения на государственную должность и освобождения от государственной должности служащего корпуса "Б" (далее – уполномоченное лицо), создается Комиссия по оценке (далее – Комиссия), рабочим органом которой является служба управления персоналом либо в случае ее отсутствия – иное структурное подразделение (лицо), на которое возложено исполнение обязанностей службы управления персоналом (кадровой службой) (далее – служба управления персоналом).

      Состав Комиссии определяется уполномоченным лицом. Количество членов Комиссии составляет не менее 5 человек.";

      пункт 40 изложить в новой редакции:

      "40. Служба управления персоналом ознакамливает служащего корпуса "Б" с результатами оценки в течение двух рабочих дней со дня ее завершения.";

      пункт 41 изложить в новой редакции:

      "41. Ознакомление служащего корпуса "Б" с результатами оценки осуществляется в письменной форме. В случае отказа служащего от ознакомления, составляется акт в произвольной форме, который подписывается службой управления персоналом и двумя другими служащими государственного органа.

      При этом служащим, отказавшимся от ознакомления, результаты оценки направляются посредством интранет-портала государственных органов и/или единой автоматизированной базы данных (информационной системы) по персоналу государственной службы либо системы электронного документооборота в сроки, указанные в пункте 40 настоящей Методики.";

      пункт 42 исключить.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого офицального опубликования.

      Секретарь Мунайлинского районного маслихата Б. Билялов