Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Мұнайлы аудандық мәслихатының шешімінің құрылымдық элементінің және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы аудандық мәслихатының төрағасы | Б. Билялов |
Мұнайлы аудандық мәслихатының | |
2023 жылғы 23 қазандағы | |
№ 6/39 шешіміне қосымша |
Мұнайлы аудандық мәслихатының күші жойылған шешімінің құрылымдық элементінің және кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Мұнайлы ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" Мұнайлы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №20/223 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2414 болып тіркелген).
2. "Мұнайлы аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Мұнайлы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 шілдедегі №3/37 шешіміне қосымшаның 1-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3135 болып тіркелген).
3. "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы №21/264 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3564 болып тіркелген).
4. "Мұнайлы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №32/341 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3736 болып тіркелген).
5. "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №32/341 "Мұнайлы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Мұнайлы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 3 қазандағы №45/438 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4001 болып тіркелген).
6. "Мұнайлы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" Мұнайлы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 қарашадағы №47/448 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4050 болып тіркелген).
7. "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы №21/264 "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Мұнайлы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 7 қыркүйектегі №21/129 шешімі.
8. "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №20/223 "Мұнайлы ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Мұнайлы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 қыркүйектегі №22/138 шешімі.