Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2021 жылғы 20 қазандағы № 481 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мұхамбетов |
Қостанай | |
облысы әкімдігінің | |
2022 жылғы 6 қаңтардағы | |
№ 3 қаулысына | |
қосымша | |
Әкімдіктің | |
2021 жылғы 20 қазандағы | |
№ 481 қаулысымен | |
бекітілген |
"Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) облыс аумағында мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың осы Ереженнің қосымшасында көрсетілген ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге және Басқарманың регламентіне сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Басқарманың, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 60-үй.
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармада кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;
2) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды патриоттық және эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау;
3) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;
5) талантты тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;
6) мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөнінде шаралар қолдану;
7) мәдени құндылықтарды заңсыз әкетуге және әкелуге, оларға меншік иесі құқығының басқаға заңсыз берілуіне кедергі жасау, оларды кез келген заңсыз иеленуден қайтарып алуға шаралар қолдану;
8) мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшін жағдайлар жасау;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың ұлттық-мәдени бірлестіктерге қатысу еркіндігін, мәдениет ұйымдарын құруды, шетелдегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзіндік ерекшелігін қорғау және дамыту құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету;
10) Қазақстан халқының ұлттық мәдени игілігі мен мәдени мұрасын қорғауға және дамытуға, Қазақстан Республикасының бірыңғай мәдени кеңістігін нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ іс-шараларды қолдау;
11) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алу, зерттеу және олардың жай-күйіне мониторинг жүргізу;
12) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
13) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу;
14) тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстар және ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу кезінде тарихи-мәдени мұра объектілерінің тарихи, сәулет-көркемдік бейнесінің сақталуын қамтамасыз ету.
15) мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметінде тілдерді қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу;
16) Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдайлар жасау;
17) латынграфикалық әліпбиі негізінде қазақ тілін жаңғырту.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
заңнамада белгіленген тәртіппен басқармасының, оның ішінде соттарда құқықтары мен мүдделерін қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсінікте беру;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ Қостанай облысы әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;
Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттері.
15. Функциялары:
1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстың театр және музыка өнері, мәдени-демалыс қызметі және халық шығармашылығы, кітапхана және музей ісі саласындағы мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату жөнінде облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізеді;
3) театр және музыка өнерін, мәдени-демалыс қызметін және халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту бойынша облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, облыс мекемелерінің мәдениет саласындағы қызметін қамтамасыз етеді;
4) көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
5) шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер мен конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
6) уәкілетті органмен келісу бойынша шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға құқылы;
7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
8) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясын құрады және ол туралы ережені бекітеді;
9) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдары қызметінің мониторингін жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпаратты, сондай-ақ белгіленген нысандағы статистикалық есептерді ұсынады;
10) облыс деңгейінде ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
11) облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
12) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
13) облыстың мәдени мақсаттағы объектілерін жөндеу жөніндегі тапсырысшы болады;
14) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дамытуға жәрдемдеседі;
15) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді;
16) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
17) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
18) ұлттық мәдени игілік объектілерінің ерекше режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;
19) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;
20) мемлекеттік шығармашылық тапсырыс қызметтерін көрсетушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
21) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты электрондық және жалпыға қолжетімді форматта орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерудің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
22) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, пайдалануды және олардың жай-күйінің мониторингін қамтамасыз етеді;
23) тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;
24) тиісті аумақтарды экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларында жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, ғылыми-реставрациялау жұмыстарын және археологиялық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды көздейді;
25) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды келіседі;
26) қала құрылысы жобаларын әзірлеу және бекіту кезінде уәкілетті органмен келісу бойынша барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, зерделеу, сақтау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
27) тиісті елді мекендердің бас жоспарларына тарихи-сәулет тірек жоспарларын енгізу жөніндегі жұмысты жүргізеді;
28) қорғау міндеттемелерін ресімдейді және береді, тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелері мен пайдаланушыларының оларды орындауын бақылайды;
29) Қостанай облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
30) монументті өнер құрылыстарын орнату бойынша жұмыс жүргізеді;
31) мемориалдық тақталарды орнату бойынша жұмыс жүргізеді;
32) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде жоспарланған ғылыми-реставрациялау жұмыстарының ғылыми-жобалау құжаттамасын қарайды және келіседі;
33) уәкілетті органмен келісу бойынша тарихи-мәдени мұра объектілерін жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері деп таниды және оларды тарихи-мәдени сараптама қорытындысының негізінде Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізеді;
34) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін мәртебесінен айырады және уәкілетті органмен келісу бойынша тарихи-мәдени сараптама қорытындысының негізінде оны Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарады;
35) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдалануыны және күтіп-ұстау тәртібіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
36) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі жұмыстарды қоспағанда, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарының және археологиялық жұмыстардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
37) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
38) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар береді, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіз мен тәртібінде әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;
39) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенін жүзеге асырады;
40) облыстық ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз етеді;
41) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
19. Басқарманың бiрiншi басшысының өкілеттігі:
1) Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) Басқарманың құрылымын, құрылымдық бөлімшелері туралы ережені және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
3) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарманың атынан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда әрекет етеді;
5) бірінші қол қою құқығына ие;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;
7) Басқарма қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) Басқарма қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Қостанай | |
облысы әкімдігінің | |
мәдениет басқармасы" | |
мемлекеттік мекемесі | |
туралы ережеге | |
қосымша |
"Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың тізбесі
1. Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
2. Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
4. Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Рудный тарихи-өлкетану мұражайы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
5. Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
6. Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
7. Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
8. Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
9. Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "А. Иманов атындағы Амангелді мемориалдық мұражайы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
10. Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11. Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
12. Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
13. Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, реставрациялау және қорғау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
14. Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
15. Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Облыстық орыс драма театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
16. Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Арқалық қазақ жасөспірімдер театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
17. Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Облыстық қуыршақтар театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
18. Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
19. Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
20. "Тілдарын" облыстық тілдерді оқыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.