"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 294 "Ауылдық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгілік ережені бекіту туралы" бұйрығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Арқалық қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 30 шілдедегі № 371 "Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Арқалық қаласының әкімі | Ә. Асанов |
Арқалық қаласы әкімдігінің | |
2022 жылғы "21" сәуір | |
№ 191 қаулысымен | |
бекітілген |
"Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауыл әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. "Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. "Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. "Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ауыл әкімінің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110300, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Екідің ауылы, Мектеп көшесі, 20 үй.
10. Осы ереже "Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер "Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) Екідің ауылы тұрақты және серпінді, экономиқалық және әлеуметтік дамуы негізінде ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын іске асыру;
2) ауыл әкімінің аппараты әкімші болып табылатын бюджеттік бағдармаларды әзірлеу және тиісті мәслихатпен бекіту үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізу;
3) ауыл жергілікті қоғамдастық жиналыстарының (жиындарының) өткізілуін және олардың шешімдерінің уақытылы орындалуын қамтамасыз ету.
14. Өкілеттіктері:
1. Құқықтары:
1) стратегиялық жоспарды және (немесе) ауыл әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынның) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қала бюджетінің құрамында қарастырылған бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды жергілікті қоғамдастық жиналысына (жиынына) шығаруға құқылы;
2) өз құзыреті шегінде Екідің ауылы әкімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұратып алуға құқылы;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, орталық атқарушы органдардың, облыс және қала әкімдері мен әкімдіктерінің тапсырмалары мен актілерін көрсетілген мерзімде орындау;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
2. Міндеттері.
1) ауыл әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу;
2) азаматтар мен заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Контитуциясының нормаларын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін орындауына көмек көрсету;
3) Екідің ауылы коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұстауын қамтамасыз ету;
4) өз құзыреті шегінде ауылды сумен жабдықтауын ұйымдастыру және су пайдалану мәселелерін реттеу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
15. Функциялары:
1) қызметтік құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, әкімнің жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастырады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдауын және орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
2) салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;
3) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
4) шаруа немесе фермер шаруашылықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;
5) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-әрекет жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
7) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
8) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша ұсыныстар енгізеді, жалғызбасты қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
9) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналастыруын қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік–құқықтық көмек көрсетеді;
10) әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
11) ауылды абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
12) мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға мүгедектердің, асыраушысынан айырылған отбасылардың, көп балалы аналардың материалдық және тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстарын әзірлейді және енгізеді, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыз қалуының алдын алумен айналысады;
13) бюджеттік бағдарламалардың жоспарлауын және қаржыландыруды жоспарлауымен орындауын қамтамасыз ету, бухгалтерлік есепті жүргізу;
14) қала әкімдігінің қаулыларын, қала әкімінің шешімдерін, сондай-ақ Арқалық қаласы әкімідігінің аппараттық жиналыстарында және жұмыс сапары барысында берілген тапсырмаларды орындау;
15) мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы қөрсету бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
16) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына жәрдемдеседі;
17) ауыл аумағында мал жаятын учаскелерді айқындау, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап жою, мал көміндісін салу және оларды ветеринарлық нормативтерге сәйкес күтіп ұстауын бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
18) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуын ұйымдастырады, дәрігерлік көмек көрсетеді;
19) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер (өкімдер) қабылдайды;
21) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасайды;
22) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. "Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін басқаруды ауыл әкімі жүзеге асырады, ол "Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Арқалық қаласы Екідің ауылының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің орынбасарлары жоқ.
19. Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің өкілеттігі:
1) әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады және басқарады, әкім аппаратына жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
2) "Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын жоспарлауды қамтамасыз етеді;
3) "Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері арасындағы қызметтік міндеттерді бөледі, тиісті орындаушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді;
4) белгіленген тәртіппен мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
5) аппаратпен орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдерді қабылдайды;
6) мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда әкім аппаратының мүддесін білдіреді;
7) "Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі атынан заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасады, заңды және банктік құжаттарға қол қояды;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөнінде тиісті шаралар қабылдауды және сақтауды қамтамасыз етеді;
9) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді, өз құзыреті шеңберінде бюджеттік қаржының мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады, қаржылық құжаттарға қол қояды;
10) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;
11) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
12) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қалалық мәслихаттың сессиясының жұмысына қатысады;
13) мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарының, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
14) қәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
15) қаламен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде атқарушы органға ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ оқушыларды мектепке дейін және кейін ауылға қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
16) өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуына жоғары тұрған әкімнің, мәслихаттың алдында жауап береді;
17) жеке тұлғалар және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын жүзеге асырады;
18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;
19) мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
20) қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді;
21) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Ауыл әкімі өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Ауыл әкімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мен жұмыскерлерін тағайындайды және қызметтен босатады.
21. "Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ауыл әкімі басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. "Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады.
23. "Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. "Арқалық қаласы Екідің ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.