"Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 193 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 294 "Ауылдық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгілік ережені бекіту туралы" бұйрығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Арқалық қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 30 шілдедегі № 366 "Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Арқалық қаласының әкімі Ә. Асанов

  Арқалық қаласы әкімдігінің
  2022 жылғы "21" сәуір
  № 193 қаулысымен
  бекітілген

"Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауыл әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. "Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ауыл әкімінің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110313, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Үштөбе ауылы, Строитель көшесі, 5 құрылыс.

      10. Осы ереже "Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) Үштөбе ауылының тұрақты және серпінді, экономиқалық және әлеуметтік дамуы негізінде ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын іске асыру;

      2) ауыл әкімінің аппараты әкімші болып табылатын бюджеттік бағдармаларды әзірлеу және тиісті мәслихатпен бекіту үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізу;

      3) ауылдың жергілікті қоғамдастық жиналыстарының (жиындарының) өткізілуін және олардың шешімдерінің уақытылы орындалуын қамтамасыз ету.

      14. Өкілеттіктері:

      1. Құқықтары:

      1) стратегиялық жоспарды және (немесе) ауыл әкімі аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынның) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қала бюджетінің құрамында қарастырылған бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы;

      2) өз құзыреті шегінде Үштөбе ауылы әкімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұратып алуға құқылы;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, орталық атқарушы органдардың, облыс және қала әкімдері мен әкімдіктерінің тапсырмалары мен актілерін көрсетілген мерзімде орындау;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      2. Міндеттері.

      1) ауыл әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу;

      2) азаматтар мен заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Контитуциясының нормаларын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін орындауына көмек көрсету;

      3) Үштөбе ауылының коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұстауын қамтамасыз ету;

      4) өз құзыреті шегінде ауылды сумен жабдықтауын ұйымдастыру және су пайдалану мәселелерін реттеу;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

      15. Функциялары:

      1) қызметтік құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, әкімнің жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастырады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдауын және орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

      2) салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

      3) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

      4) шаруа немесе фермер шаруашылықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

      5) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-әрекет жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

      7) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      8) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша ұсыныстар енгізеді, жалғызбасты қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      9) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналастыруын қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

      10) әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

      11) ауылды абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      12) мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға мүгедектердің, асыраушысынан айырылған отбасылардың, көп балалы аналардың материалдық және тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстарын әзірлейді және енгізеді, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыз қалуының алдын алумен айналысады;

      13) бюджеттік бағдарламалардың жоспарлауын және қаржыландыруды орындауын қамтамасыз ету, бухгалтерлік есепті жүргізу;

      14) қала әкімдігінің қаулыларын, қала әкімінің шешімдерін, сондай-ақ Арқалық қаласы әкімідігінің аппараттық жиналыстарында және жұмыс сапары барысында берілген тапсырмаларды орындау;

      15) мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы қөрсету бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      16) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына жәрдемдеседі;

      17) ауыл аумағында мал жаятын учаскелерді айқындау, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап жою, мал көміндісін салу және оларды ветеринарлық нормативтерге сәйкес күтіп ұстауын бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      18) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуын ұйымдастырады, дәрігерлік көмек көрсетеді;

      19) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

      20) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер (өкімдер) қабылдайды;

      21) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасайды;

      22) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. "Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін басқаруды ауыл әкімі жүзеге асырады, ол "Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Арқалық қаласы Үштөбе ауылының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің орынбасарлары жоқ.

      19. Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің өкілеттігі:

      1) әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады және басқарады, әкім аппаратына жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;

      2) "Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын жоспарлауды қамтамасыз етеді;

      3) "Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері арасындағы қызметтік міндеттерді бөледі, тиісті орындаушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді;

      4) белгіленген тәртіппен мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;

      5) аппаратпен орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдерді қабылдайды;

      6) мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда әкім аппаратының мүддесін білдіреді;

      7) "Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі атынан заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасады, заңды және банктік құжаттарға қол қояды;

      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөнінде тиісті шаралар қабылдауды және сақтауды қамтамасыз етеді;

      9) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді, өз құзыреті шеңберінде бюджеттік қаржының мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады, қаржылық құжаттарға қол қояды;

      10) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

      11) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

      12) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қалалық мәслихаттың сессиясының жұмысына қатысады;

      13) мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарының, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

      14) қәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

      15) қаламен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде атқарушы органға ұсыныстар енгізеді;

      16) өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуына жоғары тұрған әкімнің, мәслихаттың алдында жауап береді;

      17) жеке тұлғалар және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын жүзеге асырады;

      18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;

      19) мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

      20) қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді;

      21) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Ауыл әкімі өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

      Ауыл әкімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мен жұмыскерлерін тағайындайды және қызметтен босатады.

      21. "Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ауыл әкімі басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады.

      23. "Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Арқалық қаласы Үштөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат акима села Уштобе города Аркалыка"

Постановление акимата города Аркалыка Костанайской области от 21 апреля 2022 года № 193

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 294 "Об утверждении Типового положения об аппарате акима города районного значения, села, поселка, сельского округа" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" акимат города Аркалыка ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое положение о государственном учреждении "Аппарат акима села Уштобе города Аркалыка".

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима села Уштобе города Аркалыка" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию вышеуказанного Положения в органах юстиции;

      2) в течение двадцати календарных дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Аркалыка после его официального опубликования.

      3. Отменить постановление акимата города Аркалыка от 30 июля 2013 года № 366 "Об утверждении положения государственного учреждения "Аппарат акима села Уштобе города Аркалыка".

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима города Аркалыка.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города Аркалыка А. Асанов

  Утверждено
  постановлением акимата
  города Аркалыка
  от "21" апреля 2022 года
  № 193

Положение о государственном учреждении "Аппарат акима села Уштобе города Аркалыка"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима села Уштобе города Аркалыка" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере информационно-аналитического, организационно-правового и материально-технического обеспечения деятельности акима села.

      2. Государственное учреждение "Аппарат акима села Уштобе города Аркалыка" не имеет ведомств.

      3. Государственное учреждение "Аппарат акима села Уштобе города Аркалыка" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Государственное учреждение "Аппарат акима села Уштобе города Аркалыка" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет символы и знаки отличия (при их наличии), печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Государственное учреждение "Аппарат акима села Уштобе города Аркалыка" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Государственное учреждение "Аппарат акима села Уштобе города Аркалыка" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Государственное учреждение "Аппарат акима села Уштобе города Аркалыка" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые распоряжениями акима и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Аппарат акима села Уштобе города Аркалыка" утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: 110313, Республика Казахстан, Костанайская область, город Аркалык, село Уштобе, улица Строительная, строение 5.

      10. Настоящее положение является учредительным документом государственного учреждения "Аппарат акима села Уштобе города Аркалыка".

      11. Финансирование деятельности государственного учреждения "Аппарат акима села Уштобе города Аркалыка" осуществляется из республиканского и местных бюджетов.

      12. Государственному учреждению "Аппарат акима села Уштобе города Аркалыка" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями государственного учреждения "Аппарат акима села Уштобе города Аркалыка".

      Если государственному учреждению "Аппарат акима села Уштобе города Аркалыка" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      1) реализация политики Президента Республики Казахстан, с целью улучшения качества жизнеобеспечения населения села, на основе устойчивого и динамичного, экономического и социального развития села Уштобе;

      2) разработка и внесение в вышестоящий акимат для утверждения соответствующим маслихатом бюджетных программ, администратором которых выступает аппарат акима села;

      3) обеспечение проведения собраний местного сообщества (сходов) села и своевременное исполнение их решений.

      14. Полномочия:

      1. Права

      1) вправе при разработке стратегического плана и (или) бюджетной программы, администратором которой выступает аппарат акима села, вынести на обсуждение собрания (схода) местного сообщества предложения по финансированию вопросов местного значения по направлениям, предусмотренным в составе бюджета города в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан;

      2) в пределах своей компетенции запрашивать и получать необходимую информацию, документы и иные материалы от должностных лиц государственных органов и других организаций по вопросам относящимся к компетенции акима села Уштобе;

      3) исполнять в указанный срок акты и поручения Президента, Правительства Республики Казахстан и иных центральных исполнительных органов, акимов и акиматов области и города;

      4) осуществлять иные права и обязанности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      2. Обязанности

      1) информационно-аналитическое, организационно-правовое, материально-техническое обеспечение деятельности акима села, а также решение вопросов местного значения;

      2) содействие исполнению гражданами и юридическими лицами норм Конституции Республики Казахстан, законов, актов Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативных правовых актов центральных и местных государственных органов;

      3) обеспечение сохранения коммунального жилищного фонда, а также строительства, реконструкции, ремонта и содержания автомобильных дорог села;

      4) организация в пределах своей компетенции водоснабжения села Уштобе и регулирование вопросов водопользования;

      5) иные задачи, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      15. Функции:

      1) рассматривает служебные документы и обращения физических и юридических лиц, организует проведение личного приема физических и представителей юридических лиц акимом, обеспечивает анализ и контроль исполнения обращений физических и юридических лиц;

      2) содействие сбору налогов и других обязательных платежей в бюджет;

      3) в пределах своей компетенции осуществляет регулирование земельных отношений;

      4) содействует в организации крестьянских или фермерских хозяйств, развитию предпринимательской деятельности;

      5) в пределах своей компетенции организует и обеспечивает исполнение законодательства Республики Казахстан по вопросам о воинской обязанности и воинской службы, гражданской обороны, а также мобилизационной подготовки и мобилизации;

      6) организует совершение нотариальных действий, регистрацию актов гражданского состояния в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      7) организует работу по сохранению исторического и культурного наследия;

      8) выявляет малообеспеченных лиц, вносит в вышестоящие органы предложения по обеспечению занятости, оказанию адресной социальной помощи, организует обслуживание одиноких престарелых и нетрудоспособных граждан на дому;

      9) обеспечивает трудоустройство лиц, состоящих на учете в службе пробации уголовно-исполнительной инспекции, и оказывает иную социально-правовую помощь;

      10) осуществляет похозяйственный учет;

      11) организует работу по благоустройству, освещению, озеленению и санитарной очистке села;

      12) разработка и внесение в государственные и общественные организации предложения по улучшению материальных и жилищно-бытовых условий инвалидов, семей потерявших кормильца, многодетных матерей, а также занимается предупреждением безнадзорности несовершеннолетних;

      13) обеспечение планирования и исполнения финансирования бюджетных программ, ведение бухгалтерского учета;

      14) исполнение постановлений акимата города и решений акима города, а также поручений акима, данных в ходе рабочих поездок и на аппаратных совещаниях акимата города Аркалыка;

      15) обеспечение работы по качественному и своевременному оказанию государственных услуг;

      16) содействует развитию местной социальной инфраструктуры;

      17) организация работ по определению на территории села участков для выпаса животных, по отлову и уничтожению бродячих собак и кошек, по строительству скотомогильников и контроль их содержания в соответствии с ветеринарными нормативами;

      18) в случае необходимости оказания неотложной медицинской помощи организует доставку больных до ближайшей организации здравоохранения, оказывающей врачебную помощь;

      19) организует погребение безродных и общественные работы по содержанию в надлежащем состоянии кладбищ и иных мест захоронения;

      20) принимает решения (распоряжения) о создании, реорганизации и ликвидации в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, государственных организаций образования, реализующих общеобразовательные учебные программы дошкольного воспитания и обучения;

      21) утверждает устав государственных организаций образования, реализующих общеобразовательные учебные программы дошкольного воспитания и обучения, инициирует внесение в него изменений и дополнений;

      22) осуществляет другие функции в соответствии с действующим законодательством.

3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа, коллегиальных органов (при наличии)

      16. Руководство государственным учреждением "Аппарат акима села Уштобе города Аркалыка" осуществляется акимом села, который несет персональную ответственность за выполнение, возложенных на государственное учреждение "Аппарат акима села Уштобе города Аркалыка" задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Аким села Уштобе города Аркалыка назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Аким села Уштобе города Аркалыка не имеет заместителей.

      19. Полномочия акима села Уштобе города Аркалыка:

      1) организует и руководит работой аппарата акима и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на аппарат акима функций и задач;

      2) обеспечивает планирование работы государственного учреждения "Аппарат акима села Уштобе города Аркалыка";

      3) распределяет функциональные обязанности между работниками аппарата акима села, обеспечивает надлежащую исполнительскую и трудовую дисциплины;

      4) в установленном порядке принимает меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников учреждения;

      5) принимает решения и распоряжения обязательные исполнению аппаратом;

      6) представляет аппарат акима в государственных органах и иных организациях;

      7) от имени государственного учреждения "Аппарат акима села Уштобе города Аркалыка" заключает договора с юридическими и физическими лицами, подписывает юридические и банковские документы;

      8) обеспечивает соблюдение и принятие соответствующих мер по противодействию коррупции;

      9) утверждает план финансирования по обязательствам и платежам, в пределах своей компетенции, осуществляет контроль за целевым использованием бюджетных средств, подписывает финансовые документы;

      10) организует движение общественного транспорта;

      11) взаимодействует с органами местного самоуправления;

      12) принимает участие в работе сессии маслихата города при утверждении (уточнении) местного бюджета;

      13) обеспечивает деятельность организаций дошкольного воспитания и обучения, учреждения культуры;

      14) ведет реестр непрофессиональных медиаторов;

      15) вносит в исполнительный орган предложения по организации транспортного сообщения с городом;

      16) несет ответственность за реализацию, возложенных на него, функций перед вышестоящим акимом, маслихатом по вопросам, отнесенным к его компетенции;

      17) осуществляет личный прием физических лиц и представителей юридических лиц;

      18) обеспечивает повышение качества оказания государственных услуг на территории соответствующей административно-территориальной единицы;

      19) обеспечивают доступность стандартов и регламентов государственных услуг;

      20) обеспечивают информированность услугополучателей о порядке оказания государственных услуг;

      21) осуществляет иные полномочия в соответствии с действующим законодательством.

      Исполнение полномочий акима села Уштобе города Аркалыка в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      20. Аким села определяет полномочия своих работников и специалистов в соответствии с действующим законодательством.

      В соответствии с действующим законодательством акима села назначает на должность и освобождает от должности работников и специалистов государственного учреждения "Аппарат акима села Уштобе города Аркалыка".

      21. Государственное учреждение "Аппарат акима села Уштобе города Аркалыка" возглавляется акимом, назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      22. Государственное учреждение "Аппарат акима села Уштобе города Аркалыка" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством. Имущество государственного учреждения "Аппарат акима села Уштобе города Аркалыка" формируется за счет имущества, переданного ему собственником.

      23. Имущество, закрепленное за аппаратом акима села, относится к коммунальной собственности.

      24. Государственное учреждение "Аппарат акима села Уштобе города Аркалыка" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      25. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат акима села Уштобе города Аркалыка" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.