Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес және Әулиекөл аудандық жер учаскелерін беру жөніндегі комиссиясының 2022 жылғы 04 наурыздағы № 6 отырысының хаттамасынан үзінді көшірме негізінде Диев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Әулиекөл ауданы, Диев ауылдық округінің, Диев ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 9,4 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін, "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы, Диев ауылында газ тарату желілерін салу" Бюджеттік инвестициялық жобасын іске асыру үшін газ құбырын салу және пайдалану үшін.
2. "Диев ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберу;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
М. Досмурзин |