Жангелдин ауданы ауылдарының, ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібін бекіту туралы

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы "Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы" № 139 бұйрығына сәйкес, Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жангелдин ауданы ауылдарының, ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ш. Оспанов

  Жангелдин
  ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы 5 қаңтардағы
  № 1 қаулысына
  қосымша

Ауыл, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі

1-тарау. Негізгі ережелер

      1. Осы ауыл, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабына сәйкес әзірленді және ауыл, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу кезінде қолданылады.

2-тарау. Ауыл, ауылдық округ бюджеттер кірістерінің болжамды көлемін айқындау

      2. Ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттері кірістерінің болжамды көлемі ауылдардың, ауылдық округтердің бюджеттері кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеудің осы тәртібіне сәйкес есептеледі.

3-тарау. Ауыл, ауылдық округ бюджеттер шығындарының болжамды көлемін айқындау

      3. Ауыл, ауылдық округ бюджеттерінің шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 56-1-бабында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша және бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.

      Бұл ретте тұрақты сипаты бар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функцияларын және мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі:

      Еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығындарды, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, азық-түлік және дәрілік заттар сатып алу, жәрдемақылар төлеу, жұмыс берушілердің жарналары, өтемақы төлемдері, азаматтардың жекелеген санаттарына және шетелдік қызметкерлерге жалақы төлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жарналар аудару, қорлар сатып алу, қызметтер мен жұмыстарды сатып алу, басқа да ағымдағы шығындар (бұдан әрі - Ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар) жатады.

      Материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге жұмсалатын шығындар және басқа да шығындар (бұдан әрі-күрделі сипаттағы шығындар, негізгі құралдарды, материалдық емес және Биологиялық активтерді сатып алу, негізгі құралдарды күрделі жөндеу, дамуға бағытталған күрделі шығындар).

4-тарау. Ауыл, ауылдық округ бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу

      4. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін тұтастай алғанда ауыл, ауылдық округ бюджеттерінің бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.

      5. Ауыл, ауылдық округ бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде есепке алынады:

      1) әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлеріне сәйкес жоспарланған кезеңде тұтыну бағаларының индексіне ағымдағы шығындардың ұлғаюын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі (еңбекақыны қоспағанда);

      2) Ауыл, ауылдық округ бюджеттерінің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Заңдарының ережелері;

      3) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылары, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде олардың құрылымына ведомство кіретін, жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілері;

      4) бұрын ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;

      5) Ауыл, ауылдық округ бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін аудандық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.

      6. Ауыл, ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақы төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне қосымша демалыстарға арналған қаражат алынып тасталады және ауыл, ауылдық округтер бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелгеннен кейін абсолюттік сомалар қосылады.

      7. Ауыл, ауылдық округ бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есеп айырысу базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.

      8. Ауыл, ауылдық округ бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу осы Тәртіпке қосымшаға сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың тізбесі, оларға көрсеткіштер мен коэффициенттердегі келтірілген көрсеткіштер мен коэффициенттерді ескере отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтар бөлінісінде жүргізіледі.

      9. Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген ауданның (аудандық маңызы бар қаланың) ағымдағы шығындарының есебі мынадай формула бойынша жүргізіледі:

     


     

      мұнда:

     


     

      – і ауыл, ауылдық округтің j-функционалдық кіші тобы бойынша ағымдағы есептік шығындары;

      Зj –ауданның барлық өңірлерінің ауыл, ауылдық округ бюджеттеріне j-функционалдық кіші тобы бойынша ағымдағы шығындардың жиынтық болжамды көлемі;

     


     

      – і ауыл, ауылдық округтің j-функционалдық кіші тобы бойынша мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны;

     


     

      – і ауыл, ауылдық округте j-ші функционалдық кіші топ бойынша орташа аудандық деңгейден мемлекеттік қызметтер көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.

      10. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеу кезінде мемлекеттік қызметтерді көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды көрсететін мынадай коэффициенттер қолданылады:

      1) урбандалу коэффициенті:

     


     

      мұнда:

      Халіқала – i ауыл, ауылдық округтің халқы санының болжамы;

      Халі – i- ауыл, ауылдық округтегі халық санының болжамы.

      Урбандалу коэффициенті жеке функционалдық кіші топтар бойынша қалалық жерлердегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты шығындардың барынша жоғары орташа республикалық деңгейін ескереді;

      2) қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті:

     


     

      мұнда:

      Халікіш – халық саны 500 адамнан аз елді мекендерде тұратын і ауыл, ауылдық округтегі халық санының болжамы;

      Халі – і ауыл, ауылдық округтегі халықтың жалпы санының болжамы.

      Қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті елді мекеннің мөлшеріне тәуелсіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілі бір жинағын, оның ішінде қосымша көлік және өзге де шығыстарды ескере отырып, қамтамасыз ету қажеттігіне негізделген шығындардың орташа аудандық деңгейімен салыстырғандағы барынша жоғары деңгейін ескереді;

      3) ауқым коэффициенті:

     


      мұнда:

     


     

      – ауыл, ауылдық округ халқы санының орташа аудандық деңгейден ауытқуы есепке алынатын салмақ;

     


      – бір ауыл, ауылдық округ халқының орташа санының болжамы;

      Халi – i- ауыл, ауылдық округтегіхалық санының болжамы.

      Ауқым коэффициенті тұтынушылар санының өсуімен, бір тұтынушыға шаққандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған шығындар көлемінің төмендеуін көрсететін ауқымның тиімділігін ескереді;

      4) халықтың жас ерекшелігі құрылымының коэффициенті:

     


      мұнда:

      Халітоп – i- ауыл, ауылдық округ белгілі бір жас ерекшелігі тобы бойынша халық санының болжамы;

      Халі – і ауыл, ауылдық округтің халық санының болжамы.

      Халықтың жас ерекшелігі құрылымының коэффициенті халықтың жекелеген санаттарының денсаулық сақтауға және білім беруге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қойылатын жоғары сұранысын ескереді;

      5) ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті:

     


      мұнда:

      Халіауыл – i- ауыл, ауылдық округтің ауыл халқы санының болжамы;

     


      – j-функционалдық кіші топ бойынша (барлық ауыл, ауылдық округтер бойынша жиынтық сомада) ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі.

      Ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстар қажеттілігін ескереді;

      6) тығыздық коэффициенті:

     


      мұнда:

     


      – аудан бойынша халықтың орташа тығыздығы;

      рi – i- ауыл, ауылдық округте халықтың тығыздығы;

     


      – ауыл, ауылдық округтер халқының тығыздығының орташа аудандық деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ.

      Тығыздық коэффициенті аудан халқы тығыздығының төмендеуіне байланысты ауыл, ауылдық округтер бюджеттерінің шығындарының ұлғаюын ескереді;

      7) жолдарды күтіп-ұстау коэффициенті:

     


      мұнда:

      Ni – i ауыл, ауылдық округтің жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;

     


      – аудан бойынша автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;

      8) кедейлікті есепке алу коэффициенті (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):

     


      мұнда:

      bi – і ауыл, ауылдық округтегі жалпы халық саны ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.

      Кедейлікті есепке алу коэффициенті аудан өңірлері бюджеттерінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне шығындардың ұлғаюын ескереді;

      9) жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті:

     


      мұнда:

      di – i- ауыл, ауылдық округтегі жылыту маусымының кезеңі;

     


      – аудан бойынша жылыту маусымының орташа кезеңі;

     


      – ауыл, ауылдық округ бюджеттердің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі жылытуға жұмсалатын шығындардың үлесі.

      Жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті аудан өңірлері бюджеттерінің жылытуға жұмсайтын шығындарының аудантағы жылыту маусымының ұзақтығына байланысын ескереді.

      11. Келесі екі жылдардағы ауыл, ауылдық округ бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есептік базасына тұтыну бағаларының индексін ескере отырып, үш жылдық кезеңнің бірінші жылының ауыл, ауылдық округ бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі қабылданады.

5-тарау. Ауыл, ауылдық округ бюджеттердің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу

      12. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі ауыл, ауылдық округтің ағымдағы шығындарын қаржыландырудың жалпы көлеміне пайыздық қатынасына сәйкес жылдар бойынша бөле отырып айқындалады.

      Әрбір ауыл, ауылдық округ бойынша жеке күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      КШі = k* ЕШі,

      мұнда:

      КШі – і ауыл, ауылдық округтің күрделі сипаттағы есептік шығындары;

      ЕШі – і ауыл, ауылдық округтің ағымдағы есептік шығындары;

      k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.

      Аудандық бюджет пен ауыл, ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k коэффициентінің шамасы аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.

6-тарау. Ауыл, ауылдық округ бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемін есептеу

      13. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемі ауыл, ауылдық округтің ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне және кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады.

      Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін есептеу әрбір аудан (аудандық маңызы бар қала) бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:

      БДБШi = (r1*ЕШі) + (r2*КБКі),

      мұнда:

      БДБШi – i ауыл, ауылдық округтің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары;

      ЕШі – i ауыл, ауылдық округтің ағымдағы есептік шығындары;

      КБКі – і ауыл, ауылдық округтің кірістерінің болжамды көлемі;

      r1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы;

      r2 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ауыл, ауылдық округ бюджеттердің кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.

      14. r1 және r2 коэффициентерінің шамасы аудандық бюджет пен ауыл, ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін аудандық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.

  Ауыл, ауылдық
  округтер бюджеттерінің
  кірістері мен шығындарының
  болжамды көлемдерін
  есептеу тәртібіне
  қосымша

Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың, олардың көрсеткіштерімен коэффициенттерінің тізбесі

Функционалдық кіші топтардың атаулары

Көрсеткіштері

Коэффициенттері

1

2

3

1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар

Тұрақты халық саны

қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; ауқым; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Елді мекендерді көркейту

Тұрақты халық саны

қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; ауқым

8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

Спорт

Тұрақты халық саны

қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық

12. Көлік және коммуникации

Автомобиль көлігі

Жергілікті маңызы бар автожолдардың, оның ішінде елді мекендер мен көшелер ішіндегі автожолдар ұзындығы (километр)

жолдарды күтіп ұстау;

13. Басқалар

Басқалар

Тұрақты халық саны

қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; ауқым


Об утверждении Порядка расчетов прогнозных объемов доходов и затрат бюджетов сел, сельских округов Джангельдинского района

Постановление акимата Джангельдинского района Костанайской области от 5 января 2022 года № 1

      В соответствии с пунктом 9 статьи 45 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 11 декабря 2014 года № 139 "Об утверждении методики расчетов трансфертов общего характера", акимат Джангельдинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить порядок расчетов прогнозных объемов доходов и затрат бюджетов сел, сельских округов Джангельдинского района согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Отдел экономики и финансов акимата Джангельдинского района" принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Джангельдинского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Ш. Оспанов

  Приложение
  к постановлению акимата
  Джангельдинского района
  от 5 января 2022 года
  № 1

Порядок расчетов прогнозных объемов доходов и затрат бюджетов сел, сельских округов

Глава 1. Основные положения

      1. Настоящий Порядок расчетов прогнозных объемов доходов и затрат бюджетов сел, сельских округов разработан в соответствии со статьей 45 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года (далее – Бюджетный кодекс) и применяется при расчетах прогнозных объемов доходов и затрат бюджетов сел, сельских округов.

Глава 2. Определение прогнозных объемов доходов бюджетов сел, сельских округов

      2. Прогнозные объемы доходов бюджетов сел, сельских округов рассчитываются согласно настоящего Порядка расчетов прогнозных объемов доходов и затрат бюджетов сел, сельских округов.

Глава 3. Определение прогнозных объемов затрат бюджетов сел, сельских округов

      3. Прогнозные объемы затрат бюджетов сел, сельских округов рассчитываются, как сумма прогнозных объемов затрат по текущим бюджетным программам и по бюджетным программам развития с учетом установленных статьей 56-1 Бюджетного кодекса направлений расходов по функциональному признаку.

      При этом прогнозные объемы затрат по текущим бюджетным программам, которые направлены на обеспечение деятельности администраторов бюджетных программ по выполнению функций государственного управления и обязательств государства в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан, имеющих постоянный характер, а также на достижение цели, решение конкретных задач и мероприятий стратегических и программных документов, состоят из:

      затрат на оплату труда, оплата коммунальных услуг, приобретение продуктов и лекарственных средств, выплата пособий, взносы работодателей, компенсационные выплаты, выплата заработной платы отдельным категориям граждан и иностранным работникам, а также отчисления взносов в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан, приобретение запасов, приобретение услуг и работ, другие текущие затраты (далее текущие - командировки и служебные разъезды внутри страны).

      затрат на укрепление материально-технической базы, капитальный ремонт и других затрат (далее – затраты капитального характера, приобретение основных средств, нематериальных и биологических активов, капитальный ремонт основных средств, капитальные затраты направленные на развитие).

Глава 4. Расчет прогнозных объемов текущих затрат бюджетов сел, сельских округов

      4. Для расчета текущих затрат определяется прогнозный объем текущих затрат в целом по районным бюджетам сел, сельских округов.

      5. При определении прогнозного объема текущих затрат бюджетов сел, сельских округов учитываются:

      1) совокупный объем текущих затрат с учетом увеличения текущих затрат на индекс потребительских цен в планируемом периоде в соответствии с прогнозом социально-экономического развития и бюджетных параметров (за исключением заработной платы);

      2) положения законов Республики Казахстан, предусматривающие увеличение или сокращение расходов бюджетов сел, сельских округов и вводимые в действие в планируемом периоде;

      3) положения указов Президента Республики Казахстан, постановлений Правительства Республики Казахстан, нормативных правовых приказов министров Республики Казахстан и иных руководителей центральных государственных органов, нормативных правовых постановлений центральных государственных органов, нормативных правовых приказов руководителей ведомств центральных государственных органов при наличии прямой компетенции по их утверждению в нормативных правовых актах государственного органа, в структуру которого входит ведомство, предусматривающие сокращение поступлений или увеличение расходов местных бюджетов и вводимые в действие в планируемом периоде;

      4) затраты постоянного характера, ранее финансировавшиеся за счет целевых текущих трансфертов;

      5) положения решений районных представительных и исполнительных органов, предусматривающие увеличение или сокращение расходов бюджетов сел, сельских округов и вводимых в действие в планируемом периоде.

      6. Из суммарного прогнозного объема текущих затрат бюджетов сел, сельских округов исключаются средства на выплату экологических надбавок, оказание материальной помощи и на дополнительные отпуска работникам государственных учреждений и казенных предприятий, в соответствии с законодательством Республики Казахстан, и добавляются абсолютными суммами после расчета прогнозных объемов текущих затрат по бюджетам сел, сельских округов.

      7. За расчетную базу прогнозирования объема текущих затрат бюджетов сел, сельских округов принимаются объемы текущих затрат в соответствии с уточненным планом года, предшествующего планируемому периоду.

      8. Расчет прогнозного объема текущих затрат бюджетов сел, сельских округов производится в разрезе функциональных подгрупп осуществляемых государственных функций с учетом показателей и коэффициентов, приведенных в перечне функциональных подгрупп, осуществляемых государственных функций, показателей и коэффициентов к ним согласно приложению к настоящему Порядку.

      9. Расчет текущих затрат сел, сельских округов по отдельной функциональной подгруппе производится по следующей формуле:

     


     

      где:

     


     

      – расчетные текущие затраты i-го сел, сельских округов по j-й функциональной подгруппе;

      Зj – суммарный прогнозный объем текущих затрат по бюджетам сел, сельских округов всех регионов района по j-й функциональной подгруппе;

     


     

      – количество потребителей государственных услуг i-го сел, сельских округов по j-й функциональной подгруппе;

     


     

      – коэффициенты, учитывающие объективные факторы, которые обусловливают отличия в стоимости предоставления государственных услуг в i-го сел, сельских округов по j-й функциональной подгруппе от средне районного уровня.

      10. При расчете прогнозного объема текущих затрат применяются следующие коэффициенты, отражающие объективные факторы, которые обусловливают различия в стоимости предоставления государственных услуг:

      1) коэффициент урбанизации:

     


     

      где:

      Насiгор – прогнозная численность сельского населения i-му сел, сельских округов;

      Насi – прогнозная численность населения в i-ом городе районного значения селе, сельском округе.

      Коэффициент урбанизации учитывает более высокий относительно средне- районного уровень затрат, связанных с предоставлением государственных услуг в городской местности по отдельным функциональным подгруппам;

      2) коэффициент дисперсности расселения:

     


     

      где:

      Насiмелк – прогнозная численность населения i-ом в селе, сельском округе, проживающего в населенных пунктах с численностью населения менее 500 человек;

      Насi – общая прогнозная численность населения в i-ом городе районного значения селе, сельском округе.

      Коэффициент дисперсности расселения учитывает более высокий по сравнению со средне районным уровень затрат, обусловленный необходимостью обеспечения определенным набором государственных услуг населению независимо от размеров населенного пункта, в том числе учитывая дополнительные транспортные и иные расходы;

      3) коэффициент масштаба:

     


     

      где:

     


     

      - вес, с которым учитывается отклонение численности населения сел, сельских округов от средне районного уровня;

     


      – средняя прогнозная численность населения одного села, сельских округов;

      Насi – прогнозная численность населения в i-ом городе районного села, сельских округов ого значения, сел, сельских округов Коэффициент масштаба учитывает эффект масштаба, отражающий снижение объема затрат на предоставление государственных услуг в расчете на одного потребителя с ростом численности потребителей;

      4) коэффициент возрастной структуры населения:

     


      где:

      Насiгруппа – прогнозная численность населения i-ом городе районного значения, селе, сельском округе по определенной возрастной группе;

      Насi – прогнозная численность населения в i-ом городе районного значения, селе, сельском округе.

      Коэффициент возрастной структуры населения учитывает повышенный спрос, предъявляемый отдельными категориями населения на государственные услуги, связанные со здравоохранением и образованием;

      5) коэффициент учета надбавок за работу в сельской местности:

     


      где:

      Насiсельск – прогнозная численность сельского населения i-ом городе районного значения, селе, сельском округе;

     


      – доля заработной платы в общем объеме текущих затрат по j-й функциональной подгруппе (в сумме по всем городам районного значения, селам, сельским округам.

      Коэффициент учета надбавок за работу в сельской местности учитывает потребность в дополнительных расходах на заработную плату в сельской местности по отдельным функциональным подгруппам;

      6) коэффициент плотности:

     


     

      где:

     


      – плотность населения в среднем по району;

      рi – плотность населения в i-ом городе районного значения, селе, сельском округе;

     


      – вес, с которым учитывается отклонение плотности населения городов районного значения, сел, сельских округов от средне районного уровня.

      Коэффициент плотности учитывает увеличение затрат бюджетов городов районного значения, сел, сельских округов в связи с уменьшением плотности населения региона;

      7) коэффициент содержания дорог:

     


     

      где:

      Ni – норматив финансирования на содержание автомобильных дорог местного значения i-ом городе районного значения, селе, сельском округе;

     


      – норматив финансирования на содержание автомобильных дорог в среднем по району;

      8) коэффициент учета бедности (на основе доли лиц с доходами ниже прожиточного минимума):

     


     

      где:

      bi – доля населения с доходами ниже величины прожиточного минимума в общей численности населения в i-ом городе районного значения, селе, сельском округе.

      Коэффициент учета бедности учитывает увеличение затрат бюджетов регионов района, на выплату социальной помощи в связи с ростом доли населения с доходами ниже величины прожиточного минимума;

      9) коэффициент учета продолжительности отопительного сезона:

     


     

      где:

      di – период отопительного сезона в i-ом городе районного значения, селе, сельском округе;

     


     

      – период отопительного сезона в среднем по району; – доля затрат на отопление в общем объеме текущих затрат бюджетов села, ельских округов.

     


      – доля затрат на отопление в общем объеме текущих затрат бюджетов села, сельских округов.

      Коэффициент учета продолжительности отопительного сезона учитывает зависимость затрат бюджетов регионов района на отопление от продолжительности отопительного сезона в района.

      11. За расчетную базу прогнозирования объема текущих затрат бюджетов села, сельских округов последующих двух годов принимаются прогнозные объемы текущих затрат бюджетов села, сельских округов первого года трехлетнего периода с учетом индекса потребительских цен.

Глава 5. Расчет прогнозных объемов затрат капитального характера бюджетов села, сельских округов

      12. Общий прогнозный объем средств, предусматриваемых для финансирования затрат капитального характера, определяется с разбивкой по годам в соответствии с процентным отношением к общему объему финансирования текущих затрат сел, сельских округов.

      Расчет прогнозного объема средств, предусматриваемых для финансирования затрат капитального характера, отдельно по каждому городу районного значения, сел, сельских округов производится по следующей формуле:

      КЗi = k * РЗi,

      где:

      КЗi – расчетные затраты капитального характера i-й сел, сельских округов;

      РЗi – расчетные текущие затраты i-го села, сельских округов;

      k – величина процентного отношения затрат капитального характера к общему объему текущих затрат.

      Величина коэффициента k для определения объемов трансфертов общего характера между районным бюджетом и бюджетами городов районного значения, сел, сельских округов устанавливается решением районной бюджетной комиссии.

Глава 6. Расчет прогнозных объемов затрат по бюджетным программам развития бюджетов сел, сельских округов

      13. Общий прогнозный объем средств, предусматриваемых для финансирования затрат по бюджетным программам развития, определяется с разбивкой по годам в процентном соотношении к прогнозному объему доходов сел, сельских округов.

      Расчет прогнозного объема средств, предусматриваемых для финансирования затрат по бюджетным программам развития, отдельно по каждому городу районного значения, селу, сельскому округу производится по следующей формуле:

      ЗБПРi = (r1 * РЗi) + (r2 * ПОДi),

      где:

      ЗБПРi – расчетные затраты по бюджетным программам развития i-го села, сельских округов;

      РЗi – расчетные текущие затраты i-го села, сельских округов;

      ПОДi – прогнозные объемы доходов i-го села, сельских округов;

      r1 – величина процентного отношения затрат по бюджетным программам развития к общему объему текущих затрат;

      r2 – величина процентного отношения затрат по бюджетным программам развития к прогнозному объему доходов бюджетов села, сельских округов.

      14. Величина коэффициентов r1 и r2 устанавливаются для определения объемов трансфертов общего характера между районным бюджетом и бюджетами городов районного значения, сел, сельских округов решением районной бюджетной комиссии.

  Приложение
  к Порядку расчетов
  прогнозных объемов
  доходов и затрат
  бюджетов сел,
  сельских округов;

Перечень функциональных подгрупп, осуществляемых государственных функций, показателей и коэффициентов к ним

Наименование функциональных подгрупп

Показатели

Коэффициенты

1

2

3

1. Государственные услуги общего характера

Представительные, исполнительные и другие органы, выполняющие общие функции государственного управления

Численность постоянного населения

дисперсности расселения; плотности; масштаба; учета продолжительности отопительного сезона

Финансовая деятельность

дисперсности расселения; плотности; масштаба; учета продолжительности отопительного сезона

Благоустройство населенных пунктов

Численность постоянного населения

дисперсности расселения; плотности; масштаба

8. Культура, спорт, туризм и информационное пространство

Спорт

Численность постоянного населения

дисперсности расселения; плотности

12. Транспорт и коммуникации

Автомобильный транспорт

Протяженность автодорог местного значения, в том числе внутринаселенных пунктов и улиц (километр)

содержания дорог

13. Прочие

Прочие

Численность постоянного населения

дисперсности расселения; плотности; масштаба