Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 30.11.2023 № 84 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 221 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4801 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және қатысу үшін қала тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.";
көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшаларында:
"Мәслихаттың 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 221 шешімімен бекітілген", "Мәслихаттың 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 221 шешіміне қосымша" сөздері "Мәслихаттың 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 221 шешіміне 1-қосымша" және "Мәслихаттың 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 221 шешіміне 2-қосымша" сөздерімен ауыстырылсын;
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара аудандық мәслихатының хатшысы | А. Кабиев |
Мәслихаттың | |
2022 жылғы 25 қаңтардағы | |
№ 117 шешіміне | |
1-қосымша | |
Мәслихаттың | |
2014 жылғы 23 сәуірдегі | |
№ 221 шешіміне | |
1-қосымша |
Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Жітіқара қаласы тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – шағын аудан, көше тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (шағын аудандар, көшелер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Жітіқара қаласының әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Жітіқара қаласының әкімімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Шағын аудан, көше шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Жітіқара қаласының әкімі ұйымдастырады.
Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті шағын ауданның, көшенің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Жітіқара қаласының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Жітіқара қаласының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудан мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Жітіқара қаласының әкімінің аппаратына беріледі.
Мәслихаттың | |
2022 жылғы 25 қаңтардағы | |
№ 117 шешіміне | |
2-қосымша | |
Мәслихаттың | |
2014 жылғы 23 сәуірдегі | |
№ 221 шешіміне | |
2-қосымша |
Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ р/т | Жітіқара қаласы шағын ауданы, көшелерінің атауы | Өкілдердің саны (адам) |
1 | 2 шағын ауданы | 2 |
2 | 4 шағын ауданы | 2 |
3 | 5 шағын ауданы | 2 |
4 | 5в шағын ауданы | 2 |
5 | 6 шағын ауданы | 2 |
6 | 7 шағын ауданы | 2 |
7 | 11 шағын ауданы | 2 |
8 | 5а шағын ауданы | 1 |
9 | 1 шағын ауданы | 1 |
10 | 3 шағын ауданы | 1 |
11 | 3а шағын ауданы | 1 |
12 | 12 шағын ауданы | 1 |
13 | 13 шағын ауданы | 1 |
14 | Айнабұлақ шағын ауданы | 1 |
15 | Желтоқсан шағын ауданы | 1 |
16 | Дружба шағын ауданы | 1 |
17 | Кенсай шағын ауданы | 1 |
18 | Егора Хачина көшесі | 1 |
19 | Бейимбета Майлина көшесі | 1 |
20 | Досқали Асымбаев көшесі | 1 |
21 | Жібек жолы көшесі | 1 |
22 | Зинатулла Зулхаиров көшесі | 1 |
23 | 9 Мая көшесі | 1 |
24 | Чайковский көшесі | 1 |
25 | Лермонтова көшесі | 1 |
26 | Таран көшесі | 1 |
27 | Новая көшесі | 1 |
28 | Железнодорожная көшесі | 1 |
29 | Спартака көшесі | 1 |
30 | Бірлік көшесі | 1 |
31 | Приречная көшесі | 1 |
32 | Кооперативная көшесі | 1 |
33 | Первомайская көшесі | 1 |
34 | Комсомольская көшесі | 1 |
35 | Трудовая көшесі | 1 |
36 | Партизанская көшесі | 1 |
37 | Бәйтерек көшесі | 1 |
38 | Молодежи көшесі | 1 |
39 | 3 Интернационал көшесі | 1 |
40 | Кең дала көшесі | 1 |
41 | Чернаткин көшесі | 1 |
42 | Пионерская көшесі | 1 |
43 | Чапаева көшесі | 1 |
44 | Фрунзе көшесі | 1 |
45 | Горняк көшесі | 1 |
46 | Кирова көшесі | 1 |
47 | Набережная көшесі | 1 |
48 | Красногвардейская көшесі | 1 |
49 | Октябрьская көшесі | 1 |
50 | Советская көшесі | 1 |
51 | Строителей көшесі | 1 |
52 | 30 лет ВЛКСМ көшесі | 1 |
53 | Школьная көшесі | 1 |
54 | Буровиков көшесі | 1 |
55 | Горная көшесі | 1 |
56 | 40 летие Казахстана көшесі | 1 |
57 | Металлургов көшесі | 1 |
58 | Рабочекрестьянская көшесі | 1 |
59 | Клубная көшесі | 1 |
60 | Паркова көшесі | 1 |
61 | Павлова көшесі | 1 |
62 | Амангельды көшесі | 1 |
63 | Джамбула көшесі | 1 |
64 | Ахмета Байтурсинова көшесі | 1 |
65 | Шахтеров көшесі | 1 |
66 | Асбестовая көшесі | 1 |
67 | Геологов көшесі | 1 |
68 | 8 марта көшесі | 1 |
69 | Убаганская көшесі | 1 |
70 | Гоголя көшесі | 1 |
71 | Кирзавод көшесі | 1 |
72 | Щорса көшесі | 1 |
Барлығы | 79 |