Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-1-бабы 2-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "СП Казкобальт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау операцияларын жүргізу үшін Жітіқара ауданының Шевченковское кен орны аумағында орналасқан жалпы алаңы 4837,7 гектар жер учаскелеріне 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара ауданының әкімі | Н. Өтегенов |