"Қамысты ауданы әкімдігінің Красногор ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін және Қамысты ауданы әкімдігінің "Арқа ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № 94 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 45-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 3 бірлескен қаулысының және "Ауылдық округті құру туралы" Қостанай облыстық мәслихатының 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 170 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 сәуірде № 27789 болып тіркелген) шешімінің негізінде Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қамысты ауданы әкімдігінің Красногор ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен Қамысты ауданы әкімдігінің "Арқа ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастырылсын.

      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің Красногор ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған табыстау актісі осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Қамысты ауданы әкімдігінің "Арқа ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Қамысты ауданы әкімдігінің Арқа ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      4. "Қамысты ауданы әкімдігінің Арқа ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ереже осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      5. "Қамысты ауданы әкімдігінің Арқа ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі:

      1) әділет органдарында бір ай мерзімде қайта тіркеуін жүргізсін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қамысты ауданының әкімі Ғ. Бекмұхамедов

  Қамысты ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы 13 мамырдағы
  № 94 қаулысымен
  бекітілген

"Қамысты ауданы әкімдігінің Арқа ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі

Жалпы ережелер

      1. "Қамысты ауданы әкімдігінің Арқа ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ауылдық округі әкімнің аппараты) ауылдық округінің әкімі (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

      2. Ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ауылдық округі әкімінің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Ауылдық округі әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Ауылдық округі әкімінің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Ауылдық округі әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын аудан әкімдігі бекітеді.

      7. Мемлекеттік органның толық атауы - Қамысты ауданы әкімдігінің "Арқа ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі. Ауылдық округі әкімінің заңды мекен-жайы: 110809, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Арқа ауылдық округі, Торговая көшесі, 22 үй.

      8. Ауылдық округі әкімінің аппаратын аудан әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.

      9. Ауылдық округі әкімінің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

      10. Ауылдық округі әкімінің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

2. Ауылдық округі әкімі аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      11. Міндеттер:

      1) Ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

      12. Функциялар:

      1) Ауылдық округі әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде:

      жергілікті қоғамдастық жиынын, ауылдық округі, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;

      жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауылдық округінің әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      ауылдық округі бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;

      жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық округі бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;

      ауылдық округінің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;

      жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

      ауылдық округтың коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

      мүлкі ауылдық округтың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдық округтың меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      мүлкі ауылдық округтың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

      2) Ауылдық округі әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:

      өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

      егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      мүлкі ауылдық округтың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

      аудан әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

      коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

      мүлкі ауылдық округтың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;

      мүлкі ауылдық округтың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      13. Ауылдық округі әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде:

      мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;

      мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;

      мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;

      шарттар, келісімдер жасасуға;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

      14. Ауылдық округінің әкімі аппаратының өз құзыреті шегіндегі міндеттері:

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;

      Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және әкімдігінің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округі әкімінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

      қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

3. Ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыру

      15. Ауылдық округі әкімінің аппаратын әкім басқарады.

      16. Ауылдық округі әкімінің өкілеттіктері:

      ауылдық округі әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;

      жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      бюджет қаражатын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;

      мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

      ауылдық округтың тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;

      аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдық округтың авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

      мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауылдық округі халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;

      Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      17. Әкімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімнің орынбасары болуы мүмкін.

      18. Әкім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкім орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.

      19. Әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтауын әкім қамтамасыз етеді.

4. Ауылдық округі әкімі аппаратының мүлкі

      20. Заңнамада көзделген жағдайларда әкім аппаратының жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Әкімнің аппаратына бекітіліп берілген мүлік аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің (жергілікті өзін-өзі басқарудың) коммуналдық меншігіне жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, әкімнің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуі мүмкін.

5. Ауылдық округі әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Ауылдық округі әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.

О реорганизации государственного учреждения "Аппарат акима села Красногорское акимата Камыстинского района" и государственного учреждения "Аппарат акима села Арка" акимата Камыстинского района

Постановление акимата Камыстинского района Костанайской области от 13 мая 2022 года № 94

      В соответствии со статьей 45 Гражданского Кодекса Республики Казахстан, статьей 12 Закона Республики Казахстан "Об административно - территориальном устройстве Республики Казахстан", Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", на основании совместных постановления акимата Костанайской области от 20 апреля 2022 года № 3 и решения Костанайского областного маслихата от 20 апреля 2022 года № 170 "Об образовании сельского округа" (зарегистрированы в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 апреля 2022 года № 27789), акимат Камыстинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Реорганизовать государственное учреждение "Аппарат акима села Красногорское акимата Камыстинского района" путем присоединения к государственному учреждению "Аппарат акима села Арка" акимата Камыстинского района.

      2. Утвердить прилагаемый передаточный акт государственного учреждения "Аппарат акима села Красногорское акимата Камыстинского района" согласно приложению 1 к настоящему постановлению.

      3. Переименовать государственное учреждение "Аппарат акима села Арка" акимата Камыстинского района в государственное учреждение "Аппарат акима Аркинского сельского округа акимата Камыстинского района".

      4. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Аппарат акима Аркинского сельского округа акимата Камыстинского района" согласно приложению 2 к настоящему постановлению.

      5. Государственному учреждению "Аппарат акима Аркинского сельского округа акимата Камыстинского района":

      1) в месячный срок произвести перерегистрацию в органах юстиции;

      2) принять иные меры вытекающие из настоящего постановления.

      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Аким Камыстинского района Г. Бекмухамедов

  Утверждено
  постановлением акимата
  Камыстинского района
  от 13 мая 2022 года
  № 94

Положение государственного учреждения "Аппарат акима Аркинского сельского округа акимата Камыстинского района"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима Аркинского сельского округа акимата Камыстинского района" (далее – аппарат акима сельского округа) является государственным учреждением, обеспечивающим деятельности акима сельского округа (далее аким) и осуществляющим иные функции, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      2. Аппарат акима сельского округа осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением об аппарате акима.

      3. Аппарат акима сельского округа является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения в соответствии с законодательством Республики Казахстан имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства.

      4. Аппарат акима сельского округа вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Аппарат акима сельского округа имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства в соответствии с законодательством.

      6. Положение об аппарате акима сельского округа, его структура утверждаются акиматом района.

      7. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Аппарат акима Аркинского сельского округа акимата Камыстинского района". Юридический адрес аппарата акима сельского округа: 110809, Республика Казахстан, Костанайская область, Камыстинский район, село Арка, улица Торговая, дом 22.

      8. Аппарат акима сельского округа образуется, упраздняется и реорганизуется акиматом района.

      9. Аппарат акима сельского округа является государственным учреждением, содержащимся за счҰт местного бюджета.

      10. Аппарату акима сельского округа запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями аппарата акима сельского округа.

2. Основные задачи, функции, права и обязанности аппарата акима сельского округа

      11. Задачи:

      1) Информационно – аналитическое, организационно – правовое, материально – техническое обеспечение деятельности акима сельского округа, а также решение вопросов местного значения.

      12. Функции:

      1) Аппарат акима сельского округа в рамках своей компетенции:

      обеспечивает организацию проведения схода местного сообщества, раздельного схода местного сообщества жителей сельского округа, улицы, собрания местного сообщества;

      оповещает о времени, месте созыва раздельного схода местного сообщества, схода и собрания местного сообщества и обсуждаемых вопросах не позднее чем за десять календарных дней до дня их проведения через средства массовой информации или иными способами;

      обеспечивает исполнение решений, принятых на сходе местного сообщества или собрании местного сообщества и одобренных сельского округа;

      обеспечивает планирование и исполнение бюджета сельского округа;

      представляет собранию местного сообщества и в маслихат района отчет об исполнении бюджета сельского округа;

      принимает решение о реализации бюджета сельского округа;

      разрабатывает и представляет на утверждение собрания местного сообщества программу развития местного сообщества;

      выступает заказчиком по строительству, реконструкции и ремонту объектов, относящихся к коммунальному имуществу сельского округа;

      осуществляет контроль за целевым и эффективным использованием коммунального имущества местного самоуправления;

      осуществляет права субъекта права коммунальной собственности по отношению к коммунальным юридическим лицам местного самоуправления;

      устанавливает коммунальному государственному предприятию, имущество которого находится в коммунальной собственности сельского округа (коммунальной собственности местного самоуправления), срок содержания и обеспечения сохранности изъятого имущества до его передачи иному лицу с последующим списанием с баланса;

      представляет интересы государства по вопросам коммунального имущества местного самоуправления, осуществляет защиту права собственности сельского округа (коммунальной собственности местного самоуправления);

      осуществляет контроль за выполнением доверительным управляющим обязательств по договору доверительного управления коммунальным имуществом местного самоуправления;

      осуществляет контроль и анализ выполнения планов развития коммунальных государственных предприятий, имущество которых находится в коммунальной собственности сельского округа (коммунальной собственности местного самоуправления);

      организует учет коммунального имущества местного самоуправления, обеспечивает его эффективное использование;

      2) Аппарат акима сельского округа по согласованию с собранием местного сообщества:

      разрабатывает проекты правовых актов в сфере управления коммунальным имуществом местного самоуправления в пределах своей компетенции;

      управляет коммунальным имуществом местного самоуправления, если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан, осуществляет меры по его защите;

      принимает решение и осуществляет приватизацию коммунального имущества местного самоуправления, в том числе обеспечивает его сохранность в процессе подготовки объекта к приватизации, привлекает посредника для организации процесса приватизации, обеспечивает оценку объекта приватизации, осуществляет подготовку и заключение договоров купли-продажи объекта приватизации и контроль за соблюдением условий договоров купли-продажи;

      определяет предмет и цели деятельности коммунального государственного предприятия, имущество которого находится в коммунальной собственности сельского округа (коммунальной собственности местного самоуправления), а также вид коммунального государственного предприятия (на праве хозяйственного ведения или казенное предприятие), осуществляющего такую деятельность;

      осуществляет изъятие или перераспределение имущества, переданного коммунальному юридическому лицу местного самоуправления или приобретенного им в результате собственной хозяйственной деятельности;

      осуществляет изъятие излишнего, неиспользуемого либо используемого не по назначению имущества коммунальных юридических лиц местного самоуправления;

      предоставляет коммунальное имущество местного самоуправления в имущественный наем (аренду), доверительное управление физическим лицам и негосударственным юридическим лицам без права последующего выкупа либо с правом последующего выкупа;

      принимает решение о создании, реорганизации, изменении наименования и ликвидации коммунальных юридических лиц местного самоуправления по согласованию с акимом района;

      дает согласие коммунальному государственному предприятию на отчуждение или распоряжение иным способом, закрепленным за ним имуществом (за исключением продажи произведенной им продукции), создание филиалов и представительств, а также на передачу и списание дебиторской задолженности;

      утверждает устав (положение) государственных юридических лиц местного самоуправления, внесение в него изменений и дополнений;

      определяет приоритетные направления деятельности и обязательные объемы работ (услуг), финансируемых из бюджета, коммунальных государственных предприятий, имущество которых находится в коммунальной сельского округа (коммунальной собственности местного самоуправления);

      рассматривает, согласовывает в случаях, предусмотренных Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе", и утверждает планы развития государственных предприятий, имущество которых находится в коммунальной собственности сельского округа (коммунальной собственности местного самоуправления), и отчеты по их исполнению;

      принимает решения об использовании коммунального имущества местного самоуправления, в том числе о передаче его в залог, аренду, безвозмездное пользование и доверительное управление;

      закрепляет коммунальное имущество местного самоуправления за коммунальными юридическими лицами местного самоуправления;

      принимает решение об отчуждении коммунального имущества местного самоуправления;

      осуществляет иные полномочия, предоставленные законодательством Республики Казахстан.

      13. Аппарат акима сельского округа имеет право, в пределах своей компетенции:

      запрашивать и получать необходимую информацию, документы и иные материалы от должностных лиц государственных органов и других организаций;

      приобретать и осуществлять имущественные и неимущественные права;

      пользоваться информационными базами данных органов государственного управления, архивов, научных учреждений; заключать договора, соглашения;

      заключать договора, соглашения;

      иметь иные права, предусмотренные в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      14. Обязанности аппарата акима сельского округа, в пределах своей компетенции:

      качественно оказывать государственные услуги населению в соответствии с действующим законодательством;

      качественно и своевременно исполнять акты и поручения Президента, Правительства Республики Казахстан и иных центральных исполнительных органов, акима и акимата области, района;

      осуществлять иные обязанности, предусмотренные действующим законодательством.

3. Организация деятельности аппарата акима сельского округа

      15. Аппарат акима сельского округа возглавляется акимом.

      16. Полномочия акима сельского округа:

      организует работу аппарата акима сельского округа, осуществляет руководство его деятельностью;

      рассматривает решения, принятые на сходе местного сообщества или собрании местного сообщества, обеспечивает их исполнение;

      принимает работников по трудовому договору за счет экономии бюджетных средств и (или) поступлений, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о местном государственном управлении и самоуправлении;

      составляет и утверждает сводный план поступлений и расходов денег от реализации государственными учреждениями товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении, в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан;

      проводит инвентаризацию жилищного фонда сельского округа;

      организует по согласованию с акимом района и собранием местного сообщества снос аварийного жилья сельского округа;

      оказывает содействие микрокредитованию сельского населения в рамках программных документов системы государственного планирования;

      осуществляет иные полномочия, возложенные законами и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан.

      17. Аким может иметь заместителя акима в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Аким определяет обязанности и полномочия заместителя акима в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан.

      19. Аким обеспечивает соблюдение сотрудниками аппарата акима норм этики государственных служащих.

4. Имущество аппарата акима сельского округа

      20. Аппарат акима может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество аппарата акима формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      21. Имущество, закрепленное за аппаратом акима относится к коммунальной собственности города районного значения, села, поселка, сельского округа (местного самоуправления).

      22. Аппарат акима по согласованию с собранием местного сообщества может отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение аппарата акима сельского округа

      23. Реорганизация и упразднение аппарата акима сельского округа осуществляется в порядке, определяемом законодательством Республики Казахстан.