"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. Арқа ауылын округтің орталығы деп белгілеп, құрамында Қостанай облысы Қамысты ауданының Арқа және Красногор ауылдары бар жалпы алаңы 67653 гектар Арқа ауылдық округі құрылсын.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мухамбетов |
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы | С. Ещанов |