"Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 58 қаулысы. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 205 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 24.08.2023 № 205 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулыны Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;

      3) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауданының әкімі В. Радченко

  Қарасу
  ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы 8 сәуірдегі
  № 58 қаулысымен
  бекітілген

"Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мекеменің ведомстволары жоқ.

      3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мекеме өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де актілермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. Мекеменің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтіледi.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 111000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, Исакова А. көшесі, 73.

      10. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мекеменің қызметiн каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Мекемеге заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттiк органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;

      2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамыту стратегиясын іске асыру, қалада мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және әлеуметтік, экономикалық үдерістерді басқару, осы мақсаттар үшін барлық жергілікті атқарушы билік органдарының келісіп қызмет етуін қамтамасыз ету;

      3) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін өмірге енгізу, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу;

      4) заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық сана деңгейін және еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі олардың азаматтық белсенді көзқарасын көтеру бойынша шараларды жүзеге асыру;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жезеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін қамтамасыз ету, оларды қаладағы жағдай туралы уақтылы және толық хабардар ету, әкімнің шешімдері мен әкімдік қаулыларының орындалуы, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау мақсатында әкім аппараты мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға тапсырмалар беруге, олардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алуға құқылы;

      әкімнің орынбасарлары, әкім аппаратының басшысы тапсырма беруге, қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға құқылы;

      Мекеме мүдделерін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда білдіру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтар.

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      аппараттың жұмысын жоспарлау, әкімдік отырыстарын, кеңестер, семинарлар және өзге де іс-шараларды өткізу, оларды даярлау мен өткізуді ұйымдастыру;

      аудан әкімі шешімдерінің және өкімдерінің, әкімдік қаулыларының жобаларын дайындау;

      аудан әкіміне, әкімдікке әкімнің шешімдеріне, өкімдеріне, әкімдік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және оларды жою туралы ұсыныстар енгізу;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге заң қызметінің тікелей қатысуын қамтамасыз етеді, әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерін электрондық форматта қабылдауды, мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ жинауды, сақтауды және есепке алуды қамтамасыз ету;

      тұрақты негізде ведомствоға қарасты мемлекеттік органдарға тексерулер жүргізеді, қажет болған жағдайда тиісті лауазымды тұлғалардың ауызша түсініктемелерін тыңдайды және жазбаша түсініктемелерін талап ету;

      анықталған тәртіп бұзушылықтарды, заңнамаларды сақтамауды жою жөнінде шараларды қабылдау;

      кадрлық саясат пен мемлекеттік қызмет жағдайына, қала әкіміне ведомстволық бағынышты жергілікті басқару органдары қызметшілерінің кәсіби даярлық деңгейіне талдау жасау;

      әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілерін және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды лауазымға тағайындаған және босатқан кезде материалдарды ресімдеу, мемлекеттік қызметке өтуге, кадрларды іріктеу мен орналастыруға байланысты басқа да мәселелерді шешу, олардың жеке істерін жүргізу;

      әкім аппараты қызметкерлерінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының оқуын ұйымдастыру;

      аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметіне бағалау жүргізу;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қала әкімі аппаратының, әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерін аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;

      бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асыру;

      жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік теріс қылықтарын қарау жөніндегі бірыңғай тәртіптік комиссияның қызметін ұйымдастыруды жүзеге асыру;

      ауданның жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау жөніндегі бірыңғай комиссияның қызметін ұйымдастыруды жүзеге асыру;

      функционалдық блоктар бойынша жергілікті атқарушы органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын бөлу жөніндегі бірыңғай комиссияның қызметін ұйымдастыруды жүзеге асыру;

      аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің ауызша және жазбаша өтініштерін, қызметтік хат-хабарларды, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді бастапқы өңдеуді, қабылдауды, тіркеуді, есепке алуды, қарауды, таратуды және орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аудан әкімі аппараты басшысының жеке қабылдауларын өткізуді ұйымдастыру;

      жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштерін, оның ішінде жеке қабылдаулардан түсетін өтініштеді қарау бойынша ай сайынғы статистикалық есептерді дайындауды жүзеге асыру;

      аудан әкімдігі мен әкімінің құқықтық актілері жобаларының дұрыс рәсімделуін, аудан әкімдігінің отырыстарына материалдар дайындауды, заңнама талаптарына сәйкес аудан әкімі мен әкімдігінің қабылданған құқықтық актілерін тіркеуді, есепке алуды, шығаруды, сканерлеуді және орындаушыларға жеткізуді жүзеге асыру;

      таратылуы шектелген қызметтік ақпаратпен (ҚБП) жұмысты жүзеге асырады, ҚБПҮ құжаттарының уақтылы және сапалы орындалуын бақылайды;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аппаратта іс жүргізуді қазақ, орыс тілдерінде жүзеге асыру, аудан әкімі және әкімдігі, аудан әкімі аппараты құжаттарының аудармасын жүзеге асыру және аудармасының дұрыстығын тексеру, құқықтық актілер жобаларының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің түпнұсқалылығына сараптама жүргізу;

      аудан әкімі аппаратының істер номенклатурасын әзірлеу, істерді белгіленген тәртіпте ведомстволық мұрағатқа тапсырғанға дейін жедел сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ету;

      құрылымдық бөлімшелерде істерді ресімдеу мен қалыптастырудың дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру;

      құжаттардың көшірмесін жасау;

      аудан әкімі мен әкімдігінің ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттары бланкілерінің техникалық ерекшеліктерін және жобаларын әзірлеу, қолданыстағы стандарттарға сәйкес бланк өнімдеріне, сондай-ақ конверттерге, мөрлерге және мөртабандарға тапсырыс беру мен есепке алуды қамтамасыз ету;

      аудан әкімінің елтаңбалық мөрлерін сақтау;

      белгіленген ережелерді бұза отырып дайындалған құжаттарды пысықтауға қайтару;

      мемлекеттік тілді кеңінен қолдануға бағытталған шараларды қабылдау;

      жұмыстың тәсілі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу жөніндегі жұмысты жүргізу;

      аудан әкіміне бағынышты мемлекеттік басқару органдарының өзара әрекет етуін және қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;

      аудан әкімдігі және әкімі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      мемлекеттік гендерлік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      атқарушы орган құзыретіне жататын мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылауды қамтамасыз ету және жүзеге асыру;

      туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді;

      терроризмнің алдын алу, оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою саласында терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;

      аудан аумағындағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алуға және жоюға бағытталған азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;

      мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыру;

      жергілікті деңгейде ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және сақтауды жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) атқарушы органдардың және қала әкіміне бағынысты лауазымды тұлғалардың жұмысын талдау, сұралатын мәселелер бойынша аудан әкіміне ақпарат дайындау;

      2) аудан әкімін әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз ету және ақпаратты жинау, өңдеуді жүзеге асыру;

      3) Қазақстан Республикасының Президенті жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіру;

      4) аудан әкімінің және әкімдігінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды, нормативтік-құқықтық актілерді жариялауды қамтамасыз ету;

      5) әкім аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде, ауыл мен ауылдық округ әкімдері аппараттарында атқарушылық тәртіптің жай-күйіне талдау жүргізу және аудан әкімін хабардар ету;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттiк органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Мекеме мүддесін сенімхатсыз мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда ұсынады;

      2) аудан әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауап береді;

      3) қаржы құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие, шарттар жасайды, сенімхаттар береді;

      қабылдау кесетіне сәйкес азаматтардың жеке қабылдауын өткізеді, заңнамада белгіленген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;

      4) "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені, әкім аппаратының құрылымы мен штаттық саны туралы ұсыныстарды әзірлейді және оларды әкімнің бекітуіне енгізеді, мемлекеттік қызметшілерге қосымша ақылар, материалдық көтерме ақылар (сыйақылар), материалдық көмек көрсетуді белгілейді;

      5) әкім аппаратындағы ішкі еңбек тәртібін келіседі;

      6) әкім аппаратының техникалық қызметкерлерін еңбек туралы заңнамаға сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартады, босатады және қабылдайды;

      7) әкім аппаратында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;

      8) әкім аппараты бойынша бұйрықтар мен нұсқаулықтар шығарады;

      9) мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамаға және еңбек заңнамасына сәйкес кадрлар бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      10) әкім аппаратының құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;

      11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      12) жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      13) аудан әкімінің кадр саясатын жүзеге асыруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      14) әкім аппаратының қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

      Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Мекемеге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мекеме өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат акима Карасуского района"

Постановление акимата Карасуского района Костанайской области от 8 апреля 2022 года № 58. Отменено постановлением акимата Карасуского района Костанайской области от 24 августа 2023 года № 205

      Сноска. Отменено постановлением акимата Карасуского района Костанайской области от 24.08.2023 № 205 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" акимат Карасуского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Аппарат акима Карасуского района".

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Карасуского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение двадцати календарных дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Карасуского района после его официального опубликования;

      3) государственную регистрацию вышеуказанного Положения в органах юстиции в установленном законодательством порядке.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима Карасуского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Карасуского района В. Радченко

  Утверждено
  постановлением акимата
  Карасуского района
  от 8 апреля 2022 года
  № 58

Положение о государственном учреждении "Аппарат акима Карасуского района"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение (государственный орган) "Аппарат акима Карасуского района" (далее - Учреждение) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере местного государственного управления.

      2. Учреждение не имеет ведомств.

      3. Учреждение осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Учреждение является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Учреждение вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Учреждение имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Учреждение по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Учреждения и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности Учреждения утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: 111000, Республика Казахстан, Костанайская область, Карасуский район, село Карасу, улица Исакова А., 73.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Учреждения.

      11. Финансирование деятельности Учреждения осуществляется из республиканского, областного и местного бюджетов в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12. Учреждению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Учреждения.

      Если Учреждению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      1) проведение в жизнь политики Президента Республики Казахстан по охране и укреплению государственного суверенитета, конституционного строя, обеспечению безопасности, территориальной целостности Республики Казахстан, прав и свобод граждан;

      2) реализация стратегии социально-экономического развития Республики Казахстан, осуществление основных направлений государственной, социально-экономической политики и управления социальными и экономическими процессами в городе, обеспечение в этих целях согласованного функционирования всех органов местной исполнительной власти;

      3) претворение в жизнь конституционных принципов общественного согласия и политической стабильности, решение наиболее важных вопросов государственной жизни демократическими методами;

      4) осуществление мер по укреплению законности и правопорядка, повышению уровня правосознания граждан и их активной гражданской позиции в общественно-политической жизни страны;

      5) осуществление иных задач, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

      14. Полномочия:

      1) права:

      в целях обеспечения деятельности акима района и акимата, их своевременного и полного информирования о положении дел в районе, выполнении решений акима и постановлений акимата, а также контроля за их исполнением аппарат акима вправе давать поручения, запрашивать и получать необходимую информацию, документы и иные материалы от государственных органов и должностных лиц;

      правом давать поручения, запрашивать необходимую информацию, документы и иные материалы обладают заместители акима, руководитель аппарата акима;

      представлять интересы Учреждения в государственных органах и организациях;

      иные права, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      2) обязанности:

      соблюдать нормы действующего законодательства Республики Казахстан;

      планировать работу аппарата, проведение заседаний акимата, совещаний, семинаров и других мероприятий, организация их подготовки и проведение;

      подготавливать проекты решений и распоряжений акима, постановлений акимата города;

      вносить предложения акиму района, акимату об изменениях и дополнениях в решения, распоряжения акима, постановления акимата и их отмене;

      осуществлять контроль за исполнением актов и поручений Президента Республики Казахстан, Правительства Республики Казахстан, акима и акимата области, акима и акимата района;

      проводить юридическую экспертизу актов акима и акимата района на соответствие законодательству;

      обеспечивать непосредственное участие юридической службы в разработке нормативных правовых актов акима и акимата, обеспечивает принятие, государственную регистрацию, а также сбор, хранение и учет нормативных правовых актов акима и акимата в электронном формате;

      проводить на постоянной основе проверки подведомственных государственных органов, при необходимости заслушивает устные и истребует письменные объяснения соответствующих должностных лиц;

      принимать меры по устранению выявленных нарушений несоблюдения законодательства;

      анализировать состояние кадровой политики и государственной службы, уровень профессиональной подготовки служащих местных органов управления, подведомственных акиму района;

      оформлять материалы при назначении на должность и освобождении от должности государственных служащих аппарата акима и руководителей исполнительных органов, финансируемых из государственного бюджета, решает иные вопросы, связанные с прохождением государственной службы, подбором и расстановкой кадров, ведет их личные дела;

      организовать учебу сотрудников аппарата акима и руководителей исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета;

      организовывать и проводить аттестацию государственных служащих аппарата акима, акимата района, финансируемых из местного бюджета;

      проводить оценку деятельности государственных служащих акимата района;

      осуществлять организацию проведения конкурсов на занятие вакантных административных государственных должностей;

      осуществлять организацию деятельности единой дисциплинарной комиссии по рассмотрению дисциплинарных проступков государственных служащих местных исполнительных органов;

      осуществлять организацию деятельности единой комиссии по оценке деятельности государственных служащих местных исполнительных органов района;

      осуществлять организацию деятельности единой комиссии по распределению административных государственных должностей корпуса "Б" местных исполнительных органов по функциональным блокам;

      осуществлять документационное обеспечение деятельности акима и акимата района в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан;

      осуществлять первоначальную обработку, прием, регистрацию, учет, рассмотрение, рассылку и контроль за исполнением устных и письменных обращений физических и представителей юридических лиц, служебной корреспонденции, заявлений на оказание государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      организовать проведение личных приемов акима района, его заместителей, руководителя аппарата акима района;

      осуществлять подготовку ежемесячных статистических отчетов по рассмотрению обращений физических и представителей юридических лиц, в том числе и с личных приемов;

      осуществлять контроль за правильностью оформления проектов правовых актов акимата и акима района, подготовку материалов на заседания акимата района, согласно требованиям законодательства, регистрацию, учет, выпуск, сканирование и доведение до исполнителей принятых правовых актов акима и акимата района;

      осуществлять работу со служебной информацией ограниченного распространения (ДСП), контролировать своевременность и качество исполнения ДСП документов;

      осуществлять ведение делопроизводства в аппарате на казахском, русском языках, в соответствии с Законом Республики Казахстан "О языках в Республике Казахстан", осуществлять перевод и проверку правильности перевода документов акима и акимата района, аппарата акима района, проводить экспертизу проектов правовых актов на аутентичность текстов на казахском и русском языках;

      разрабатывать номенклатуру дел аппарата акима района, обеспечивать оперативное хранение и использование дел до передачи, в установленном порядке, в ведомственный архив;

      осуществлять контроль за правильностью оформления и формирования дел в структурных подразделениях;

      осуществлять копирование документов;

      разрабатывать технические спецификации и проекты бланков организационно-распорядительных документов акима и акимата района, обеспечивать заказ и учет бланочной продукции, согласно действующим стандартам, а также конвертов, печатей и штампов;

      хранить гербовые печати акима района;

      возвращать на доработку документы, подготовленные с нарушениями установленных правил;

      принимать меры, направленные на широкое применение государственного языка;

      проводить работу по улучшению стиля и методов работы, внедрению новых информационно-коммуникационных технологий;

      обеспечивать взаимодействие и координацию деятельности органов государственного управления, подчиненных акиму района;

      обеспечивать деятельность консультативно-совещательных органов при акимате и акиме района;

      обеспечивать реализацию государственной гендерной политики;

      обеспечивать и осуществлять внутренний контроль за качеством оказания государственных услуг, входящих в компетенцию исполнительных органов;

      формировать индивидуальные идентификационные номера при выдаче свидетельств о рождении;

      осуществлять регистрацию актов гражданского состояния, и вносить сведения о регистрации в Государственную базу данных о физических лицах в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      осуществлять реализацию государственной политики по противодействию терроризму в сфере профилактики терроризма, минимизации и (или) ликвидации его последствий;

      осуществлять реализацию государственной политики в сфере гражданской защиты, направленную на предупреждение и ликвидацию чрезвычайных ситуаций и их последствий на территории района;

      осуществлять организацию работы по обеспечению защиты государственных секретов;

      осуществлять реализацию и соблюдать на местном уровне государственную политику в сфере информационных технологий и информационной безопасности;

      осуществлять иные обязанности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      15. Функции:

      1) анализировать работу исполнительных органов и должностных лиц, подчиненных акиму района, подготовка акиму района информации по запрашиваемым вопросам;

      2) осуществлять сбор, обработку информации и обеспечивание акима района информационно-аналитическими материалами по социально-экономическим вопросам;

      3) разъяснять проводимую Президентом Республики Казахстан внутреннюю и внешнюю политику;

      4) обеспечивать освещение деятельности акима и акимата района в средствах массовой информации, опубликование нормативно-правовых актов;

      5) проводить анализ состояния исполнительской дисциплины в структурных подразделениях аппарата акима, аппаратах акимов сел и сельских округов и информировать акима района;

      6) осуществление иных функций, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа

      16. Руководство Учреждения осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Учреждение задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Первый руководитель Учреждения назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Полномочия первого руководителя Учреждения:

      1) без доверенности представляет интересы Учреждения в государственных органах и иных организациях;

      2) организует и руководит работой аппарата акима района и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на аппарат функций и задач;

      3) обладает правом первой подписи финансовых документов, заключает договоры, выдает доверенности;

      4) разрабатывает Положение о государственном учреждении "Аппарат акима Карасуского района", предложения по структуре и штатной численности аппарата акима и вносит их акиму района на утверждение, устанавливает доплаты, материальное поощрение государственных служащих (премии), оказания материальной помощи;

      5) согласовывает внутренний трудовой распорядок в аппарате акима;

      6) принимает, увольняет и привлекает к дисциплинарной ответственности в соответствии с законодательством о труде технических работников аппарата акима;

      7) контролирует исполнение законодательства о государственной службе в аппарате акима;

      8) издает приказы и инструкции по аппарату акима;

      9) организует работу по кадрам в соответствии с действующим законодательством о государственной службе и трудовым законодательством;

      10) подписывает служебную документацию в пределах компетенции аппарата акима;

      11) несет персональную ответственность за непринятие мер по противодействию коррупции;

      12) осуществляет личный прием физических и юридических лиц;

      13) организует и обеспечивает реализацию кадровой политики акима района;

      14) дает указания, обязательные для исполнения работниками аппарата акима;

      15) выполняет иные функции в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      19. Учреждение может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Учреждения формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      20. Имущество, закрепленное за Учреждением, относится к коммунальной собственности.

      21. Учреждение не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленными за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      22. Реорганизация и упразднение Учреждения осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.