"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) көрсетілген Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Науырзым ауданының әкімі | Қ. Әбішев |
Науырзым | |
ауданы әкімдігінің | |
2022 жылғы "18" сәуірдегі | |
№ 106 қаулысымен | |
бекітілген |
"Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ) дене тәрбиесі және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ ведомстволары жоқ.
3. "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
6. "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111400, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Қарамеңді ауылы Шаяхметов көшесі, 2 В.
10. Осы Ереже "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) дене шынықтыру және спорт саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) аудан тұрғындарының әртүрлі санаттарын дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту және жағдай жасау;
3) дене шынықтыру және спорт саласын дамыту және жетілдіру үшін жағдайлар жасау;
4) дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдардың қызметін үйлестіру;
5) ауданда дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі бағыттарын болжау, әзірлеу және іске асыру;
6) дене шынықтыру және спорт кадрларының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар болып табылады.
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға міндетті;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер болып табылады.
15. Функциялары:
1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың өңірлік бағдарламаларын іске асыруға қатысады;
2) әртүрлі спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық және республикалық спорттық жарыстарға қатысуын ұйымдастырады;
3) оқу-жаттығу жиындарын өткізу, спорттық жарыстарға және басқа да спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысушыларды материалдық қамтамасыз ету және көтермелеу үшін шығыстар нормативтерінің пайдаланылуын бақылауды белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді;
4) материалдық-спорттық базаны дамытуды қамтамасыз етеді;
5) спорт ұйымдарына олардың қызметін ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
6) Өз құзыреті шегінде спорттық разрядтарды, жаттықтырушы-оқытушылар құрамына, спорт төрешілеріне Санаттар береді, ауданның дене шынықтыру және спорт қызметкерлерін аттестаттаудан өткізеді;
7) ауданның спорттық-бұқаралық іс-шараларының күнтізбелік жоспарын әзірлейді, бекітеді және іске асырады, оның ішінде облыстық спорттық жарыстарға қатысуды және оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырады;
8) ауданның мемлекеттік спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді және жеке спорт клубтарымен өзара іс-қимыл жасайды;
9) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
10) ауданда дене шынықтыру мен спорттың дамуы туралы мәліметтерді, дене шынықтыру және спорт саласындағы статистикалық деректерді талдайды және уәкілетті органға ұсынады;
11) бөлімге жүктелген функцияларды орындауға байланысты мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен іссапарларды ұйымдастырады;
12) өз құзыреті шегінде бөлімге жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
13) құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
14) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты жүзеге асыру;
15) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған органдарға есептілік пен ақпараттық құжаттарды дайындау және ұсыну;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16. "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ басқаруды басшы жүзеге асырады, ол "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ басшысының өкілеттіктері:
1) "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктері шеңберін белгілейді;
2) "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;
3) бұйрықтар шығарады және "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ қызметкерлеріне орындау үшін міндетті болатын нұсқаулар береді;
4) заңнамада белгіленген тәртіпте көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;
5) "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
6) "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге ұйымдармен барлық өзара қарым-қатынастарда танытады;
7) белгіленген еңбекақы қоры және қызметкерлердің штат саны шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын, "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ құрылымын бекітеді;
8) азаматтарға және заңды тұлғалардың өкілдеріне жеке қабылдау жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
9) жеке-дара өкімдік қызмет арқылы сеніп тапсырылған органға басшылықты жүзеге асырады және қабылданатын шешімдердің заңдылығына дербес жауаптылықта болады;
10) жоғары тұрған лауазымды тұлғаның шешімдерімен қатаң сәйкестікте басшылықты жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
19. "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20. "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
22. "Науырзым ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.