Мәслихаттың 2014 жылғы 27 ақпандағы № 205 "Қостанай облысы Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 86 шешімі. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 54 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 14.09.2023 № 54 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 27 ақпандағы № 205 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4569 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қостанай облысы Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Федоров аудандық мәслихатының хатшысы Б. Исенгазин

      Келісілді

      Камышин ауылдық

      округінің әкімі

      ____________ Б. Бексултанов

      "__" ____________ 2022 жыл

  Мәслихаттың
  2022 жылғы "25" қаңтардағы
  № 86 шешіміне
  қосымша
  Мәслихаттың
  2014 жылғы 27 ақпандағы
  № 205 шешімімен
  бекітілген

Қостанай облысы Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Камышин ауылдық округінің ауылдары тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Камышин ауылдық округінің аумағы учаскелерге (ауылдар) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Камышин ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Камышин ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Камышин ауылдық округінің ауылдары шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Камышин ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Камышин ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Камышин ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Федоров аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Камышин ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

О внесении изменений в решение маслихата от 27 февраля 2014 года № 205 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Камышинского сельского округа Федоровского района Костанайской области"

Решение маслихата Федоровского района Костанайской области от 25 января 2022 года № 86. Отменено решением маслихата Федоровского района Костанайской области от 14 сентября 2023 года № 54

      Сноска. Отменено решением маслихата Федоровского района Костанайской области от 14.09.2023 № 54 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Федоровский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Камышинского сельского округа Федоровского района Костанайской области" от 27 февраля 2014 года № 205 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4569) следующие изменения:

      заголовок указанного решения на казахском языке изложить в новой редакции, текст на русском языке не меняется;

      Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Камышинского сельского округа Федоровского района Костанайской области, утвержденные указанным решением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Федоровского районного маслихата Б. Исенгазин

      Согласовано

      Аким Камышинского

      сельского округа

      ____________ Б. Бексултанов

      "__" ____________ 2022 года

  Приложение
  к решению маслихата
  от "25" января 2022 года
  № 86
  Утверждены
  решением маслихата
  от 27 февраля 2014 года
  № 205

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Камышинского сельского округа Федоровского района Костанайской области

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Камышинского сельского округа Федоровского района Костанайской области (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей сел Камышинского сельского округа.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория Камышинского сельского округа подразделяется на участки (села).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом Камышинского сельского округа.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом Камышинского сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах сел Камышинского сельского округа организуется акимом Камышинского сельского округа.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села, имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе и имеющих право в нем участвовать.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом Камышинского сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким Камышинского сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, утвержденным Федоровским районным маслихатом.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима Камышинского сельского округа.