Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің 40 - бабы 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) туралы ереже осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.Ш. Шаймұратоваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ә. Сқақов |
Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы "11" мамырдағы № 123/1 қаулысымен бекітілді |
|
1-қосымша |
"Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, өткізу және мониторингілеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы, 5Б - үйі.
10. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:
дүйсенбі – жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
11. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы – "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде – государственное учреждение "Управление государственных закупок Павлодарской области".
12. Мемлекет Павлодар облысының әкімдігі тұлғасында "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы ереже "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
15. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері
16. Міндеттері:
1) мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне сәйкес, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
2) конкурс немесе аукцион тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуды мониторингілеу;
3) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
17. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті ақпаратты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде өзге де қосымша ақпаратты сұратады;
жоспарларды, есептілікті, шарттарды, төлемдер туралы мәліметтерді қоса алғанда, мемлекеттік сатып алу мониторингін жүргізу үшін қажетті ақпаратты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен және әкімдікке ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен мекемелерден мемлекеттік сатып алу жөніндегі өзге де ақпаратты сұратады;
мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды адамдардан, азаматтардан жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратады және алады;
2) міндеттері:
Павлодар облысының аумағында мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелерді шешу, дамытудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына енгізеді;
өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасайды;
жұмысты ұйымдастыру мақсатында өз құзыреті шегінде бұйрықтар әзірлейді және қабылдайды;
сот және мемлекеттік органдарда басқарманың мүддесін білдіреді;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
18. Функциялары:
1) мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне сәйкес, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
2) мемлекеттік органдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мониторингін ұйымдастырады және жүргізеді;
3) тапсырыс беруші берген тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;
4) мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруларды орналастырады;
5) конкурстық құжаттаманың және аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіреді;
6) тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге ұсынған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырмаларды қарастырады;
7) тапсырыс берушіге конкурстық (аукциондық) құжаттаманың жобасына ескертулер, сондай-ақ конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар жібереді;
8) қажет болған жағдайда конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
9) заңнамада көзделген жағдайларда конкурс немесе аукцион тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тиісті бюджеттің кірісіне есептейді не әлеуетті өнім берушіге қайтарады;
10) конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындайды және бекітеді;
11) заңнамада көзделген жағдайларда бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру жібереді;
12) заңнамамен белгіленген тәртіпте тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
13) қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінеді;
14) іс жүргізуді ұйымдастырады, кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркейді, азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етеді;
15) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
16) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
19. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
20. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Павлодар облысы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
21. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкiлеттiктерi:
1) Басқарма бөлімдері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
2) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
4) өз құзыретіне сәйкес бұйрықтар шығарады;
5) басқарма бөлімдерінің ережелерін бекітеді;
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда басқарма атынан мүддесін білдіреді;
7) өз өкілеттігі шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады;
8) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
22. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
23. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
24. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
25. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
4. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
26. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
"Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
27. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
29. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы "11" мамырдағы № 123/1 қаулысына 2-қосымша |
Павлодар облысы әкімдігінің күші жойылуға жататын қаулыларының тізбесі
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы" № 104/2 қаулысы.
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 26 шілдедегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы" № 104/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 236/2 қаулысы.