Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 мамырдағы "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 123/1 қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
18-тармақ мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
"17) шағымды қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдер қабылдайды".
2. "Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы | С. Батырғужинов |