Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабы 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 20 наурыздағы "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 111/2 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
"Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ММ) туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналыстыруды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.О. Өтешовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ә. Сқақов |
Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы "____" __________ № _________ қаулысымен бекітілген |
"Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттiк мекемесi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі - ММ) облыс тұрғындарын әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында қызметін жүзеге асыруға Павлодар облысының әкімдігі уәкілеттік берген, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік орган болып табылады.
2. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-нің ведомстволары жоқ.
3. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөр мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-нің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-нің орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59-құрылыс.
10. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-нің жұмыс тәртібі: дүйсенбі – жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.
11. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде – "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – государственное учреждение "Управление координации занятости и социальных программ Павлодарской области".
12. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-нің құрылтайшысы Павлодар облысының әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады.
13. Осы Ереже "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-нің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-нің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-ге "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-нің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-не заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекет кiрiсiне жiберiледi.
2. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаты, мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-нің мақсаты Павлодар облысының тұрғындарын әлеуметтік қорғауға және жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
17. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ қызметінің мәні Павлодар облысының тұрғындарын әлеуметтiк қорғау мен жұмыспен қамту саласында мемлекеттiк кепілдіктерді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды облыстық деңгейде іске асыру болып табылады.
18. Міндеттері:
1) "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-нің құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету;
2) тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды жүргізу;
3) Павлодар облысының тұрғындарын әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау;
4) Павлодар облысының тұрғындарын әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту және көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің нормаларын сақтау;
5) Павлодар облысының тұрғындарын әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру;
6) этникалық қазақтар мен қандастар құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету;
8) "Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері" Ұлттық жобасын, Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны, "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-нің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Павлодар облысының даму жоспарларын іске асыруға қатысу;
9) "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-нің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты қамтамасыз ету;
10) Ұлттық жобалар бөлінісінде 2021-2025 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың өңірлік картасын қалыптастыру;
11) Облыстың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын әзірлеуге қатысу.
19. Өкілеттіктері:
Құқықтары:
1) дамудың негізгі бағыттары, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы проблемаларды жедел шешу жөнінде облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына ұсыныстар енгізу;
2) мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтармен келісім бойынша "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен ақпарат сұрату және алу;
3) Павлодар облысының тұрғындарын әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша лауазымды тұлғалармен, қоғамдық ұйымдармен өз құзыреті шегінде өзара іс-қимыл жасау;
4) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу.
Міндеттері:
1) "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ алқа отырыстарында қалалар мен аудандардың әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту органдарының, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен ұйымдар басшыларының Павлодар облысының тұрғындарын әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі ақпаратын тыңдау;
2) барлық сот органдарында және өзге де ұйымдарда облыс әкімінің, әкімдігінің мүдделерін білдіру.
20. Функциялары:
1) Павлодар облысының тұрғындарын әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту және көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
2) сұраныс пен ұсыныстарды талдау, болжау, Павлодар облысының еңбек нарығындағы ахуалдың мониторингі, жұмыс орындарын құру және халықты жұмыспен қамту, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органды өңірдің еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар ету;
3) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысу;
4) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын көрсету;
5) Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды үйлестіру;
6) Павлодар облысының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;
7) өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту;
8) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингі;
9) кадрларға болжамды қажеттілік туралы мәліметтер жиынтығы;
10) Павлодар облысының тұрғындарын әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және іске асыру, олардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
11) әлеуметтік әріптестік тараптары арасындағы келісімдерді әзірлеуді, келісуді, бекітуді ұйымдастыру, әлеуметтік әріптестік шеңберінде олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру;
12) "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", "Ардагерлер туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
13) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөлігінің орындалуына мониторинг жүргізу;
14) ведомстволық бағынысты мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру, олардың материалдық-техникалық жай-күйін нығайтуды және оларға әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
15) арнаулы әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдар желісін дамыту;
16) құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
17) өз құзыреті шегінде кедейшілікті азайту, халықтың өмір сүру деңгейін және табысын арттыру жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысу;
18) жоғары тұрған органдарға Қазақстан Республикасының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы қолданыстағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
19) жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
20) жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарау;
21) "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-ге жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
22) облыс әкімінің тапсырмаларын, әкімдігі мен әкімінің актілерін орындау және орындалуын ұйымдастыру;
23) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланысты орнату және тұрақты дамыту, "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен конференциялар, "дөңгелек үстелдер", семинарлар мен кеңестер өткізу;
24) "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ қызметінің жоспарын әзірлеу;
25) тиісті деректер қорын құра отырып, Павлодар облысының құжат айналымының бірыңғай электрондық жүйесін ұйымдастыруға қатысу;
26) қандас мәртебесін беру туралы шешім қабылдау, қандастарға куәліктер беру;
27) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешімдер қабылдау;
28) қандастарды уақытша орналастыру орталықтарының қызметін ұйымдастыру;
29) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
30) облыс әкімдігі мен әкімінің актілерінде, өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларда акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісінің өкілеттіктерін жүзеге асыру, оның ішінде оларға қатысты шешімдерді тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне ұқсас қабылдау;
31) Қазақстан Республикасының жұмыспен қамтуды, әлеуметтік бағдарламаларды және халықтың көші-қонын үйлестіру саласындағы қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
21. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-ге басшылықты "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-ге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
22. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-нің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
23. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
24. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін, сондай-ақ "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ ведомстволық бағынысты мекемелерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
5) "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ барлық қызметкерлері орындауға міндетті, өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
6) "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ атынан өкілдік етеді;
8) ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;
9) "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
10) "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-нің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады.
"Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
25. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.
26. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (облыстың жергілікті атқарушы органы) өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
27. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
28. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес айқындалады.
4. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің мүлкі
29. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
30. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
31. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-не бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
32. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұыймдастыру және тарату (қысқарту)
33. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
34. Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – КММ);
35. Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Ақсу арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ;
36. Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Павлодар қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ;
37. Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық балалар орталығы" КММ;
38. Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету облыстық психоневрологиялық орталығы" КММ;
39. Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Шалдай психоневрологиялық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ;
40. Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтудың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ;
41. Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Ардагерлер үй" қарттар мен мүгедектерді оңалтудың облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ.