Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40–бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлкеттік органдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұймдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын.
3. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Құрмановаға жүктелсін.
Облыс әкімі | Ә. Сқақов |
Бекітілді Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы "____" __________ № ____ қаулысына 1-қосымша |
"Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Павлодар облысының аумағында ақпарат, ішкі саясат, қоғамдық даму, мемлекеттік жастар саясатын және мемлекеттік этносаралық және диаспоралық саясат салаларындағы өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32.
10. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі – жұма күндері, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі;
11. Осы ереже "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Мемлекет Павлодар облысының әкімдігі тұлғасында "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады;
13. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
14. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер "Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
15. Мақсаттары:
1) Павлодар облысының мемлекеттік органдарымен қоғамдық-саяси тұрақтылықты, қоғамдық процестерді демократияландыруды және қоғамды біріктіруді қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасау, ақпарат және қоғамдық даму, жастар саясаты саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің орындалуын мониторингілеу және талдау, этносаралық қатынастар, диаспора саясаты, отандастармен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу, Басқарманың құзыретіне кіретін қызмет салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
2) қоғамдық және этномәдени бірлестіктерді, саяси партияларды, қоғамдық-саяси ұйымдарды, кәсіподақтарды, бұқаралық ақпарат құралдарын, қоғам өкілдерін және өзге де үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мен олармен өзара іс-қимыл жасаудың облыстық инфрақұрылымын дамыту;
3) ақпарат және қоғамдық даму саласының кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін дамытуға жәрдемдесу;
4) Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму саласындағы басымдықтарды әзірлеу;
5) мемлекеттің ішкі саясатын, сондай-ақ "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін және тапсырмаларын, Павлодар облысы әкімдігі мен әкімінің актілерін іске асыру барысының орындалуын мониторингілеу;
6) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі басымдықтарын насихаттауға қатысу;
7) ақпарат және қоғамдық даму мәселелерінде тұжырымдамалық негіздер мен тәжірибелік ұсынымдарды, сондай-ақ азаматтық бірегейлікті, Қазақстанның ұзақ мерзімді даму басымдықтарын қалыптастыру негізінде қоғамды біріктіру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу;
8) облыстық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру, оның жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз ету;
9) Павлодар облысында қоғамдық-саяси жағдайға болжам жасауға бағытталған әлеуметтік және саясаттанушылық зерттеулер жүргізу;
10) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
11) жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту;
12) жастар саясаты мәселелеріне қатысты мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін жағдайлар жасау;
13) азаматтылықты тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікті нығайту, елдің мемлекеттік рәміздеріне, оның тарихына, мәдениетіне және халықтың салт-дәстүрлеріне құрметті, Конституцияға және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілік сезімін тәрбиелеу;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
16. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Павлодар облысы әкімінің қарауына облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қатысты мәселелер бойынша ақпараттық-аналитикалық және өзге материалдар дайындауды жүзеге асыру;
Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер жөніндегі ақпаратты мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдардың және азаматтардың келісімі бойынша белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту;
2) міндеттері:
өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысу;
барлық сот, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда облыс әкімі мен әкімдігінің мүддесін білдіру;
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексі негізінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Үкіметтік емес ұйымдар деректері базасына дұрыс емес, толық емес мәліметтер ұсынғаны немесе ұсынбағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар құрастыру;
өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;
Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтар мен міндеттерді атқару.
17. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының, Павлодар облысы әкімдігі мен әкімі актілерінің орындалуын ұйымдастыру;
2) Павлодар облысы әкімдігі мен әкімінің Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының құзыретіне енетін мәселелер жөніндегі актілерінің жобаларын дайындау;
3) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және жүзеге асырылуын бақылау;
5) ішкі саяси саладағы, этносаралық және конфессияаралық қатынастар, Қазақстан Республикасында адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және сақтау мәселелерінде мемлекеттік саясатты айқындайтын тұжырымдамаларды, бағдарламаларды әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысу, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру;
6) облыстың үкіметтік емес ұйымдары туралы мәліметтерді қалыптастыру, жинақтау, қорыту және уәкілетті органға есеп ұсыну;
7) саяси партиялармен, этномәдени, үкіметтік емес және өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара байланыстарды жүзеге асыру;
8) облыс әкімдігі мен әкімінің актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген жағдайларда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын, мемлекеттік және заңды тұлғалардың құқық субъектісінің өкілеттіктерін жүзеге асыру, соның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне ұқсас оларға қатысты шешімдерді қабылдау;
9) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау;
10) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;
11) мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру, өзекті мәселелерді анықтау және шешу үшін жастардың қажеттіліктеріне мониторинг пен бағалау жүргізуді қамтамасыз ету;
12) жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатын іске асыруды қамтамасыз ету, еңбек нарығының және жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының мониторингін ұйымдастыру;
13) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға ықпал ету;
14) жастардың ресурстық орталықтарын құру, олардың қызметін қамтамасыз ету және үйлестіру;
15) жастардың өңірлік форумын өткізуді қамтамасыз ету;
16) қазақстандық патриотизмді және этносаралық төзімділікті нығайту бойынша шаралар қолдану;
17) жергілікті деңгейде Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
18) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу процесінде тапсырыс беруші мен конкурстар ұйымдастырушысы функцияларын жүзеге асыру, бұл мақсаттарға бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылауды жүзеге асыру;
19) Павлодар облысының аумағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қолданылуына (орнату, орналастыру) бақылауды жүзеге асыру;
20) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, мониторинг жүргізуді және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
21) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестер құру;
22) уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша ақпарат ұсыну;
23) этносаралық қатынастар саласындағы процестерді зерделеу және талдау, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша сапалы зерттеулерді қамтамасыз ету және бақылау;
24) Басқарманың құзыреті шеңберінде мониторинг, талдау және әлеуметтік зерттеулер жүргізуді жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
25) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс Ассамблеясымен, орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен және басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
26) этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған бірлескен өңірлік іс-шаралар, акциялар мен конкурстарды өткізу, этносаралық қарым-қатынастар саласында облыс қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдарына консультативтік көмек көрсету;
27) этномәдени бірлестіктермен және басқа да қоғамдық ұйымдармен этносаралық келісім мен төзімділікті нығайту бойынша өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты жүзеге асыру;
28) облысқа келген және тұрып жатқан отандастарымыз – этникалық қазақтардың жағдайын мониторингілеу және талдау;
29) облысқа келген және тұрып жатқан отандастарымызды қолдау тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
30) облыс Ассамблеясының төрағасы мен кеңесінің қызметін қамтамасыз ету;
31) өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың жай-күйі мен перспективалары туралы ақпаратты тұрақты негізде жинауды және оны Қазақстан халқы Ассамблея Аппаратына тоқсан сайын ұсынуды жүзеге асыру;
32) өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру;
33) өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін әзірлеу;
34) "Павлодар облысының Құрметті азаматы" атағын беру, куәліктерді және төсбелгілерді, облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет кітабын әзірлеу, рәсімдеу және сақтау мәселелері жөніндегі құжаттамаларды жүргізу және есепке алу ішкі саясат саласындағы мемлекеттік органмен жүзеге асырылады. Облыстың Құрмет кітабын дайындау шығындарын қаржыландыру;
35) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
18. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Ақпарат және қоғамдық даму басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
19. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
20. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
21. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің функцияларын және өкілеттіктерін белгілейді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
4) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
5) "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда білдіреді;
6) "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
7) "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
8) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауап береді.
"Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
23. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің алқалы органдары жоқ.
24. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жергілікті атқарушы органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
25. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
26. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
27. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
28. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
30. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
"Жастар бастамаларын дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (ЖБДО);
"Ертіс Медиа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
"Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы "____" __________ № ____ қаулысына 2-қосымша |
Павлодар облысы әкімдігінің күшін жоюға жататын қаулылар тізбесі
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 16 шілдедегі "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 217/2 қаулысы;
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 16 шілдедегі "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 217/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 197/4 қаулысы;
3. Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 16 шілдедегі "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 217/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 11/1 қаулысы;
4. Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 6 тамыздағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 16 шілдедегі "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 217/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 201/7 қаулысы.