Павлодар облысы мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы № 239/22 "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 175/13 шешімі

      Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Павлодар облысы мәслихатының "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2018 жылғы 14 маусымдағы № 239/22 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6001 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы көрсетілген шешімнің қосымша осы шешімнің қосымша сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат хатшысы Е. Айткенов

  Павлодар
облыстық мәслихатының
2022 жылғы 22 маусымдағы
№ 175/13 шешіміне
қосымша
  Павлодар
облыстық мәслихатының
2018 жылғы 14 маусымдағы
№ 239/22 шешіміне
бекітілген

"Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі-Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына, "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес әзірленді, "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі-Үлгілік әдістеме) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың тәртібін айқындайды.

      2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) тікелей басшы - дербес бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты тұлға;

      2) жоғары тұрған басшы - дербес бағынысты болып табылатын, бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты тұлға;

      3) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі - НМИ) - мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына немесе "Б" корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процесстік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, "Б" корпусы қызметшілері қол жеткізген жағдайда олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер;

      4) жеке жұмыс жоспары - "Б" корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне НМИ қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын, жоғары тұрған басшымен бекітілген құжат;

      5) құзыреттер - нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;

      6) мінез-құлық индикаторы - "Б" корпусы қызметшісінің мінез-құлық және құзыреттер деңгейі көрінісінің сипаттамасы.

      3. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі - бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.

      4. "Б" корпусы қызметшісінің нақты лауазымға келу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау өткізілмейді.

      Бағалауды өткізу кезінде "Б" корпусы қызметшілері еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалысында, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іс-сапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.

      5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі - уәкілетті тұлға), Павлодар облысы мәслихатының аппараты болып табылатын (бұдан әрі - мәслихат аппараты) Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

      Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.

      6. Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:

      1) НМИ жетістіктерін бағалау;

      2) "Б" корпусы қызметшілерінің құзыреттерін бағалау.

      7. НМИ орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымдардан төмендету немесе босату үшін шешім қабылдауға негіз болып табылады.

      Құзыреттерді бағалау нәтижелері "Б" корпусы қызметшісінің қажетті құзыреттерін дамытуға негіз болып табылады. Бұл ретте, құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымдардан төмендетуге немесе босатуға әсер етпейді.

      8. Бағалауға байланысты құжаттар мәслихат аппаратында бағалау аяқталғаннан кейін үш жыл бойы сақталады.

2-тарау. НМИ анықтау тәртібі

      9. НМИ Үлгілік әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағаланатын кезең басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде жасалатын "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспарында тікелей басшымен анықталады.

      10. Жеке жұмыс жоспары тиісті НМИ әзірленген соң, ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.

      11. НМИ осы Әдістеменің 12-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын түзетуге қайтарады.

      Жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, түзетуге жолданған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      12. НМИ:

      нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);

      өлшемді (НМИ өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);

      қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);

      уақытпен шектеулі (НМИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді);

      мемлекеттік органның стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған болуы тиіс.

      13. НМИ саны 5 құрайды.

      14. Жеке жұмыс жоспары Павлодар облысы мәслихаты аппаратының кадр жұмыстары лауазымдық міндетіне кіретін ұйымдастыру бөлімінің бас маманында (бұдан әрі - ұйымдастыру бөлімінің бас маманы) сақталады.

3-тарау. НМИ жетістігін бағалау тәртібі

      15. Жеке жұмыс жоспарында көрсетілген НМИ жетістігіне бақылау жүргізу мақсатында тікелей басшы НМИ-да белгіленген жетістіктерге тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.

      Тоқсан сайынғы мониторинг қорытындысы бойынша тікелей басшы бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісіне НМИ-ге жету және сол үшін қажетті шаралар бойынша жазбаша ұсыныстар береді.

      16. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы Үлгілік әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.

      17. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша НМИ бағалау негізінде келесі тәртіпте жүзеге асырылады.

      НМИ барлығы орындалған жағдайда "өте жақсы" баға қойылады;

      НМИ санының 5-нен 4-і орындалған жағдайда "тиімді" баға қойылады;

      НМИ санының 5-нен 3-і орындалған жағдайда "қанағаттанарлық" баға қойылады;

      НМИ санының 5-нен 3-тен азы орындалған жағдайда "қанағаттанарлықсыз" баға қойылады;

      НМИ-дің орындалуы жеке жоспарда қарастырылған барлық көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.

      18. Бағалау парағы тікелей басшымен толтырылғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.

      19. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшымен келесі шешімдердің бірі қабылданады:

      1) бағалаумен келісу;

      2) түзетуге жіберу.

      20. Бағалау парағы НМИ қол жеткізуін дәлелдейтін фактілердің жеткіліксіздігі немесе дәйексіздігі болған жағдайда түзетуге жолданады.

      21. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны түзетуге жолдағаннан кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      22. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін ұйымдастыру бөлімінің бас маманы 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.

4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі

      23. Құзыреттерді бағалау тікелей басшымен жүргізіледі және оның нәтижесі бойынша Үлгілік әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.

      24. Бағалау парағын толтыру барысында әр құзырет бойынша "Б" корпусы мемлекеттік лауазымдар санаттары үшін Үлгілік әдістеменің 4-қосымшасымен көзделген мінез-құлық индикаторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны 10-нан аспайды.

      25. Қызметші құзыретінің даму деңгейі бағалау кезеңінде оның қызметінде көрінген мінез-құлық индикаторларының санымен келесі тәртіпте анықталады:

      1) қызметшінің қызметінде белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының 3/4 немесе одан көбі байқалған жағдайда "күтілген нәтижеге сәйкес" бағасы қойылады;

      2) қызметшінің қызметі нақты құзыретпен көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4-нен кеміне сәйкес келмесе, бағаланатын құзырет бойынша "күтілген нәтижеге сәйкес емес" бағасы қойылады.

      26. Тікелей басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін ұйымдастыру бөлімінің бас маманы 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.

5-тарау. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану

      27. Ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін жеті жұмыс күні аралығында бағалауды жүргізетін тұлғаларды бағалау жүргізу туралы хабарлайды.

      28. Комиссияның отырысы оның құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.

      29. Комиссияның төрағасын не мүшесін алмастыру комиссияны құру туралы өкімге өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      30. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      31. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, бағалау жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      32. Комиссияның хатшысы ұйымдастыру бөлімінің бас маманы болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

      33. Ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.

      34. Ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:

      1) толтырылған бағалау парақтарын;

      2) Үлгілік әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының жобасын.

      35. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды да келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) бағалау нәтижелерін бекіту;

      2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.

      36. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетіп, оны хаттаманың "Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)" графасында көрсетіледі.

      37. Бағалаудың нәтижелері уәкілетті тұлғамен бекітіледі және Үлгілік әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамасында тіркеледі.

      38. Ұйымдастыру бөлімінің бас маманы "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстырады.

      39. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша нысанда жүзеге асырылады. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін нысанда акт жасалады, оған персоналды басқару қызметі және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісі қол қояды.

      Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері осы Әдістеменің 38 - тармағында көрсетілген мерзімдерде мемлекеттік органдардың интернет-порталы және/немесе Мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасы (ақпараттық жүйе) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жіберіледі.

      40. "Б" корпусы қызметшісінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс беру;

      2) "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.

      41. "Б" корпусы қызметшісі бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.

О внесении изменений в решение маслихата Павлодарской области от 14 июня 2018 года № 239/22 "Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат маслихата Павлодарской области"

Решение Павлодарского областного маслихата от 22 июня 2022 года № 175/13

      Павлодарский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата Павлодарской области "О внесении изменений в решение маслихата Павлодарской области "Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат маслихата Павлодарской области" от 14 июня 2018 года № 239/22 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6001) следующее изменение:

      Методику оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат маслихата Павлодарской области" изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь областного маслихата Е. Айткенов

  Приложение к
решению Павлодарского
областного маслихата
от 22 июня 2022 года
№ 175/13
  Утверждена
решением Павлодарского
областного маслихата
от 14 июня 2018 года
№ 239/22

Методика оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат маслихата Павлодарской области"

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящая Методика оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат маслихата Павлодарской области" (далее - Методика) разработана в соответствии с пунктом 5 статьи 33 Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан", Типовой методикой оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б", утвержденной Приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 16 января 2018 года №13 "О некоторых вопросах оценки деятельности административных государственных служащих" (далее-Типовая методика) (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 16299) и определяет порядок оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат маслихата Павлодарской области" (далее - служащие корпуса "Б").

      2. Основные понятия, используемые в настоящей Методике:

      1) непосредственный руководитель - лицо, по отношению которому оцениваемый служащий находится в прямом подчинении;

      2) вышестоящий руководитель - лицо, по отношению которому непосредственный руководитель оцениваемого служащего находится в прямом подчинении;

      3) ключевые целевые индикаторы (далее - КЦИ) - устанавливаемые в соответствии со стратегическим планом государственного органа либо исходя из специфики деятельности служащего корпуса "Б" показатели (за исключением процессной работы), достижение которых свидетельствует об эффективности их деятельности;

      4) индивидуальный план работы - документ, предусматривающий КЦИ служащего корпуса "Б" на оцениваемый период, и составляемый совместно с непосредственным руководителем и утверждаемый вышестоящим руководителем;

      5) компетенции - совокупность знаний, умений и навыков, необходимых для эффективного выполнения профессиональной деятельности на конкретной государственной должности;

      6) поведенческие индикаторы - поведенческие характеристики и уровень проявления компетенции у служащего корпуса "Б".

      3. Оценка деятельности служащих корпуса "Б" (далее - оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.

      4. Оценка не проводится в случаях, если срок его пребывания на конкретной должности, в том числе после выхода из социального отпуска или после завершения обучения составляет менее трех месяцев, а также в период испытательного срока.

      Служащие корпуса "Б", находящиеся в период проведения оценки в трудовых отпусках, отпуске без сохранения заработной платы, периоде временной нетрудоспособности, командировке или на стажировке либо направленные на переподготовку, повышение квалификации, проходят оценку в течение 5 рабочих дней после выхода на работу.

      5. Для проведения оценки должностным лицом, имеющим право назначения на государственную должность и освобождения от государственной должности служащего корпуса "Б" (далее - уполномоченное лицо), создается Комиссия по оценке (далее - Комиссия), рабочим органом которой является аппарат маслихата Павлодарской области (далее – аппарат маслихата).

      Состав Комиссии определяется уполномоченным лицом. Количество членов Комиссии составляет не менее 5 человек.

      6. Оценка проводится по двум отдельным направлениям:

      1) оценки достижения КЦИ;

      2) оценки компетенций служащих корпуса "Б".

      7. Результаты оценки выполнения КЦИ являются основанием для принятия решений по выплате бонусов, поощрению, ротации, понижению в государственной должности либо увольнению.

      Результаты оценки компетенций являются основанием для принятия решений по развитию у служащего корпуса "Б" необходимых компетенций. При этом, результаты оценки компетенций не влияют на выплату бонусов, поощрение, ротацию, понижение в государственной должности либо увольнение.

      8. Документы, связанные с оценкой, хранятся в аппарате маслихата в течение трех лет со дня завершения оценки.

Глава 2. Порядок определения КЦИ

      9. КЦИ определяются непосредственным руководителем в индивидуальном плане работы административного государственного служащего корпуса "Б", составляемого в течение 10 рабочих дней после начала оцениваемого периода по форме, согласно приложению 1 к Типовой методике.

      10. После формирования индивидуального плана работы, с соответствующими КЦИ, он вносится на рассмотрение вышестоящему руководителю для утверждения.

      11. Вышестоящий руководитель возвращает индивидуальный план работы на доработку в случае несоответствия КЦИ требованиям, указанным в пункте 12 настоящей Методики.

      Повторное внесение индивидуального плана на рассмотрение вышестоящего руководителя осуществляется не позднее 2 рабочих дней после направления на доработку.

      12. КЦИ являются:

      конкретными (точно определяется результат с указанием ожидаемого положительного изменения, который необходимо достичь);

      измеримыми (определяются конкретные критерии для измерения достижения КЦИ);

      достижимыми (КЦИ определяются с учетом имеющихся ресурсов, полномочий и ограничений);

      ограниченными во времени (определяется срок достижения КЦИ в течение оцениваемого периода);

      ориентированы на реализацию стратегических целей государственного органа.

      13. Количество КЦИ составляет 5.

      14. Индивидуальный план хранится у главного специалиста организационного отдела аппарата маслихата Павлодарской области, в должностные обязанности которого входит ведение кадровой работы (далее – главный специалист организационного отдела).

Глава 3. Порядок оценки достижения КЦИ

      15. В целях осуществления контроля достижения КЦИ, предусмотренных индивидуальным планом работы, непосредственным руководителем осуществляется ежеквартальный мониторинг достижения установленных КЦИ.

      По итогам ежеквартального мониторинга непосредственным руководителем представляются письменные рекомендации оцениваемому служащему корпуса "Б" по достижению КЦИ и необходимым для этого дальнейшим мерам.

      16. Для проведения оценки непосредственный руководитель служащего корпуса "Б" заполняет лист оценки по КЦИ по форме, согласно приложению 2 к Типовой методике, и подписывает его.

      17. Оценка реализации индивидуального плана работы осуществляется по итогам года, на который составлялся индивидуальный план работы, на основе оценки достижения КЦИ в следующем порядке:

      при достижении всех КЦИ ставится оценка "превосходно";

      при достижении 4 из 5 КЦИ ставится оценка "эффективно";

      при достижении 3 из 5 КЦИ ставится оценка "удовлетворительно";

      при достижении менее 3 из 5 КЦИ ставится оценка "неудовлетворительно".

      Достижение КЦИ предусматривает полное исполнение предусмотренных индивидуальным планом показателей.

      18. После заполнения оценочного листа непосредственным руководителем, он вносится на рассмотрение вышестоящему руководителю.

      19. По итогам рассмотрения оценочного листа служащего корпуса "Б" вышестоящим руководителем принимается одно из следующих решений:

      1) согласиться с оценкой;

      2) направить на доработку.

      20. Оценочный лист направляется на доработку в случае недостаточности либо недостоверности подтверждающих достижения КЦИ фактов.

      21. Повторное внесение оценочного листа на рассмотрение вышестоящего руководителя осуществляется не позднее 2 рабочих дней со дня направления на доработку.

      22. После подписания вышестоящим руководителем оценочного листа главный специалист организационного отдела не позднее 2 рабочих дней выносит его на рассмотрение Комиссии.

Глава 4. Порядок оценки компетенций

      23. Оценка компетенций осуществляется непосредственным руководителем, по итогам которой заполняется оценочный лист по форме, согласно приложению 3 к Типовой методике.

      24. При заполнении оценочного листа необходимо руководствоваться набором поведенческих индикаторов по каждой компетенции, предусмотренных для категорий государственных должностей корпуса "Б" согласно приложению 4 к Типовой методике. Количество поведенческих индикаторов по одной компетенции составляет не более десяти.

      25. Уровень развития компетенции служащего определяется количеством поведенческих индикаторов, которые проявляются в деятельности служащего в течение оцениваемого периода в следующем порядке:

      1) при проявлении в деятельности служащего 3/4 и более поведенческих индикаторов, предусмотренных определенной компетенцией, ставится оценка "соответствует ожиданиям";

      2) при несоответствии деятельности служащего менее 3/4 поведенческим индикаторам, предусмотренным для конкретной компетенции, ставится оценка "не соответствует ожиданиям" по данной конкретной компетенции.

      26. После подписания непосредственным руководителем оценочного листа главный специалист организационного отдела не позднее 2 рабочих дней выносит его на рассмотрение Комиссии.

Глава 5. Рассмотрение результатов оценки Комиссией и обжалование результатов оценки

      27. Главный специалист организационного отдела формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии и обеспечивает уведомление лиц, осуществляющих оценку, о ее проведении за семь рабочих дней.

      28. Заседание Комиссии считается правомочным, если на нем присутствовали не менее двух третей ее состава.

      29. Замена отсутствующего члена или председателя Комиссии осуществляется по решению уполномоченного лица путем внесения изменения в распоряжение о создании Комиссии.

      30. Решение Комиссии принимается открытым голосованием.

      31. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя Комиссии является решающим.

      32. Секретарем Комиссии является главный специалист организационного отдела. Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.

      33. Главный специалист организационного отдела обеспечивает проведение заседания Комиссии в соответствии со сроками, согласованными с председателем Комиссии.

      34. Главный специалист организационного отдела предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:

      1) заполненные оценочные листы;

      2) проект протокола заседания Комиссии по форме, согласно приложению 5 к Типовой методике.

      35. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:

      1) утвердить результаты оценки;

      2) пересмотреть результаты оценки.

      36. В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку и указывает ее в графе "Корректировка Комиссией результатов оценки (в случае наличия)" протокола.

      37. Результаты оценки утверждаются уполномоченным лицом и фиксируются в соответствующем протоколе по форме, согласно приложению 5 к Типовой методике.

      38. Главный специалист организационного отдела ознакамливает служащего корпуса "Б" с результатами оценки в течение двух рабочих дней со дня ее завершения.

      39. "Ознакомление служащего корпуса "Б" с результатами оценки осуществляется в письменной форме. В случае отказа служащего от ознакомления, составляется акт в произвольной форме, который подписывается службой управления персоналом и двумя другими служащими государственного органа.

      При этом служащим, отказавшимся от ознакомления, результаты оценки направляются посредством интернет - портала государственных органов и/или единой автоматизированной базы данных (информационной системы) по персоналу государственной службы либо системы электронного документооборота в сроки, указанные в пункте 38 настоящей методики.

      40. Обжалование решения Комиссии служащим корпуса "Б" в уполномоченном органе по делам государственной службы или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения. По итогам рассмотрения жалобы уполномоченным органом по делам государственной службы принимается одно из следующих решений:

      1) рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии и пересмотреть результаты оценки служащего корпуса "Б";

      2) оставить без пересмотра результаты оценки служащего корпуса "Б".

      41. Служащий корпуса "Б" вправе обжаловать результаты оценки в судебном порядке.