Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. Павлодар қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 14 қарашадағы "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 1214/26 қаулысының күші жойылсын.
3. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. А. Гладышеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласының әкімі | А. Байханов |
Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы "25" сәуір № 625/2 қаулысына қосымша |
"Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ) азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ ведомстволары жоқ.
3. "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрi және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
6. "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Михаил Исиналиев көшесі, 24.
10. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: Государственное учреждение "Отдел регистрации актов гражданского состояния города Павлодара".
11. Осы Ереже "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ құрылтайшы құжаты болып табылады.
12. "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ мақсаттары мен өкілеттіктері
14. Мақсаттары:
- азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және icкe асыру;
- азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету;
- азаматтық хал актілерін мемлекеттік тipкey мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласында әлеуметтік-экономикалық міндеттер мен қалалық бағдарламалар кешенін әзірлеу және іске асыру;
- азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер жүйесін дамытуға ықпал ету;
- азаматтық хал актілерін тіркеу саласында қаланың өзге де мекемелерімен өзара қарым- қатынастар жасау.
15. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
- құрылымдық, аумақтық бөлімшелерден бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды белгіленген мерзімде сұрату және алу;
- "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардағы жиналыстарға қатысу;
- бөлім қызметкерлерінің біліктілігін жүйелі негізде арттырумен айналысу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек жағдайына қатысты атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз ету.
2) міндеттері:
- басшылықтың тапсырмасы бойынша "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру мәселелері бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар мен өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз қызметін жүзеге асыру;
- "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ құзыретіне қатысты мәселелер бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдардың немесе басшылықтың тапсырмаларын орындау;
- бөлімнің, соның ішінде басқа да құрылымдық және аумақтық, сондай-ақ өзге де бөлімшелердің өзара қарым-қатынас мәселелері бойынша жұмысын ұйымдастыру және оны жетілдіру;
- азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету;
- қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де міндеттер мен құқықтарды жүзеге асыру.
16. Функциялары:
- азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
- өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
- азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша конференциялар, жиналыстар, семинарлар, конкурстар өткізу;
- заңнамамен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;
- азаматтық хал актілері жазбасының қағидаларын бұзу аясындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша құзыретке сәйкес әкімшілік іс жүргізу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3-тарау. "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
17. "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ басшылықты "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
19. "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын сектор меңгерушілері болады.
20. "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Мемлекеттік мекеме туралы Ережені қала әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
2) жауапты қызметкерлердің арасында міндеттерін бөледі, тиісті атқарушы және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттік мекеменің қала бөлімдерімен, ауылдық округ әкімдерінің аппараттарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
4) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс және қала әкімдігінің қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде хабардар етеді;
5) мемлекеттік мекеменің жауапты қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
6) басшы бұйрықтарын шығарады;
7) Мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
8) банк шоттарын ашады;
9) барлық органдар мен ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;
10) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша шаралар қолданады;
11) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша міндеттердің орындалуы үшін дербес жауап береді;
12) заңнамамен және Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, өзіне қатысты жоғары тұрған орталық мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерінде жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
"Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ алқалы органдары жоқ.
4-тарау. "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ мүлкі
22. "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ мүлкі оған меншік иeci берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату
25. "Павлодар қаласының АХАТ бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.