Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 40-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақсу қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Ж. Байбакировке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Дүйсенбинов |
Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы "18" сәуірдегі № 246/3 қаулысына 1-қосымша |
"Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен көзделген құзыреті шегінде Ақсу қаласының аумағында дене шынықтыру мен спорт саласында басшылықты және қызметті үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік мекеменің заңды тұлғасы болып табылады, нышандары мен ерекшелік белгілері (егер болса), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасайды.
6. "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 140100, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Астана көшесі, 60.
10. Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма, жұмыс уақыты сағат 9.00 ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
11. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел физической культуры и спорта города Аксу".
12. "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі тұлғасындағы мемлекет болып табылады.
13. Осы Ереже "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің бюджетінен (шығындар сметасынан) жүзеге асырылады.
15. "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақасттары мен өкілдіктері
16. Мақсаттары:
1) жасына қарамастан, Ақсу қаласында және оның ауыл аймағында дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын халықтың қамтылуын ұлғайту, оның ішінде мүгедектігі бар тұлғалардың бейімделген дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануын қамтамасыз ету;
2) халықтың бұқаралық спортпен шұғылдануы, спорттық инфрақұрылымды дамыту үшін жағдайлар жасау;
3) Ақсу қаласында және ауыл аймағында олимпиадалық, олимпиадалық емес, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және ұлттық спорт түрлерін дамыту;
4) Ақсу қаласында дене шынықтыру-спорт қозғалысын насихаттау, қалың бұқара топтары арасында спортты және спорттық өмір салтын танымал ету мақсатымен ақпараттық жұмысты кеңейту;
5) Ақсу қаласында және ауыл аймағында дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға халықты тарту және ынталандыру;
6) спорттық іс-шаралар қатысушыларының спорт шеберлігін арттыру, спортшылармен спорттық разрядтарды орындау үшін жағдайлар жасау.
17. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
"Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын сұрақтар бойынша мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа материалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
осы Ережемен белгіленген құзырет шектерінде қала әкімдігі мен әкімінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу, оларды қала әкімдігі мен әкімінің қарастыруына ұсыну;
"Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретінің шеңберінде бөлім қызметіне қатысты шешімдер қабылдау;
қала әкімдігі мен әкіміне Ақсу қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелері бойынша, оның ішінде спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша ұсыныстар енгізу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған шарттарда және тәртіпте мемлекеттік қызметтер көрсету;
балансында қызметтік үй-жайлардың болуы, Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасымен қарастырылған шарттарда және тәртіпте қызметтік үй-жайларды ұсыну.
2) Міндеттері:
Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;
азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімдерде "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне келіп түскен азаматтардың өтініштерін қарастыру және олар бойынша қажетті шаралар қолдану;
"Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне берілген құқықтарына және олардың лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттікті жүзеге асыру;
мемлекет меншігінің сақталуын қамтамасыз ету, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсаттарда ғана пайдалану.
18. Функциялар:
1) Ақсу қаласында халықтың бұқаралық спортпен және спорттың ұлттық түрлерімен шұғылдануы үшін жағдайлар жасайды;
2) әкімдікке, қала әкіміне спорттық инфрақұрылымды құру, кеңейту, оның ішінде тұрғылықты жері бойынша және демалыс орындарында халықтың мобильді топтары үшін қолжетімділікті ескерумен, ұсыныстар енгізеді;
3) Ақсу қаласы мен ауыл аймағында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асырады;
4) Ақсу қаласында халықтың әр түрлі топтары арасында спорттық, спорттық-бұқаралық шараларды ұйымдастырады және өткізілуін үйлестіреді;
5) спорттық разрядтар береді:
2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы;
6) біліктілік санаттарын береді:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі;
7) спорт түрлері бойынша қаланың және ауыл аймағының құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
8) Ақсу қаласында ресми спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
9) Ақсу қаласында ресми спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
10) спорт саласында ағымдағы жағдай бойынша ақпаратты жинауды және талдауды ұйымдастырады, дене шынықтыру және спорт бойынша облыстық атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нысанда және мерзімдерде ақпаратты ұсынады;
11) спорт түрлерi бойынша қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
12) спортты дамыту мәселелері бойынша Ақсу қаласы аумағында қалалық дене шынықтыру-спорттық ұйымдарымен өзара әрекеттеседі;
13) Ақсу қаласының спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
14) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін және қалалық спорттық іс-шаралар жоспарын iске асырады;
15) халықпен спорттық жұмыс жүргізу бойынша ауылдық және қалалық нұсқаушылардың жұмысын үйлестіреді;
16) Ақсу қаласында спорттық құрылыстарды салу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді және халық үшін қолжетімділіктерін қамтамасыз етуде көмек көрсетеді;
17) мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын бөлім қызметкерлерімен еңбек қатынастарын ресімдейді;
18) бөлім қызметінің мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғаларды қабылдауды жүргізеді, бөлімге келіп түскен өтініштерді есепке алуды жүзеге асырады және өтініштермен жұмыс жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді.
19) бөлім қызметінің мәселелері бойынша талап-арыз жұмысын жүзеге асырады;
20) "Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 409-бабымен (сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші бөлігімен) қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді қарастыру үшін дене шынықтыру және спорт саласында Қазақстан Республикасының заңнамасының бұзылуы туралы хаттамалар әзірлейді және оларды қарастыру үшін қала әкіміне немесе оның орынбасарларына (құзыреттілік бойынша) жолдайды;
21) бюджеттік бағдарламаларды әзірлейді, "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз ету және өкілеттігін сапалы орындау үшін бюджеттік өтінімдерді әзірлейді, "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатының нысаналы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
22) "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сатып алуларын жүзеге асырады;
23) медициналық қызметкерімен және спорт төрешілерімен спорттық іс-шараларды өткізу бойынша шарттар жасасады;
24) қалалық спорт жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмысын жүргізеді;
25) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
19. "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқару бірінші басшысымен жүзеге асырылады, ол "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындау және өз өкілеттіліктерін іске асыру үшін дербес жауапты болады.
20. "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
21. "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысында орынбасары болуы мүмкін, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
22. "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады, лауазымдарға тағайындайды және босатады;
2) "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін үлестіреді және бекітеді;
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, оларға материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
4) меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынаста, оның ішінде "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің талап-арыз жұмысының істері бойынша "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының негізінде, барлық қызметкерлермен орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
6) "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне енетін сұрақтар бойынша спорттық ұйымдардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен кеңестер өткізеді.
7) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады, өтініштермен жұмысты, оның ішінде мамандандырылған электрондық бағдарламалардың жұмыс істеуін ұйымдастырады;
8) бөлімде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл жасайды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізуді қамтамасыз етеді;
9) қалалық спорт жөнінде үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары болып табылады;
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өкілеттік шегінде басқа функцияларды жүзеге асырады.
23. "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға орындайды.
24. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, өз орынбасарларының өкілеттіктерін анықтайды.
4-тарау. "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
25. "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінде, заңнамада көзделген жағдайларда, жедел басқару құқығында жеке мүлкі болуы мүмкін.
"Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі арқылы, сондай-ақ (ақшалай кірісін қоса алғанда) жеке қызметі нәтижесінде алынған мүлкі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26. "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік қалалық коммуналдық меншікке жатады.
27. Егер заңнамамен өзгеше көзделмесе, "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
28. "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
29. "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында ұйымдар жоқ.
Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы "18" сәуірдегі № 246/3 қаулысына 2-қосымша |
Ақсу қаласы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі
1) Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 қазандағы "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 711/10 қаулысы;
2) Ақсу қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 23 шілдедегі "Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 қазандағы "Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 711/10 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" № 642/5 қаулысы.