Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 - баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 29 маусымдағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 618/7 қаулысының күші жойылсын.
3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі | А. Кантарбаев |
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы "14" маусымдағы № 484/6 қаулысымен бекітілді |
"Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережедер
1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Екібастұз қаласының аумағында ішкі саясат саласындағы (салаларындағы) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.
3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141200, Екібастұз қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, 47а.
10. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
11. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Екібастұз қаласының әкімдігі болып табылады.
12. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
13. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым- қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 -тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері
15. Мақсаттары:
1) мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі қалалық, облыстық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру бойынша Екібастұз қаласының мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру;
2) Жергілікті деңгейде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының оны жүргізуге мемлекеттік тапсырысты орындау жөніндегі қызметін үйлестіру;
3) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіру және насихаттау;
4) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) құқықтары:
- барлық меншік нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерден (келісім бойынша), сондай-ақ қалалық басқармалар мен бөлімдерден мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындау үшін ақпарат, нормативтік және анықтамалық құжаттаманы сұрату және алу;
- мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар шақыру;
2) міндеттері:
- мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің семинарларда, курстарда және оқытудың басқа да түрлерінде біліктілігін тұрақты арттыру;
- Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
- мемлекеттік органдарда, соттарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіру;
- өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
17. Функциялары:
- қаладағы қоғамдық-саяси жағдайдың мониторингін, талдауын және болжамын ұйымдастырады;
- қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жұртшылық өкілдерімен байланыс және өзара іс-қимыл орнатады;
- қоғамдық-саяси тақырып бойынша және атқарушы органдардың жұмысы туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы және баспасөздегі материалдарды, жарияланымдар мен хабарларды талдауды жүзеге асырады;
- қала әкімдігінің тиісті бөлімдері үшін әдістемелік материалдарды, ұсынымдарды дайындауды және консультациялар мен семинарлар өткізуді ұйымдастырады;
- мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімінің, қала әкімінің актілерін орындау бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады;
- жастар саясаты саласындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуді және өңірлік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
- өзекті проблемаларды анықтау және шешу, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін жастардың қажеттіліктеріне мониторинг және бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді;
- қала әкімі мен әкімдігінің Екібастұз қаласының жұртшылығымен және тұрғындарымен ақпараттық байланысын қамтамасыз етеді;
- бұқаралық ақпарат құралдарына шолу және мониторинг жүргізеді;
- жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуді техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
- жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуді техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
- Екібастұз қаласындағы діни жағдайға зерттеу және талдау жүргізеді. Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі уәкілетті органға азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
- миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды есептік тіркеуді жүргізеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізеді;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырад;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
3 -тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
18. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
20. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) өз қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;
4) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің атынан өкілдік етеді;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты ұйымдастырады және дербес жауапкершілікте болады;
7) қазынашылық органдарымен мемлекеттік мекеменің төлемдер жүргізуі бойынша, оның ішінде ақша алушылардың тиісті шоттарына тоқсан сайын салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
21. Мемлекеттік мекеменің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.
22. Мемлекеттік мекеме мен Екібастұз қаласы әкімдігі арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
23. Мемлекеттік мекеме мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
4 -тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
24. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5 -тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
27. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі
Екібастұз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің "Жастар бастамаларын дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Екібастұз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің "Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.