"Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 312/4 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Павлодар облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін тоқтатуды тіркеу туралы" № 39 бұйрығына сәйкес Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 484/6 қаулысымен бекітілген "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге мынадай өзгеріс енгізілсін:

      "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінен алынып тасталсын.

      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Бейсекин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады