"Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № 121 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ереженің негізінде Павлодар облысы Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.

      2. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 тамыздағы "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 204 қаулысы жойылсын.

      3. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Павлодар облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдауды қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Ақтоғай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына міндеттелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Арынов

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "17" мамыр
№ 121 қаулысымен
бекітілді

"Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-сі) Ақтоғай ауданының аумағында ішкі саясат және тілдерді дамыту саласына басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің ведомстволары жоқ.

      3. "Ақтоғай ауданның ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-сі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-сі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140200, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Алин көшесі, 97.

      10. Осы Ереже "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-не кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2-тарау. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мақсаттары:

      1) Ақтоғай ауданы әкімдігінің атқарушы органдарының қызметін үйлестіру жолымен әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салаларда мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс, аудан әкімінің "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің құзыретіне жататын мәселелері бойынша актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

      3) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның Стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарын, Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру және насихаттау;

      4) қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша ауданның атқарушы органдарымен, үкіметтік емес ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктерімен, саяси партияларымен әрекеттесу;

      5) мемлекеттік тілді және ауданда тұратын халықтардың тілдерін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;

      6) аудан деңгейінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру, оның жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз ету;

      7) Қазақстан Республикасының "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы", "Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы", "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңдарын, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді іске асыруды қамтамасыз ету;

      8) санкцияланбаған наразылық акцияларының алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      9) Ақтоғай ауданындағы қоғамдық-саяси жағдайды болжауға бағытталған әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      - аудан әкімдігі, әкімі және жоғары сатыдағы ұйымдардың қарауына ішкі саясат және тілдерді дамыту проблемаларды жедел шешу, дамудың негізгі бағыттары жөнінде ұсыныстар енгізу;

      - заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;

      - "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер өткізу;

      - мемлекеттік органдарда, сотта "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ мүдделерін білдіру.

      2) Міндеттері:

      - "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға консультациялық-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де көмек көрсетеді;

      - бөлімнің құзыретіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасау;

      - тіл саясаты саласындағы қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша аудан әкімдігінің атқарушы органдары мен өзге де ұйымдардың қызметін үйлестіру;

      - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-сі өкілеттіліктерді орындау үшін ауданның өзге де атқарушы органдарымен және қарамағындағы ұйымдармен өзара әрекеттеседі. 15. Функциялары:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін түсіндіру және насихаттау;

      2) аймақта болып жатқан қоғамдық-саяси үдерістерді және олардың даму тенденцияларын жан-жақты және нақты зерделеу, қорыту және талдау;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және жүзеге асырылуын бақылау;

      4) Көрнекі үгіт-насихат құралдары мазмұнының қолданыстағы заңнамаға және Республиканың саяси бағытына сәйкестігін бақылауды іске асыру;

      5) ауданда болып жатқан қоғамдық үдерістерді талдау және реттеу, әлеуметтік зерттеулерді, қоғамдық пікір сауалнамасын жүргізу, әлеуметтік шиеленісу ошақтарын анықтау, Республика, облыс, аудан өмірінің маңызды мәселелері жөніндегі қоғамдық пікірді қалыптастыру;

      6) ауданның жастар саясатын іске асыру жөніндегі жұмыстарын жүргізу;

      7) Ақтоғай ауданының аумағында дінге қатысты мемлекеттің саясатын өз кезігімен жүзеге асыру, діни бірлестіктердің қарым-қатынасын реттеу саласындағы заңнаманы жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      8) ауданның қоғамдық-саяси, діни, жастар, үкіметтік емес бірлестерінің ақпараттық деректер қорын қалыптастыру, жинау, қорыту және жіктеу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;

      9) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этно-мәдени, діни бірлестіктермен, кәсіптік одақтармен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;

      10) халықта Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру бойынша жұмысты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасында мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтарды әзірлеу;

      11) аудандағы отбасы-демографиялық жағдайының мәселелері бойынша жұмысты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасында гендерлік және отбасы-демографиялық саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтарды әзірлеу;

      12) әкімдіктің отырыстарына және аудан әкімі жанындағы мәжілістерге "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің құзыретіне жататын мәселелері бойынша материалдарды, талдамалы жазбахаттарды, әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелерін, ауданда болып жатқан әлеуметтік-саяси үдерістер дамуының динамикасы мен тенденциялары туралы ақпаратты дайындау;

      13) мемлекеттік тілдің жаппай қолдануына бағытталған шараларды қабылдау;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабар алмасуын қарауды қамтамасыз ету;

      15) аудандық деңгейде сыбайлас жемкорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүргізу;

      16) тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

      17) мемлекеттік және өзге де тілдерді дамытуға бағытталған аудандық маңызы бар іс-шараларды өткізеді;

      18) бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс;

      19) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды жүзеге асырады;

      20) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

3-тарау. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-сін басқару "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-не жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшымен жүзеге асырылады.

      17. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.

      18. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-сі басшысының орынбасарлары жоқ.

      19. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-сі басшысының өкілеттігі:

      1) "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-сі туралы Ережені аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің барлық қызметкерлерімен орындалуы міндетті өз құзыретіне кіретін мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      4) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      7) "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      8) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің мүддесін білдіреді;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын көтермелеуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      11) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдерді жасайды;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4-тарау. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      20. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.

      21. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-не бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-сі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-сін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      24. "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-сі таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

      "Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) "Ақтоғай ауданы ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің "Жас Қанат" жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района"

Постановление акимата Актогайского района Павлодарской области от 17 мая 2022 года № 121

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", на основании Типового положения о государственном органе утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений", акимат Актогайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Отдел внутренней политикии развития языков Актогайского района".

      2. Отменить постановление акимата Актогайского района от 19 августа 2019 года № 204 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района".

      3. Государственному учреждению в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию положения в органах юстиции в установленном законодательством порядке;

      2) в течение двадцати календарных дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Павлодарской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Актогайского района после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Актогайкого района.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района К. Арынов

  Утверждено
постановлением акимата
Актогайского района
от "17" мая 2022 года
№ 121

Положение о государственном учреждении "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района" (далее ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района") является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере внутренней политики и развития языков на территории Актогайского района.

      2. ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков района" ведомств не имеет.

      3. ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.

      7. ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района".

      8. Структура и лимит штатной численности ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.

      9. Местонахождение ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района": Республика Казахстан, Павлодарская область, 140200, Актогайский район, село Актогай, улица Алина, 97.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района".

      11. Финансирование деятельности ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района" осуществляется из местного бюджета.

      12. ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района".

Глава 2. Задачи и полномочия государственного учреждения "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района"

      13. Задачи:

      1) реализация государственной политики в социально-экономической, культурной и общественно-политической сферах путем координации деятельности исполнительных органов акимата Актогайского района;

      2) обеспечение выполнения актов и поручений Президента и Правительства Республики Казахстан, акима области, района по вопросам, относящимся к компетенции государственного учреждения "Отдел внутренней политики и развития языков района";

      3) участие в укреплении демократических институтов общества, разъяснение и пропаганда основных приоритетов Стратегии развития Казахстана, ежегодных Посланий Главы государства народу Казахстана, государственных и отраслевых программ и других стратегических документов;

      4) взаимодействие с исполнительными органами, неправительственными организациями, общественными объединениями, политическими партиями района по обеспечению общественно-политической стабильности;

      5) проведение государственной политики в области развития государственного языка и языков народов, населяющих район;

      6) формирование и размещение государственного заказа по проведению государственной информационной политики на райооном уровне, обеспечение контроля за его осуществлением;

      7) обеспечение реализации Законов Республики Казахстан "О противодействии терроризму", "О противодействии экстремизму", "О религиозной деятельности и религиозных объединениях", иных нормативных правовых актов по вопросам обеспечения прав граждан на свободу религиозных убеждений;

      8) осуществление взаимодействия между государственными и правоохранительными органами по вопросам профилактики и противодействия несанкционированным акциям протеста;

      9) проведение социологических и политологических исследований, направленных на прогнозирование общественно-политической ситуации в Актогайском районе.

      14. Полномочия:

      1) Права:

      - вносить на рассмотрение акимата, акима района и в вышестоящие организации предложения по основным направлениям развития, оперативному решению проблем в сфере внутренней политики и развития языков;

      - в установленном законодательством порядке, запрашивать и получать необходимую информацию, документы и иные материалы от государственных органов, органов местного самоуправления и иных организаций;

      - проводить совещания по вопросам, входящим в компетенцию государственного учреждения "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района";

      - представлять интересы ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района" в государственных органах, суде.

      2) Обязанности:

      - оказывать консультативно-методическую, информационную, организационно-техническую и иную помощь государственным органам и должностным лицам по вопросам, входящим в компетенцию ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района";

      - составлять протоколы об административном правонарушении в соответствии с компетенцией отдела;

      - координировать работу исполнительных органов акимата района и иных организаций по применению действующего законодательства в области языковой политики;

      - осуществлять иные права и обязанности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Для выполнения полномочий государственное учреждение "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района" взаимодействует с другими исполнительными органами района и организациями, находящимися в его ведении.

      15. Функции:

      1) разъяснение и пропаганда политики Президента Республики Казахстан, программ Правительства Республики Казахстан, постановлений акиматов области и района, решений и распоряжений акимов области и района;

      2) всестороннее и объективное изучение, обобщение и анализ происходящих в регионе общественно-политических процессов и тенденций их развития;

      3) формирование, размещение и контроль осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на районном уровне в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      4) осуществление контроля за соответствием содержания средств наглядной агитации действующему законодательству и политическому курсу Республики;

      5) анализ и регулирование общественных процессов, происходящих в районе, проведение социологических исследований, опросов общественного мнения, выявление очагов социальной напряженности, формирование общественного мнения по важнейшим вопросам жизни Республики, области, района;

      6) проведение работы по реализации молодежной политики района;

      7) последовательное осуществление политики государства на территории Актогайского района в отношении религии, обеспечение реализации законодательства в сфере регулирования отношений религиозных объединений;

      8) осуществление работы по формированию, накоплению, обобщению и классификации информационной базы данных общественно-политических, религиозных, молодежных, неправительственных объединений района;

      9) осуществление взаимодействия с политическими партиями, неправительственными организациями, этно-культурными, религиозными объединениями, профессиональными союзами;

      10) осуществление работы по формированию у населения уважительного отношения к государственным символам Республики Казахстан, выработка рекомендаций и предложений по вопросам пропаганды и применения государственных символов Республики Казахстан;

      11) осуществление работы по вопросам семейно-демографической ситуации в районе, выработка предложений и рекомендаций по основным направлениям гендерной и семейно-демографической политики в Республике Казахстан;

      12) подготовка материалов на заседания акимата и совещания при акиме района по вопросам, относящимся к компетенции государственного учреждения "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района", аналитических записок, результатов социологических опросов, информации о динамике и тенденциях развития социально-политических процессов, происходящих в районе;

      13) принятие мер, направленных на повсеместное применение государственного языка;

      14) обеспечение в установленном законодательством Республики Казахстан порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц, служебной корреспонденции;

      15) проводить работу по формированию антикоррупционной культуры на районном уровне;

      16) реализует государственную политику в сфере развития языков;

      17) проводит мероприятия районного значения, направленные на развитие государственного и других языков;

      18) работа со средствами массовой информации;

      19) осуществляет формирование антикоррупционной культуры;

      20) осуществление иных функций, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя государственного учреждения "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района"

      16. Руководство ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района" осуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района" задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Руководитель ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района" назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      18. Руководитель ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района" заместителей не имеет.

      19. Полномочия руководителя ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района":

      1) представляет на утверждение акимата района Положение о государственном учреждении "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района";

      2) назначает на должности и освобождает от должностей работников ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района" в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

      3) издает приказы и дает указания по вопросам, входящим в его компетенцию, обязательные для выполнения всеми работниками ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района";

      4) осуществляет личный прием физических лиц и представителей юридических лиц;

      5) утверждает должностные инструкции работников;

      6) осуществляет в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, поощрение работников ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района", оказание материальной помощи, наложение на них дисциплинарных взысканий;

      7) утверждает перспективные и текущие планы работы ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района";

      8) представляет ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков района" во всех государственных органах и иных организациях, независимо от форм собственности, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

      9) назначает на должность и освобождает от должности руководителей подведомственных организаций в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      10) осуществляет в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, поощрение руководителей подведомственных организаций, наложение на них дисциплинарных взысканий;

      11) заключает договоры, соглашения в пределах своей компетенции;

      12) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Исполнение полномочий руководителя ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество государственного учреждения "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района"

      20. ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района" формируется за счет имущества, (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      21. Имущество, закрепленное за ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района", относится к коммунальной собственности района.

      22. ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района"

      23. Реорганизация и упразднение ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      24. При ликвидации ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района" имущество, оставшееся после удовлетворения требований кредиторов, остается в районной коммунальной собственности.

      Перечень организаций, находящихся в ведении ГУ "Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района" и его ведомств:

      1) Коммунальное государственное учреждение "Молодежно-ресурсный центр "Жас Қанат" отдела внутренней политики и развития языков Актогайского района".